Жаңа сабақтар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мат ематика пәнінен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімд і жоспарлаудың қағидалары мен тәсілдері

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабулақ ауылы

Шестаков атындағы орта мектебі

Математика пән мұғалімі: Кыдырмолдина Бакытгул Найманбаевна

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша матаматика пәнінен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың қағидалары мен тәсілдері

Мақсаты:
Оқу үрдісінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша матаматика пәнінен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың қағидалары мен тәсілдерін енгізудің әдістемесін жетілдіру арқылы, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін, қабілеттерін шыңдау; оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Семинарға қатысушы мұғалідерді сүреттер арқылы 5 топқа бөлү.( әр топқа тапсырма беру). Жұмыс барысында әр топ өзіне тиесілі сұраққа жауап береді.

Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар

Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақ – табысты сабақтың алғы шарттарының бірі. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?

1топқа тапсырма. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?

Мұғалім алдымен дайындық жұмыстарын жасайды:

  • оқу бағдарламасындағы, тізбектелген сабақтар топтамасындағы осы сабақтың орнын белгілейді;
  • оқу мақсаттарына байланыста сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды;
  • тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді;
  • өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды.

Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі әрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады:

  • Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);
  • Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);
  • Оқу материалының мазмұнын саралау;
  • Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау;
  • Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау;
  • Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау;
  • Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау;
  • Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу;
  • Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т.б.

Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен оқушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және оқушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады.

Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес.

Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.

Сабақ құрылымы.

Белсенді оқытудың мәні – оқу үдерісі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында.

Қазіргі кезде белсенді сабақ ұйымдастыруда Дэвид А. Колб (David Kolb) ұсынған келесі схема кеңінен қолданыс табуда:

(Слайд2)

1.Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау – сабақ уақытының 10 % үлесі

  1. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі
  2. Жаңа материалды игеру — сабақ уақытының 50 % үлесі

  3. Бағалау – сабақтың 10 % үлесі

  4. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) — сабақтың 10 % үлесі.

(Слайд3) Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне түсініктеме:

Уәж туындату – сабақтың бастапқы кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру және сабақта үйренетін білімнің қажетті және пайдалы болатынын көрсету. Оқушылардың ішкі уәжі олардың оқу материалын жақсы игеруіне тікелей әсер етеді. Бұл кезеңде оқу мақсатын оқушылардың түсінуіне жағдай жасалады.

Бекіту – қызығушылық және материалды меңгерудің тиімділігін көтерумен қатар оқушылардың санасында пән бойынша оның білімінің бірізді логикалық құрылымның қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды кезең.

Жаңа материалды игеру – оқушылар жаңа білім алатын негізгі кезең. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың қажетті білім, білік-дағдыларды игеруін қамтамасыз ететін жаттығулар мен тапсырмалар дайындауы керек.

Бағалау – сабақтың маңызды ынталандырушы бөлімі. Бағалау икемді, көрнекті және әділ болуы керек, осындай жағдайда ғана бағалау арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Бағалаудың дұрыс болмауы оқушының пәнге қызығушылығын жойып, оқуға ынтасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бағалау кезеңі тексеруге емес, оқушыларды ынталандыруға бағытталғаны маңызды.

Дебрифинг – сабақты қорыту, кері байланыс алу, сабақтың соңғы кезеңі. Мұнда мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын және ұнамағанын сұрайды, сабақ бойынша оқушылардың ұсыныстарын жинайды және сабақты қорытып, игерген білімді оқушылардың әрі қарай өз бетінше тереңдетуіне бағыттайды.

Сабағының ерекшелігіне байланысты кезеңдерге бөлінген уақытты мұғалім өз шеберлігіне байланысты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезге дейін жинақталған тәжірибе берілген үлгінің тиімді екенін көрсетеді. Бұл модель сабақта әдетте қолданатын үш кезеңмен үйлеседі:

(Слайд4)

1-кезең: Уәждеу және жаңа тақырыпты жариялау, өткен сабақты бекіту (қайталау) – 30%

2-кезең: Жаңа материалды меңгеру – 50%

3-кезең: Бағалау және сабақты қорытындылау – 20%.

