Жаңа сабақтар

«Шалқан» ертегісін сахналау

Ерімбетова Гаухар Төребекқызы

(еңбек өтілі 18 жыл)

2 ересек «Балдәурен» тобы

Білім беру саласы : Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісін сахналау

Мақсаты:Шалқан ертегісін саханалау арқылы балалардың ақыл-ойын , қиялын

дамыту. Өткен сабақты қайталау.Еске сақтау қабілеттерін жеткізу.

ТРИЗтехнолгиясымен жан-жақты ,білімді,құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:«Шалқан» ертегісінің суреттерін,көрініске керекті құралдар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру ,әңгімелеу.

Ертегінің барысы: Залда музыка ойнап тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

Есік қағылады.

Тәрбиеші: Балалар кім есікті қағып тұрған, соны қарайықшы деп есікті ашады.

Балалар: Саламатсыз ба?

Қоянның сөзі: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдемі орманнан

«ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. Орманда сауысқаннан сендердің «Шалқан» ертегісін саханалайды деп естідім.Жолда келе жатып «сиқырлы дорба» тауып алдым.

Тәрбиеші: Қоян,сенің келгенің дұрыс болды. Дәл уақытында келдің ,олай болса балалармен қосылып ертегіні тамашалап, сиқырлы дорбаны ашайық.

Тәрбиеші: Ой балалар сиқырлы дорбадан, біздің оқыған ертегінің суреттері бар екен.Сурет бойынша ертегіні еске түсірейік.

«Бауырсақ» ертегісі екен. Ертегіге тоқталайық. Бауырсақ ертегісін айтайық.

Жеті кейіпкер, дұрыс айтасыңдар .Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті.Шал кемпіріне бауырсақ пісіруді өтінді.Қаптағы соңғы ұнды елеп бауырсақ пісірді.Оны терезенің алдына суытып қояды.

Өте жақсы балалар рахмет.Ертегіде неше кейіпкерлер бар. Жеті кейіпкер,дұрыс айтасыңдар. Енді бәріміз айтайықшы.

( Кемпір,шал,бауырсақ,қоян, аю,қасқыр,түлкі)

Біз енді ақ қоянмен сергіту сәтін жасайық.

Қоян, қоян тұршы,

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы

Ал,енді орныңа отыршы.

«Шалқан » ертегісінің мазмұнын түсіндіру. Қане, балалар енді шалқан ертегісін саханалайық. Ақ қоян сенде біздің балалармен бірге тамашала.

Тәрбиеші: Ерте ,ерте ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Олар үй

шаруашылығына , ата есіктің алдына шалқан егіпті.

Тәрбиеші: Күндердің бір күнінде Шалқан ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде шалқанына тамсана қарайды .

Ата: Ой, бәрекелді , менің екен шалқаным үлкен болып өсіпті ғой. Бәрімізге жететін болды.

Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады.Қой көмекке кемпірімді шақырайын.

  • Кемпірім, кемпірім , көмекке келші,қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел екеуміз бірге тартайық.

Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел

екеуміз бірге тартайық.

Тәрбиеші:Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ

шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым,қызым, бізге көмекке келші.Атаң еккен шалқанды жұла алмай

жатырмыз.

Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.

Тәрбиеші:Сонымен қыз көмекке келіп шалқанды рет-ретімен тартады.Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.

Қыз: Итім,итім көмекке келші.

Ит:Аф-аф-аф көмектес десең көмектесейін.

Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен,қыз кемпрдің етегінен, кемпір шалдан,шал

шалқаннан ұстап әрі тартады, бері тартады , бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит: Мысық ,мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай

жатырмыз.

Мысық: Мяу-мяу , көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен,қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап әрі тартты ,бері тартады, бірақ шал шықпайды.Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық: Тышқан ,тышқан маған көмектесіп жіберші.

Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.

Тәрбиеші: Олар тарта – тарта шалқанды суырып алады.

Тышқан: Менің күшім көп.Мен болмасам шалқанды жұла алмас едіңдер-деп тышқан мақтанады.

Ата: Недеген керемет. Енді бізге біраз азық болатын болды.Енді бәріміз үйге шалқанды алып қайтайық –деп қуанып үйлеріне кетті.

Қоян: Рахмет балалар! Сендер саханада керемет ойнадыңдар. Мен орманға

Қайтайын. Хош сау болыңдар.

Балалар : Сау болыңыз.

Қорытындылау: Балалар сендерге шалқан ертегісі ұнады ма? Ия.

Рөлдерде кімдер ойнады? Шал,кемпір,қыз,ит,мысық,тышқан. Осы ертегіде қандай жануарлар бар? Ит,мысық,тышқан. Дауыстары арқылы дыбыстарын ажырату.

(аф-аф, мяу-мяу, шиқ-шиқ Белсенді қатысқан балалар мадақталады. Ерулан, У.Жансая,К.Жансая,Адиля,Әлжәлел, Нұрсұлтан,Раяна.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.