Жаңа сабақтар

Пердебай Жарқынай Айдарханқызы

Түркістан облысы Кентау қаласы 30 жылдық ауылы

Молда Мұса жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы

Пердебай Жарқынай Айдарханқызы

Сынып жетекшісі: Кулжанова Эльмира Халбаевна

Тұңғыш президент

Қазақстан нұрды көрем жүзіңдегі,

Қазаққа Алла нұрын себеледі.

Тәуелсіздік бұйырып қазағыма,

Нұрағам президент болған еді.

Жайнап тұрар мінекей қаламызда,

Жайнап тұрар мінекей даламызда.

Бар қазақ үкілеп сенім арқан,

Елбасы тұрғой панамызда.

Арқаға Астананы салып берген,

Қазақтың астанасын әлем көрген.

Астанамыз жарқырап тұр арқадағы,

Сән-салтанат, керемет, дала бағы.

Шетелден келген қандас бауырларым,

Астананы көріп бір тамсанады.

Кірпіш өз қолымен қалап берген,

Айналдым Нұрсұлтандай даңты ерден.

Нұр ағамдай адамға бас иейік,

Жарқыратып Астананы салып берген.

Еңбегін мен түгілі халық көрген,

Алғыс айтып беререм әндетіп мен.

Нұрлы жолға жетелеп қазағымды,

Нұрағам нұрландырар барлық жолды.

Еліміздің болашағы жастарда деп,

Жастарға барша халық сенім арқан.

Сол сенімді ақтауға тырысайық,

Көркейтіп қазағымның бар даласын!

Қазақ тілі

Қазақ тілі тұғырымсың көктегі!

Қазақ тілі айбынымсың жердегі!

Сен болмасаң қалай дүние кешер ем,

Сен болмасаң қалай өмір сүререм.

Қазақ тілі, ана тілім айбыным,

Қазақ тілі, жүрек тілім байлығым.

Қазақ тілі құрмет –тұтам өзіңді,

Қазақ тілі, қазақ тілі жасасын.

Ана

Ана деген аяулы жан ардақты,

Ана деген мейірлі жан шырайлы.

Ақ сүтімен мәпелеген баласын,

Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген.

Ана үшін перзент деген көп байлық,

Сол байлықты мәпелейді әрдайым.

Байлығынан айырылса егерде,

Сол байлықпен жүрегі оның сыздайды.

Баласы үшін бар өмірін қиятын,

Баласы үшін бар байлығын қиятын.

Ана деген жоқтан барды шығарып ,

Баласы үшін бар нәрсесін табады.

Бала үшін де ең қымбат жан анасы,

Перзентті анасы үшін бар өмірін қияды.

«Жұмақ»- деген «ана » аяғы астында,

Сол жұмаққа бару үшін , қадірлейік пәк жанды!

Ұстаз

Ұстаз деген,

Ұлы сөз ғой ұлағатты .

Ұстаз деген,

Ұлы жан ғой ғұламалы.

Бар білгенін аямайды әрқашан,

Біздер үшін үйретеді барлығын.

Ұстаз деген екінші ана біздерге,

Құрметтейік ұстаз деген ұғымды.

Барша ұстаз пенделер,

Құтты болсын мереке!

Астана-бас қала

Астана бейбіт елдің елордасы,

Астана ұлы елдің елордасы.

Астанам гүлдей берші әрқашанда,

Астанам жайнай берші әрқашанда.

Жүрегісің Астана осы елдің,

Тіреп тұрған барша қазақ тілерің.

Астана құтты болсын 20 жыл мерей тойың!

Тағыда қосылсын жиырма жылға 80 жылың!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.