2 топқа тапсырма: Сәтті сабаққа қойылатын талаптар .

  • Жеке сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы маңызы мен орны белгіленуі;
  • Оқу мақсаттарының және оған жету қадамдарының нақты анықталуы
  • Оқу бағдарламасының талаптары мен сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды сабақтың болуы;
  • Сабақтың жекелеген кезеңдерінде және сондай-ақ бүкіл сабақ бойында оқушылардың меңгерген білік дағдылары мен білім деңгейлерінің жоспарлануы;
  • Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, дамытуға негізделген оқу құралдары мен әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдау;
  • Сабақта оқушының жеке жұмысы мен бірлескен оқу үлгілерін тиімді қолданылуы;
  • Оқушының өз бетінше білімді игеруіне барлық мүмкіндіктің қарастырылуы;
  • Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қажеттілігінің ескерілуі;
  • Сабақта дидактикалық қағидаттардың жүзеге асуы;
  • Сабақта оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуы;
  • Сабақта жедел кері байланыстың жүзеге асуы;
  • Сабақта жоғары қарқын және белсенді үдерістің болуы;
  • Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күйдің болуы;
  • Сабақта қауіпсіз ортаның,жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуы.

3топқа тапсырма:Сәтті сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар .

Табыстылыққа ұмтылу – оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын-ала болжауға да мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс.

Оқудың табыстылығы пәнінің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен оқушыларға деген сүйіспеншілігінің де маңызы зор. Егер оқушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер оқушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса – сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге ғана қатысты нәрсе емес, оқушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір оқушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.

4 топқа тапсырма: Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттар.

Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;

Серіктестік қағидаты: оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір-бірімен түсініп, бірігіп әрекет жасауы, бірін-бірі қолдауы;

Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;

Толеранттық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына қолайлы орта жасау;

Шыдамдылық қағидаты: қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық сабырлық жасау.

5 топқа тапсырма: Нәтижеге бағытталған сабақтың табысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант «Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді анықтайды (www.cpm.kz):

  • сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі;
  • оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы;
  • оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы;
  • оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі;
  • оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану;
  • сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану.

Табысты саббаққа оның тиімділігі тұрғысынан келесі талаптар қойылады:

  • сабақтың өне бойында әрбір оқушының белсенді танымдық әрекетте болуы;
  • жаңалық ашу арқылы оқудың ұйымдастырылуы;
  • сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетеуі;
  • сабақта оқушылардың танымдық әрекетке ынталануы;
  • сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы (басқаруы) және рефлексия жасауы
  • сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың және шығармашылық тапсырмалардың болуы;
  • оқу мақсаттарына қол жеткізу, т.б.

Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету – мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Осы салада зерттеушілер тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін келесі проблемаларды анықтаған:

  • сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;
  • сабақта уақытты тиімді қолданбау;
  • проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану;
  • сабақта АКТ тиімді қолданбау;
  • барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;
  • сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мін бермеу;
  • сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;
  • теориялық материалдың қажеттігін бағалай алмау;
  • жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;
  • оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;
  • оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.

Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі – сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.

Сабақжоспарлауғаарналғанəдіс-тəсілдер

Алдымыздасабағыңызғақосуғаболатынбірқатаройларұсынылған.Алайдабұлтізімұсынымдықсипатта,сондықтаноныосыбағыттағыжұмыстыəріқарайжалғастыруғажəнедамытуғанегізретіндесанағандұрыс.

Ерекшебілімберуқажеттіліктері(ЕББҚ)бароқушылар.

ОқушынынесебептіЕББҚдепдаралаукерек,олардыңоқуынакөмектесуүшінбіріншікезектеқандайəдіс-тəсілдерді қолданасыз.

Дарындыжəнеталанттыоқушылар.

Күтілетін деңгейден жоғары деңгейде жұмыс істейтіноқушыларды анықтаңыз.Олардыңоқуынкеңейтуүшінбіріншікезектеқандайəдіс-тəсілдердіқолданасыз.

Сауаттылық.

