Жаңа сабақтар

Жақсының аты өлмейді…

Мен, Танжарбай ағайды 1978 жылы, жоғарғы оқу орынын бітіріп Ново-Сергеевка 8-жылдық мектебіне директор болып тағайындалғанымнан бері білемін. Маған дейін бұл мектепті ағай басқарған екен. 1978 жылы осы мектепке ағайдан кейін келдім. Ағай Ключевой мектебіне ауысты.

Іс-тәжірибесі мол, ұлағатты ұстаз еді. Ағайдан көп нәрсе үйрендім, тәжірибе жинақтадым, ақылшым болды. Екеуміз мектеп басқарып тұрғанда аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Жылгельдин Зәшит ағайдың нұсқауымен 1991 жылы қазақ сыныптарын аштық. Осы ауылда қазақ мұғалімдерінің тапшылығына қарамай бұл ісіміз өрге басты.

Ағай мектепте ғана емес, ауылдағы іс-шаралардың ұйытқысы, басшысы болды «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ақсақалдар алқасының басшысы болды. Жүрген жерінде қазақи әдет-құрып, дәстүрлерді насихаттап жүрді.

1991 жылы ағайдың тікелей басшылығымен осы ауылда сол кезде жаңа салынған ,қазір күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде алғашқы рет «Наурыз» мейрамы өтті. Бұл ұйымдастырылған мереке аудандағы ең мағыналы, үлгілі мереке ретінде танылып, ағай аудан бойынша марапатқа ие болды. Осындай ізгі істердің ұйытқысы болып жүрген шағында 60 жасында дүниеден озды.

Арада 20 жыл өтседе жолдастары, әріптестері жиналған кезде әрдайым еске алып отырамыз. Әкелерің еске алып, Құран бағыштап отырған бала-шағасына айтар алғысым мол. Әкемізбен қызметтес болды деп, мені әрдайым үйлеріне шақырып, төрден орын береді. Менде шамам келгенше қамқор болуға тырысудамын. Азамат пен Ақзат үйленерде шамалы қол ұшымды берген едім. Еңбегім қайтып, балалар үй болып кетті. Азаматтың ұлы биыл мектепті Үздік бітіріп, грант иегері болып, жоғары оқу орнына түсті. Болатбектің қызы «Алтын белгі» аттестатымен бітіріп, грант иегері болып, жоғары оқу орнына түсті. Сұлушаштың немересі күні-кеше Астана қаласында байқауға қатысып «Бас жүлдеге» ие болды.

Осы жетістіктердің бәрінен ағайдың қол таңбасын көремін.

Қуаныш Мукушев, әріптесі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.