Жаңа сабақтар

«Геометриялық фигуралармен танысу»

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы «№ 24 балабақша» КМҚК

3 «Балапан» ересек тобының тәрбиешісі

Нургабылова Гулзира Масиевна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Таным саласы: «Қарапайым математика»

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндермен таныстыру»

Ересек топ №3 «Балапан»

Тәрбиеші: Нургабылова Гулзира Масиевна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Қарапайым математика «Сиқырлы сандар»

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Тақырыбы: «Геометриялық фигуралармен танысу»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер.

Көрнекіліктер: геомериялық пішіндер, пішіндерге ұқсас заттар.

ҰОҚ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізде ерекше күн.Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық

-Саламатсыздар ма!

-Здравствуйте!

  • Балалар, енді шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп – өніп толамыз,

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға

Жақсылық біз тілейміз.

Тәрбиеші:-Балалар, бізге біреуден хат кетіпті.Хаттығажайып пішіндер әлемінің патшайымы жіберіпті. Кәне ашып оқиық. Саламатсыздар ма, балалар! Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын, сендердің білімдеріңді, ой ұшқырлықтарыңды білгім келеді. Жақсы орындаған балаларға сыйлығым бар.Сендерге сәттілік тілеймін! — деп жазыпты.

Тәрбиеші:— Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:- Иә.

Тәрбиеші:- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:— Пойызбен.

Тәрбиеші:- Жарайды. Ендеше, пойызбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды ойын:«Пойыз» Тіл ұстарту жаттығу.
Қатар, қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы ол пойыздің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу, гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші: — Қане, балалар, тоқтайық. Пыш — ш — ш.

  • Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, пойыздан түсейік. Балалар, мына жерде әдемі сандықша тұр, бұл пішіндер патшаймыныкі болар, бізге хат тастап кетіпті, мен ашып оқиын.

«Саламатсыңдар ма, балалар! Менің әлеміме келгендеріңе қуаныштымын. Менің пішіндеріммен танысып, тапсырмаларымды орындай беріңдер. Мен кешікпей келем»

Пішіндер туралы видео көрсетіледі. Балалар пішіндермен танысады.

Тәрбиеші:-Балалар, енді пішіндер ханшайымының тапсырмаларын орындаймыз ба?

Балалар:-Иә.

1-тапсырма:

1-ден 10-ға дейін үш тілде тура және кері санау.

2-тапсырма:

Жұмбақ шешу.
1)Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

Балалар:-Үшбұрыш

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Қане, үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз. Неге үшбұрыш деп атаймыз?
Балалар: Себебі оның үш бұрышы, үш қабырғасы бар.
Тәрбиеші:- — Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.
2) Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?

Балалар: -Төртбұрыш
— Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
— Маған төртбұрышты көрсетіңдерші, түсі қандай?
3) Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?

-Дөңгелек

-Мына жерде қайсысы дөңгелек? Түсі қандай?
— Өте жақсы.
— Дөңгелек неге ұқсайды?

-Дөңгелектің бұрышы бар ма?

-Үшбұрыш пен төртбұрыштан айырмасы неде?

Балалар жауабы.
— Өте жақсы, жарайсыңдар!

3-тапсырма

Санамақ айту.

Аймира

Бір дегенім – баспақ
Бұзауды жүр бастап.
Екі дегенім ешкі
Ешкі қойдан есті.

Үш дегенім – үйрек

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім – тайлақ

Тайлақты қой байлап.

Бес дегенім – бие
Құлынына ие
Алты дегенім – атан

Мініп жүрген атам

Жеті дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

Сегіз дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір.

Тоғыз дегенім – тоқты
Тоқты жемді соқты.
Он дегенім осы
Төрт түліктің досы.

4-тапсырма: Пішіндер туралы тақпақтар

  • Кім пішіндер туралы тақпақтар біледі екен.

Ринат

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Мадияр
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

Жаухар

Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

5-тапсырма

Тәрбиеші: Бұл тапсырманы орындау үшін төрт топқа бөлінеміз.

Шаршы тобы – пішіндерден бейне құрастырады.

Дөңгелек тобы – пішіндерге сәйкес заттарды тауып, атын атайды.

Сопақша тобы – пішіндерден зымыран құрастырып, жапсырады.

Үшбұрыш тобы – бояуға батыру арқылы пішіндер бейнесін таңбалайды.

-Түсінікті ма, балалар, енді мына пішіндердің ішінен бір-бір пішінді таңдап аламыз да, сол таңдаған пішін тұрған столға барып тапсырмаларды орындаймыз.

Сергіту жаттығуы: «Пішіндер»

(Музыкамен пішіндер Ханшайымы келеді.)

Ханшайым:— Саламатсыздар ма, балалар! (Балалар амандасады)

-Балалар, мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым, барлықтарың тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер. Көп-көп рахмет, сендерге ризамын.

Енді мына сандықшаны ашайық.Бұнда менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Ол үшін құлыптың кілтін табуымыз керек.Оның кілті пішіндерден тұрады. Кім пішіндерді дұрыс тапса құлып ашылады. Кәне, кім табады?

Балалар құлыптың кілтін, пішінді тауып ашады.

Ханшайым:— Жарайсыңдар, балалар, мына сыйлықты апайларыңа берейін, топқа барған соң сендерге таратып береді. Сау болыңыздар!
Тәрбиеші:— Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, пойызға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
Қатар, қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы ол пойыздің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу, гуілде

Қалып қойма біріңде.

Қорытындылау.

Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Қандай пішіндермен таныстық? және т.б.

Балаларға пішіндер патшайымының беріп жіберген сыйлығын беру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Геометриялық пішіндер,оларды пайдаланып түрлі пішіндер пайдаланып түрлі бейнелер құрастыруды.

Игереді:Шапшандықты,бірлесіп жұмыс жасауды

Меңгереді:Пішіндерді түсі,көлемі бойынша анықтауды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.