Жоспарыңыздағыбарлықжаттығуларғашолужасап,əржаттығудыңсауаттылықпенбайланысынбелгілеңіз.

Сыныптағыпікірталаспенкерібайланысорнатубарысындаоқушылардыңауызшажауапберудағдыларындамытуды назарда ұстаңыз.

Сабақтыбастауғаарналғанидеялар

Ширатужаттығуларыныңмақсаты–сабақтақырыбынабайланыстыоқушылардыңқызығушылығынтуғызу.

Артығыналыптаста Оқушыларғасөздернемесесуреттержинағын(сабақтақырыбыменбайланысты)көрсетіңіз.Оларқайсөзнемесесуретқалғандарынақатыстыемесекенінанықтауыкерек.
Бұлжауабыболса,ондасұраққандайболады? Оқушыларғасөйлемдерберіп,жауапретіндеосысөйлемдердіалуүшінсұраққандайболатынынанықтаудысұраңыз.
Суреттер:Неболды? Оқушыларғасуреткөрсетіңіз.Оқушыларсуреттенеболыпжатқанынжəнеоныңсебебінтүсіндірулеріқажет.
Сөздітап Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып,онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табуы керек.
Бинго 3×3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
20сұрақ–иə-жоқдегенжауап Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады.Алайдасұраққойылыпжатқанадам«иə»не«жоқ»депқанажауапбереді.Мысалы,оқушы бір физикалық ұғымды жасыруымүмкін,алсыныптыңқалғанбөлігі қасиеттерін атау арқылыоның қандай ұғымекенінтабуыкерек.
Айырмашылығынеде? Оқушыларға екі түрлі мәтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
Құпиязат Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəнесабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.
Қазынаіздеужолында Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз.

Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті жəне қажет емес ақпараттыажыратудысұрауыңызғаболады.

қатысты10сөздіатаңыз Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.
Сəлемдемежіберіңіз Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.

Сабақтықорытындылауғаарналған идеялар

Сабақтыңсоңындабүкілсыныпорындайтынжұмыстыңмақсаты–оқубойыншақорытындыжүргізу,оқудыбіріктіру,келесідеңгейменбайланыстыружəнеолардыңқалайоқитынынбелгілеу.

Сыныптаншығубилеті Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
Жұмбақсөздер Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететіноқушыны таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.
Ыстықорындық Өтілгентақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, формуланы, геометриялық фигураны, т.с.с. (мысалы, пирамида) сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптыңқалғанбөлігібұл«кейіпкерге»кезекбойыншасұраққояды,алолсолкейіпкерсияқтыжауапберуікерек.
Миыңныңсуретінсал Оқушылармидыңсуретіндəптергесаладыда,онысабақкезіндемеңгергенбілімдерінбілдіретінсөздерментолтырады.
Тізбектеннетүсіпқалған? Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды сұраңыз.Мысалы, жанама –түзу, транспортир –?
Бірминут Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
Қатырылғанжақтау Оқушылар физикалық тұрғыдан нені меңгергендерін драмалық көрініс жасай отырып, көрсету үшін шағын топта жұмыс істейді.
5-5-1 Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлемжазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
Хабарлама Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндікхабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.
Əріптестер Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз.

Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

Байланысқаноқу Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз.

Келесі оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды пайдаланады.

Талқылаутəсілдері

Оқушыларғажазуменоқубойыншатапсырмағаберілетінуақытсияқтыауызшапікірталасқаберілетінуақыттамұқиятқұрылымдалуыкерек.Төмендеталқылаудықұрылымдауғакөмектесетінəдіс-тəсілдертізіміберілген.

Төртбұрыш Əр бұрышқа əртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерінің

жауаптарынажақынбұрышқабарыптұраалады:мысалы,толықтай келісемін,келісемін,келіспеймін,толықтайкеліспеймін.

Сократ шеңбері Екі шеңбер,бірініңішіндебірі.«Ішкішеңбердегі»оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылыталқылайды,ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмасуына болады.
Шеңбергежиналатынуақыт Оқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып ортасына

қояды.Тақырып/сұрақ/сөйлемберіледі,оғаноқушыларжауапберукерек.Алайдаоларбелгіленгензаттыұстаптұрмаса,сөйлейалмайды.Бұлтапсырмадамұғалімбарлықоқушыныңбіркісідейқатысыпотырғанынакөзжеткізуүшінқатаңтүрдебақылайды,сондай-ақоқушыларғақайкездесөйлеукеректігінеқатыстыөздерініңшешімқабылдауынамүмкіндікбереді.

