Ерке төлдер (әңгіме құрастыру)
Тәрбиеші: Изеева Багдагуль Жаксыбаевна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ерке төлдер (әңгіме құрастыру).
Мақсаты:а) Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауды үйрету (бота, ботақандар, құлыншақ, құлыншақтар т.б.).
ә) Сұрақ – жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
б) Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер және құрал-жабдықтар:демонстрациялық материал (үй жануарлары мен төлдерінің суреттері), үлестірмелі материал (үй жануарларының төлдерін табу).
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Билингвальды компонент: үй жануарлары – домашние животные, түйе – верблюд, бота – верблюжонок, жылқы – лощад, құлыншақ − жеребенок.
| Әрекет
кезендері |
Тәрбиешінің
іс-әрекеті |
Балалардың
іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру− шылық – оқытушылық, қызығыту −шылық | Балаларға І.Жансүгіровтың өлеңін оқып беріп, сұрақ – жауап аламын.
Шөре, шөре лағым Тентек болма шырағым. Секеңдемей, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың, − деп нені айтамыз? |
Мұқият тыңдайды.
−Лақты. |
| Ұйымдастыру−шылық-ізденушілік | Демонстрациялық көрнекіліктерді қолдану.
−Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Неге үй жануарлары деп атаймыз? −Қолда ұстайтын, адам күтіп – бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды. Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні , терісі киім. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атайды? −Иә, дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп қозыны қошақан, ботаны еркелетіп ботақан, құлынды еркелетіп құлыншақ деп атаймыз. Үй жануарларының суретін көрсетіп, әңгіме құрастыруын ұсынамын. −Мынау жылқы қандай? Құлын |
Үй жануарларын атайды.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша әңгіме құрастырады. −Жылқы үлкен, құлын кішкентай. |
| кішкентайма?
Билингвальды компонент: үй жануарлары – домашние животные, түйе – верблюд, бота – верблюжонок, жылқы – лощад, құлыншақ − жеребенок. Сергіту сәті. Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтыңдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. (І.Жансүгіров) Үлестірмелі материалдарды таратып беріп, үй жануарларының төлдерін табуды түсіндіремін. Жеке жұмыс жүргіземін. |
Қайталап айтады.
Қимылмен келтіріп жаттығуды орындайды. Үй жануарларының төлдерін тауып, сызықпен қосады. |
|
| Рефлекстік-түзету | −Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?
−Малдардың төлдерін қалай атаймыз? −Сендерді аналарың қалай еркелетеді? |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды.
Игереді: үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті.
Меңгереді: дыбыстарды дұрыс айта білуді.
