Жаңа сабақтар

«Ханталапай» ұлтық ойыны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Өзін-өзі тану маманы: Кульжанова Бакытжамал

Тақырыбы: «Ханталапай» ұлтық ойыны.

Мақсаты:Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың ой жүйесін дамыту, интеллектуалдық, тапқырлық,ептілік, ұстамдылық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Міндеттері :

-Балалардың дағдыларын,танымдық белсенділігін арттыру;

-Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

-Балаларды белгілі ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;

-Ұлттық мәдениет пен дәстүрлер ерекшелігін айқындау;

-Отанына, еліне туған өлкесіне сүйіспеншілік жерін қалыптастыру;

Көрнекілігі:Асықтар, плакаттар, киіз үй жабдықтары,қоржын, ұлттық киімдер,бесік,инетллектуалды тапсырмалар.

Жүргізуші Құметті әріптестер мен қадірлі балалар! «Ханталапай» интеллектуалдық байқауына қош келдіңіздер!

Қазақтар мал баққандықтан, ойындардың көбі малмен байланысты болған. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланған.Асық ойындары-қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойыны баланың жастайынан жүйеке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойын күндіздеде,түндеде ойналады.

Күндізгісі мергендікке,түнгісі ептілікке баулиды.Ендеше бүгінгі «Ханталапай» интеллектуалдық байқауымызды ашу үшін сөз кезегін бала-бақша меңгерушісі: Сатқанбаева.Ж.Т береміз.

Алдымен әділқазылар мүшесін сайлаймыз:

1.

2.

3.

Шаттық шеңбері:

Бақыт деген осы шаттық шеңбері,

Қол ұстасып тұрайықшы кел бері,

Бақыт деген көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін адал жүрек сендегі

Қуанамсын менде, қуанасын сенде

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге

Сәттілік тілеймін бүгінге

Жүргізуші:

1)Қазақтың қандай ұлттақ ойындарын білесіңдер?

(Көкпар, сайыс, қыз қуу, арқан тарту, алтыбақан, ақсүйек.)

2)Ат үстінде ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?

(Көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, ат шабыс.)

3)Аңшылыққа байланысты қандай ұлттық ойындар бар?

(Ақсерек-көксерек, аңшы мен үйректер)

4)Малға байланысты қандай ойын түрлерін білесіңдер?

(Соқыр теке, ақсүйек)

5)Арқанмен ойнайтын қандай ойын түрі бар?

(Арқан тарту)

6)Ханталапай қандай ойын?

(Асықпен ойналатын ойын)

Жүргізуші:Балалар бізге қонаққа Алдар-Көсе келді.

Алдар-Көсе шығады.

Мен Алдармын , алдармын,

Сақалымды талдармын

Сақал түгіл мұртта жоқ

Сендердіде алдармын.

-Сәлеметсіз бе? Балалар, мен бүгін мереке, қызықты ойын өткелі жатыр деп естідім. Сендер менімен қазақтың ұлттық ойынын ойнағыларың келе ме?

Балалар:-Иә

Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанекей, сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.

Алдар ойын шартын түсіндіреді.

Алдар-Көсе: Ендеше ойынымызды бастаймыз. «Талапай-ау, талапай, табылды ойын, алақай» — деп айтады. Балалармен бірге қайталайды. Қоржындагы асықтарды балаларға шашады. Балалар «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға бес асықтан тігіп, ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала, алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай, интеллектуалдық тапсырмалар дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда, өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайшы ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.

Қорытындысында өзінің ептілігімен, тапқырлығымен, сұрақтарға жауап беріп, білімімен көп асық жинаған жеңімпаз балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары бойынша марапатталады.

Балалар жарты шеңберге тұрады.

Біздер шымыр жүйрікте.

Ойынменен шынықтық

Еп қана емес бірлікте

Керек екен соны ұқтық.

Балаларды мадақтау.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Аминова Кумисай

Сабақтың тақырыбы: «Монтессори әлемі»

Мақсаты: Мантессори тәрбиелеу үрдісіне «еркіндік жағдайларын»

жасауды түсіндіру. Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып, жұмыс істеуге дағдыландыру. Ірі -ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Ойларын жинақтап сөйлей білуге үйрету. Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, қызығушылығын ояту. Баланың көру, есту, дәмін сезу т.б сезім мүшелерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: тыныштандыру жаттығулары, ойындар, құрастыру.