Попкорн Оқушыларсыныптағыауызшакерібайланыстыбасқарады,қайкездеорнынантұрыпжауапберукерекекендігіншешеді.Егербірнешеоқушықатартұрса,ондаоқушылар

кімніңбіріншіболыпсөйлейтініншешуіқажет.

ТӨДК Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушыларберілген пікірдіТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешуі қажет, ал мұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін бір оқушыны таңдайды.

Ұзақ мерзімді жоспардың үлгісі

І тоқсан ____апта
Бөлім Бөлімше Оқу мақсаттарының саны
Бөлім саны Бөлімше саны
IІ тоқсан ____апта
Бөлім Бөлімше Оқу мақсаттарының саны
Бөлім саны Бөлімше саны
ІII тоқсан ___ апта
Бөлім Бөлімше Оқу мақсаттарының саны
Бөлім саны Бөлімше саны
ІVтоқсан ___ апта
Бөлім Бөлімше Оқу мақсаттарының саны
Бөлім саны Бөлімше саны

Сабақ жоспарының үлгісі

Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарларын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақтың мақсаты Сабақмақсатынанықтаңыз. Олароқумақсаттарымен (ОМ) бірдейнемесеОМұзақмерзімдісипаттаболғанжағдайда, осысабақүшінбейімделуімүмкін (егероқумақсатынажетуүшінбірнешесабаққажетболса)
Бағалау критерийі Құжаттан бағалау критерийін табыңыз. Таңдалған ОМ үшін ресми бағалау (РБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар. РБ үшін іріктелмеген ОМ үшін өз критерийлеріңізді құрыңыз.
Тілдік мақсаттар Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Құндылықтарға баулу Оқу бағдарламасында көрсетілген құндылықтарды, осы сабақ арқылы баулуға бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

құндылықтарға баулу … арқылы іске асырылады (қызметті және/ немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыс Әріптесіңізбен сабақтағы пәнаралық байланысты талқылаңыз немесе бастапқы дереккөзге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық байланыс қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекеттер және/ немесе мазмұн арқылы).

Тақырып бойынша алдыңғы білім Оқушылар нені біледі және осы сабақтың алдында нені білулері керек? (негізгі түсініктер, деректер, формулалар, теориялар)

Сіз тақырыпқа қатысты ілгеріден білетін біліміңізді қалай тиімді пайдалана аласыз?

Қысқамерзімдіжоспарлау

Жоспарлау барысында төмендегі мəселелер туралы ойланыңыз:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Бұл–сіздіңсабақжоспарынжасаудағыкөмекшіңізболыптабылады;көрсетілген тармақтардыңкөпшілігіоқужоспарыныңкезкелгенбөлімібойыншасіздің сабақтарыңыздыжоспарлауда пайдалыболуымүмкін.

Сабақтыңмақсаты:

Мынамəселелерге назар аударыңыз:

  • Сабақтыңбасындаширатужаттығуларынжүргізугеарналғаноқумақсаттарын, сабақтыңнегізгібөлімінеарналғаноқумақсаттарыналдыналашешіпалыңыз.Оқу жоспарында тиісті нұсқаулықтар берілген.
  • Кейбір мақсаттар бірнеше мақсатқа бөлінуі мүмкін.
  • Сабақ барысында пəнге сай қандай тілді жəне шартты белгілерді қолданатыныңыз жөнінде ойланыңыз.
  • Бір немесе бірнеше мақсаттар бірнеше сабақтың тақырыбы болуы мүмкін.
  • Жұмысыңыздың бөлімдерін жүйелі ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.
  • Əрбір мақсатты сабақтың негізі үшін пайдалануға тырыспаңыз.
  • Өзіңіздің сыныбыңызға/тобыңызға қандай мақсаттар сай келетіндігін түсіну үшін орта мерзімді жоспарды пайдаланыңыз.

