Жаңа сабақтар

Қол адамға не үшін керек?

Алиева Нагима Алибековна

(еңбек өтілі 5 жыл)

«Күн нұры» екінші кіші топ №1


Білім беру саласы:
«Қатынас», «Шығармашылық»,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту (кіріктірілген)

Тақырыбы: Қол адамға не үшін керек?

Мақсаты: Қол адамға не үшін керек қандай пайдасын барын түсіндіру.

Білімділік:Әлемдегі, айналамыздағы еңбектер мен жақсылықтардың бәрі де адам қолымен жасалатынын айтып, көрсетіп білу.

Тәрбиелік:Үлкендердің еңбегін бағалап құрметпен қарауға өз қолдарымен еңбек ете білуге, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Әңгімелесу, сұрақ қоя отырып балалардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Көрнекілік: (Слайд адамдардың қолдан жасаған жұмыстары көрсетілген),

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады!

Күліп өмір сүрейік!

Өлең сөздерін бірнеше рет қайталайды.
Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау 1.(Көңілсіз музыкамен сайқымазақ келеді.)

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен көңіл күйім болмай тұр.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, Сайқымазақ саған не болды? Сен үнемі көңілді жүруші едің неге көңіл күйің жоқ?

Сайқымазақ: Менің қолымнан ештеңе келмейді. Әдемі сурет салуда, жапсырып құрастыруды да жасай алмаймын. Қол сонда не үшін керек ештеңе жасай алмасам?

2.Тәрбиеші:Сайқымазақ кел, отыра қой көңіл күйіңді түсірме. Біздің бүгінгі сабағымыз осы қол туралы болмақ.Сен де мұқият тыңда. Мысалы мына слайдқа назар аударайық.

(слайдта адамдардың қолдан жасаған жұмыстары көрсетіледі).

1 слайд-

2слайд-

3слайд-

4слайд-

Адамдардың қолынан көп нәрсе келеді екен. Қолмен әлемде болып жатқан өзгерістер мен жақсылықтың барлығы да қолмен жасалады..

міне балалар бұның барлығы қолмен жасайды екен. Адамдар қолдарымен еңбек ету арқылы бір – біріне жақсылық жасайды екен.

Сайқымазақ:Қандай керемет! Қолмен бәрінде жасауға болады екен.

3.Саусаққа байланысты (санамақ айтады)

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар! сендердің қолдарыңнан келетін жақсылық ол папа – мамаларыңның айтқанын тыңдап көмектесу.іні-сіңілі, қарындастарыңа көмектесу және апайлардың берген тапсырмасын ұқыпты орындау. Ендеше мен сендерге дайындаған ойын тапсырмаларым бар орындап көрейкші. Балалар адамдарда неше қол болады? (Оң және сол қол). Қолда не болады? (Саусақтар) дұрыс айтасыңдар.Неше саусақ болады? Оң қолда нешеу? Сол қолда неше саусақ?

Балалар үш орталыққа арналган тапсырмаларым бар. Тапсырманы орындау үшін мына карточкаларды таңдаңдар. (қызыл, көк, сары)

Қызыл карточка- Өнер орталығы

Кок карточка- Құрастыру орталығы

Сары карточка- Көркем әдебиет орталығы

4. Қызыл карточка- Өнер орталығы (Сайқымазақтың суретін бисермен желім арқылы әсемдейді)

Көк карточка- Құрастыру орталығы (Қағаздан оригами тәсілін пайдаланып мысық бейнесін құрастыру)

Сары карточка- Көркем әдебиет орталығы (Е.Пермяктің «Қол бізге не үшін керек» атты әнгімесін қойылым арқылы айтып беру)

Немерелері атасымен дос атасын қатты жақсы көреді.Олар ылғи атасының қасында жүреді.Барлық тақырыпта атасымен сөйлеседі. Бір күні атасы немерелерінен былай деп сұрайды:

  • Балаларым, қол бізге не үшін керек?
  • Ойын ойнау үшін ата – деп жауап береді.
  • Тағы не үшін? – деп сұрады атасы.
  • Тамақ ішу үшін.
  • Мысық ұстау үшін.
  • Киімдерімізді кию үшін т,б.

тек өзінің қолына өз қажеттіліктерін орындауға байланысты ойын айтты. Атасы: немерелерім қол адамдарға тек заттарды ұстау үшін ғана емес, тағы да еңбек ету үшін, және жақсылық жасау үшін қажет — деген екен.

Тәрбиеші:

  • Балалар, әңгіме не туралы айтылған екен?
  • Қол бізге не үшін керек?

(Балалар өз ойларын айтады)

Дұрыс айтасыңдар балалар!

Балалар қолға араналған қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

Көз қорқақ, Қол батыр

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Қолы ашықтың – жолы ашық.

Саусақ бірікпей ине ілікпейді.

Сайқымазақтың қайтуы:

Сайқымазақ: Рахмет балалар! Өте әдемі екен.

Тәрбиеші: Сайқымазақ сен бүгін қолдың не үшін керектігін түсіндің ба? Қолсыз біз ештеңе жасай алмаймыз.Сенің де қолыңнана келетін іс бар ол адамдарды күлдіру, адамдарға қуаныш сыйлау келеді. Ол да үлкен еңбек.

Сайқымазақ:Мен енді түсіндім. Енді балаларды күлдіріп жүретін боламын. (Күлдіретін қимыл жасайды) балалар сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!

Тәрбиеші: Кәне,балалар бойымызды сергітіп жаттығу жасап жіберейік.

Сергіту жаттығуы

«Көңілді күн» әуені

2 ауысым орталыққа отырады

Сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

Қолдың қажет екендігін айтады.

Құралдарды атайды.

Мұқият тыңдап, талап бойынша іс-әрекеттерді орындайды.

Балалар үш орталыққа отырады

Мұқият тыңдап, талап бойынша іс-әрекеттерді орындайды.

Балалар берілген сұрақтарға жауап береді

Қорытындылау және рефлекция Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін біздің сабағымыз не туралы болды?
  • Қандай әңгіме тыңдадыңдар?
  • Қандай суреттерді көрдіңдер?
  • Не жасадыңдар?

Жарайсыңдар балалар, рахмет!

Менің сендерге бір сыйым бар ол сендердің балабақшаға келген кезден бастап, өз қолдарыңмен жасаған әр түрлі заттардан жасалынған жұмыстарыңнан көрме жасадым қараңдаршы

Слайд корсетіледі

Осымен біздің сабағымыз аяқталды . Сау болыңыздар!

Өз пікірлерімен бөліседі. (балалардың жасаған жұмыстары слайдпен көрсетіледі.)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: : Қол адамға не үшін керек қандай пайдасының барын

Игереді: Әлемдегі, айналамыздағы еңбектер мен жақсылықтардың бәрі де адам қолымен жасалатынын

Меңгереді: Әңгімелесу, сұрақ қоя отырып балалардың өз ойларын еркін жеткізе білуді

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.