Жаңа сабақтар

Экологиялық сауаттылық

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы «№ 6 жалпы орта білім
беретін мектеп» КММ Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімі

Бактиярова Амина Турехановна

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық сауаттылық

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: оқушылардың экология туралы білімдерін толықтыру,тыңдалым материал- дарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру,тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

ә)Дамытушылығы:өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып,олардың танымдық қызығушылық қабілетін және айтылым әрекеті арқылы сөйлеу тілін дамыту.

б)Тәрбиелілігі:табиғатты қорғай алатын,аялай білетін,адамгершілігі мол,ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Қазақ тілінде экологиялық сауаттылық жайлы айтады, сұрақтарға жауап береді, оқылым мәтініндегі негізгі ойды табады, өз пікірін айтады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: болжау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, кері байланыс Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар,бейнекөрсетілімдер,слайдтар,«Желкенді қайық»парақшасы Пәнаралық байланыс: география, Жаңа сөздер:даму, ықпалын тигізу, төмендеуде, өзгерістерге ұшырау, шөлейт, топырақ, бүліну, салғырт қарау

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Психологиялық жағымды орта тудыру.2.Топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Менің қаламның экологиясы» тақырыбында әр топ бейнекөрсетілім дайындау.

III.Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Ғаламтор желісі арқылы «Ауданның экологиялық ахуалы алаңдатып отыр» бейнекөрсетілімді көрсету

Тапсырма-4 Оқылым

Мәтінмен жұмыс

Досым!Қалың қалай?Бүгін теледидардан өте маңызды бір хабар көрдім.Ол хабардың әсер еткені соншалық қолыма қалам алғызды. Сенімен ой бөліскім келді.Өйткені еліміздің болашағы біздің қолымызда ғой. Біз осы экологиялық сауаттылық туралы не білеміз? Оны біз тек қоқыстарды қалай болса солай тастамау деп түсінеді екенбіз.Бүгінгі хабар менің экологиялық сауаттылығымның төмен екенін көрсетті.Мен,шын мәнінде,осы мәселе туралы терең ойланбайды екенмін. Қазіргі кезде ғылым мен техника қарыштап дамып келеді.Бірақ бұл даму биосфераға тікелей ықпалын тигізіп отыр.Жер шарындағы экологиялық жағдай күн сайын қиындап бара жатыр. Байқайсың ба,еліміздің табиғаты да бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Көптеген аймақтарымыз техногенді шөлейттенуі,топырақтың тозуы,су ресурстарының тартылуы,атмосфераның ластануы,ормандардың сиреуі,табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі байқалуда.Тіршілігімізге қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнер- кәсіп апаттары да жиілей бастады.Әрі улы қалдықтардың жинақталуы қоршаған ортаға терең зиянын тигізіп отыр. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық мәселе-қоршаған ортаны қалыпты жағдайда ұстау.Осыған біз қаншалықты үлес қосып отырмыз.Иә,анда-санда сен- біліктерге шығамыз.Өзімізге берілген аймақты тазалап,жинаймыз.Кейде мектептің алдын- дағы гүлдерге ,ағаштарға қараймыз.Менің ойымша,тек осымен шектелетін сияқтымыз. . Біз күнделікті өмірімізде қоршаған ортаны қалайша сақтап қаламыз,не істеуіміз керек деген мәселеге салғырт қараймыз. Экологиялық білім мен тәрбиені қалай беруге болады? Еліміздің табиғатын қалай сақтауымыз керек? Не істесек болады? Жауабыңды күтемін.Ақылдасайық! Еліміздің ертеңі біздің қолымызда.

Тапсырма-6 Жазылым, айтылым

«4 сөйлем» стратегиясы

Тапсырма-7 Тілдесім

«Оқушы үні» стратегиясы

«Экологиялық сауаттылық» дегенді қалай түсіндік?

Мәтін мазмұны арқылы тақырыпты ашу

Тапсырма-4 Жазылым (тақтамен жұмыс)

А) Сөйлем мүшесіне талдау

Күннен-күнге адамзат табиғатқа қаталдықпен қарап,жұмыр жер бетінде табиғаттың құрып кету қаупі тұр. 1866 жылы «экология»терминін неміс биологі Эрнест Геккель ұсынды.

Ә) Сөз құрамына талдау

Экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау,яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Адам баласы -табиғаттың ең ұлы перзенті, ең ұлы қамқоршысы.

«БИНГО» ойыны

3 3 3
4 4 4
5 5 5

Тапсырма-5 Тыңдалым

«Доп лақтыру» әдісі

Ережелерді қайталау

ІV.Сабақты қорытындылау кезеңі:

Кері байланыс «Желкенді қайық»

Бекіту

Табиғатты қорғау-күттірмейтін мәселе.

Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшеліктерін сақтап қалуға үлкен мән беруде.1997 жылы 15 шілдеде “Қоршаған ортаны қорғау”туралы, 1997 жылы 6 тамызда “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар” туралы

заңдар қабылданды және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде.

V.Бағалау кезеңі:

Оқушының жауап беру деңгейіне қарай бағалау.

VІ.Үй тапсырмасын беру кезеңі:

«Менің қаламдағы экологиялық жағдай» тақырыбына шағын эссе жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.