Оқушыларғатөмендегідеймүмкіндік ұсыныңыз:

  • математикадан түрлі тəсілдер арқылы ойша есептеуге жəне сандық фактілерді жылдам еске түсіруге жаттығу;
  • белгілі фактілердің арасынан жаңа фактілерді алу жəне пайдаланылатын əдіс- тəсілдерді түсіндіру;
  • алдыңғы əдіс-тəсілдердің негізінде құру жəне оны əрі қарай дамыту;
  • оқушылардың есінде жылдам қалатын фактілерді анықтап, оларды қандай тəсілмен орындау керектігін талқылау;
  • пəн аясында сөздік қорды қалыптастырып, пән бойынша лексика мен терминдерді дұрыс қолдану.

Ойша жəне ауызша орындалатын ширатужаттығулары(сабақтың басында):

  • нақты əрі жылдам қарқынмен бастаңыз;
  • оқу мақсаттарына сай келетін тапсырмаларды таңдап алыңыз (олар кейде сабақтың негізгі бөлімімен байланысты болуы да мүмкін).
  • апта бойы түрлі қысқаша ауызша жəне ойша орындалатын жаттығуларды жоспарлаңыз;
  • сыныпқа қоятын бірнеше ашық жəне жабық сұрақ дайындаңыз;
  • барлық оқушылардың сабаққа қатысып отырғанын көріп тұру үшін оларға көрінетіндей жерде тұрыңыз (отырыңыз);
  • жеке оқушыға/ жұпқа/ топқа нақты сұрақ қойыңыз;
  • оқушылардың ілгерілеуін белгілеп отыру үшін олардың жауаптарын пайдаланыңыз;
  • сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарыңыз (ресурстар, материалдар) үнемі қолжетімді жерде əрі дұрыс əзірленген болсын, мысалы, сандық карточкалар;
  • жоспарланған уақыттан ауытқымаңыз жəне сабақтың келесі бөліміне бірқалыпты ауысып отырыңыз.

Негізгі жаттығулар(сабақтың ортасында)

Сабақтың бұл бөлімінде Сіз:

  • жаңа тақырыпты енгізе аласыз;
  • алдыңғы жұмысты бекіте немесе тереңдете аласыз;
  • түсініктер мен дағдыларды пайдалана немесе қолдана аласыз;
  • оқушылардың сіз оқытқандардың ішінен нені үйренгенін бағалай аласыз.

Негізгі жаттығудыорындау барысында Сіз:

  • сыныптағы оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын (олардың нені меңгеретінін, неге үйренетінін) нақты əрі анық түсіндіріңіз;
  • алдыңғы сабақпен немесе басқа сабақтармен пəнаралық байланыс жасаңыз;
  • оқушыларға не істеу керектігі жəне оған қанша уақыт кететінін, жалпы пікірталасқа дайын болу үшін не қажет екенін жəне оны қалай ұсыну керектігі туралы айтып отырыңыз;
  • сабақты жүргізу қарқынын қадағалаңыз жəне жұмысты (тапсырмаларды) аяқтау мерзімін белгілеп отырыңыз.

Бүкіл сыныппенжұмыс істеу барысында:

  • қолданатын ресурстарды барлық оқушылардың көріп отырғанына көз жеткізіп барып, көрсетіңіз жəне түсіндіріңіз;
  • алдын ала жоспарланған сұрақтардың көмегімен оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынталандырыңыз;
  • ерекше көмекті қажет ететін оқушылардың ресурстармен қамтамасыз етілгендігіне немесе сыныптасының (мұғалімнің) көмегін алатындығына көз жеткізіңіз;
  • оқыту тəсілдердің бірі ретінде оқушылардың қателерін тауып, дұрыс түсінбеген жерлерін анықтап түзетіңіз жəне түсіндіріңіз;
  • жаңа сөздерге, ұғымдарға, түсініктерге немесе терминдерге назар аударып, олардың мəн-мағынасын түсіндіріңіз жəне оларды оқушылар өздерінің жұмысында пайдаланатындығына көз жеткізіңіз;
  • оқушыларға есеп шығаруда өздерінің қолданған əдісін бүкіл сыныпқа айтып беруді сұраңыз.