Көрнекті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, дәнді дақылдар, жемістер, мозайкалар, қайшылар, ыдыстар, су, сабын, сүлгі, гүлдер, қарындаштар, альбом, қуыршақ, құрылысшы, әр түрлі құрастырулар, моншақтар, баулар, қысқыштар, пазлы, киімдер.

Барысы : Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Ендеше, амандасып алайық.

Амандасу :

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырла таң , достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра!

Good morning, good morning,

Good morning to you,

Good morning, good morning,

We are glad to see you!

Тәрбиеші: Енді біз сіздермен бірге айналамыздағы әлем саяхатына шығамыз. Бұл әлем біз көре алатын, тыңдайтын, ұстап сезетін және де басқа адамдарға да әңгімелеп бере алатын әлем.

1 бөлім: Балалар, бір сәт өзімізді көңілсіз сезініп көрейікші. …

  • Ал осы кезде біздің бет әлпетіміз қандай күйде болады екен?

Тәрбиеші: Ендеше, балалар бір-біріміздің көңіл – күйлерімізді көтеруге мына сиқырлы қоңырау көмектеседі.

Осы қоңырауды жалғастыру арқылы сіздер бір-бірлеріңізге жақсы, жылы тілектеріңізді айтасыздар. Ендеше мен бастайын, сіздер жалғастырасыздар. Бұл ойын «қоңырау» ойыны деп аталады.

Мыс: — Сен ақылдысын, мейірімдісің, сүйкімдісің, мырзасың, жомартсың, көркемсің, әдемісің, тапқырсың, қайырымдысың, қымбатсың, т.б.

Тәрбиеші: — Ал, балалар, достарыңнан жақсы тілектер есту ұнады ма?

  • Енді, көңіл-күйлеріңіз көтерілді ме?
  • Көңілдіміз, қуаныштымыз!!! (хормен)

  • Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

  • Балалар : Қыс, көктем, жаз, күз.

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Балалар: Көктем мезгілінде үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр.

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Апта күндерін атау.

Жарайсыңдар балалар , олай болса біз бүгін мантессори аймағында өзіміге ұнаған жұмыстармен айналысамыз.

2 бөлім: Еркін жұмыс.

1. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар:

  1. Бөлме гүлдерін баптау.
  • Дәнді дақылдармен жұмыс.

  • Қайшымен жұмыс.

  • Кір жуу.

  • Ыдыстар жуу.

  • Жемістерді кесу.

  • Баулар байлап, ілгек тағу.

  • Лейкадан суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю жаттығулары.

  • 2. Сенсорлық даму аймағы:

    1 . Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыру (поезд, тауық, түйе , пирамида).

    1. Моншақтар тізу.
  • Геометриялық фигуралардан белгілі бір композицияны құрастырып шығару.

  • 3. Математикалық аймақ:

    1. Сандарды ретімен орналастыру.
  • Бірден беске дейін санау.

  • Заттардың биіктігін, ұзын, қысқа, салмағы, түр -түсін, үлкен — кіші қасиеттерін ажырату.

  • Тіл дамыту аймағы:

    1. Сурет салу, сырлау.
  • Көкөніс суреттерінің қиындыларын тауып , ретімен орналастыру.

  • 3, Қанқызды құрастыра отырып, жіпті өткізіп байлау.

    4. Ғарыш аймағы:

    1. Зымыран, ұшақты қиындылардан құрастыру.
  • Қыстырғыштан күн , бұлт жасау.

  • Жұмыс қоңырау үнімен аяқталады. Балалар бәрі бір шеңберге жиналады

    Сергіту сәті: Музыкамен.

    Қорытынды:

    Тәрбиеші: Қандай аймақтарға барғанын, немен шұғылданғанын сұрайды.

    Міне, балалар, осымен біздің айналамыздағы әлем саяхаты аяқталды.

    Балаларды мадақтайды. Сау болыңыздар!!! (үш тілде)

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.