Топтық жұмыс ұйымдастыру барысында:

  • өзіңіз басқара алатын топ құрамын құрыңыз;
  • топқа тапсырманы қалай түсіндіретініңізді жəне ұжымдық жұмыстың немен аяқталатынын алдын ала шешіп алыңыз;
  • саралау əдісін пайдаланыңыз;
  • оқушылардың қызығушылығын жоғалтпайтын əрі көп күттірмейтін тапсырмаларды, жаттығуларды жəне ресурстарды беріңіз;
  • бір немесе екі топпен қарқынды жұмыс істеңіз, олардың арасында арлы-бері жүріп алмаңыз.
  • оқушылар жеке жұмыс істей отырып, өздігінен ресурстарды тауып, жетістікке жете алатындығына көз жеткізіңіз жəне оқушылардың жұмысына кедергі жасаудан аулақ болыңыз.

Жұппеннемесе жеке жұмыс істеу барысында:

  • сыныптағы оқушыларға өзара байланысты (ұқсас) тапсырмалар, жаттығулар немесе проблемалық сұрақтарды беріңіз;
  • сауал қою үшін немесе қолдау көрсету үшін белгілі бір оқушыны таңдаңыз;
  • оқушылардың арасындағы əріптестікті жəне жүргізген талқылауларын ынталандырып отырыңыз.

Бүкіл сыныппен талқылау(сабақтың соңында):

Сабақтыңбұлбөлігінде:

  • оқу мақсатымен байланыс орнатыңыз;
  • оқушылардан өзінің орындаған тапсырмасын, шығарған есебін түсіндіруді, кейде көрсетуді сұраңыз: олардың жұмысын өз қателіктерін түсініп, оларды түзететіндей етіп бағалаңыз;
  • оқушыларға өздерінің жеке мақсаттары туралы естеріне салып отырыңыз жəне жеткен жетістіктерін, табыстарын атап айтып отырыңыз;
  • оқушылардың математикада қолданатын есептеудің түрлі əдіс-тəсілдерінің тиімділігін талқылаңыз;
  • оқушыларға сабақта келтірілген мысалдардан ортақ қорытынды шығаруға көмектесіңіз;
  • зерделенген материалға қорытынды жасаңыз жəне ненің маңызды болғандығын жəне нені есте сақтау қажеттігі жөнінде ойланыңыз;
  • егер бұл сабақ бөлімді аяқтауға арналған сабақ болатын болса, онда алдыңғы білімге назар аударып, үдерістің дамуын қарастырыңыз;
  • меңгерілген дағдылар мен идеялардың көмегімен шешімі табылмай жүрген проблемаларды талқылаңыз;
  • өзге жұмыспен байланыстырыңыз жəне ары қарай орындалатын шараларды талқылаңыз.

Бүкіл сыныппен талқылаубарысында:

  • неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты белгілеңіз;
  • сабақтың негізгі бөлімі жоспарланған уақыттан ауытқымауын қадағалаңыз;
  • оқушылардың өз жұмысын қалай ұсынатынын, көрсететінін мұқият жоспарлаңыз, сондай-ақ оған кететін уақытты да алдын ала жоспарлап қойыңыз;
  • оқушылар материалды түсінгендігіне көз жеткізу үшін қоятын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алыңыз;
  • сабақты аяқтаңыз жəне жетістіктеріңізді бағалаңыз.

Ресурстар

Сіз төмендегілерді орындай аласыз:

  • оқытатын ресурстар туралы ойланыңыз, материалды қалай көрнекілеуге болады? Мысалы,математикасабағындатақтада, флипчарттажəнет.б.сандықосьте100шаршынықалайесептейтініңізтуралы ойланыңыз;
  • сабақ басталмай тұрып, қажетті материалдарды жинастырып, оны пайдалануға дайындап қойыңыз;
  • барлық материалдарыңыз жеткілікті мөлшерде болсын;

сіздің көрсеткен материалдарыңыз оқушылардың оқуына көмектесіп, оны тереңдетуге ықпал етуін ойлаңыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.