Наурыз – жыл басы
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
«№24 балабақша»
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: “Наурыз – жыл басы”
Тәрбиеші: Елеусизова А.И.
Тақырыбы: “Наурыз – жыл басы”
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
Міндеті: 1. Балаларға ұлтымыздың наурыз мерекесі және оны көп ұлтты еліміздің
қалай атап өтетінін таныстыру.
2.Балалардың дүние танымын, сөздік қорын көре отырып әңгімелеп беру, ойлау
есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Ұлттық салт-дәстүрлерді білуге, оларды мақтан тұтып тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: наурыз туралы слайдтар.
Мотивациялық қозғаушы
Барысы: Бәйтерек атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып алайық.
Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? (Қыс, көктем, жаз, күз)
Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем мезгілі)
Көктемде қанша ай бар? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем айларында қандай мерекелер бар? (Аналар мерекесі және наурыз мерекесі)
Дұрыс айтасыңдар. 1.Сюжетті суреттер туралы әңгімелеу.
Наурыз туралы тақпақтар.
Абай. Гүлге орап жасандырып, жусан белін,
Ақтарған арындатып думан серін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамың құтты болсын туған елім.
Ақниет. Өлкеме наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап, көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі
Айару. Наурыз келді-жыл келді,тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар, сәбилермен бірге енді,
Наурыз келді, нұр келді, түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар, тойға әзір боп үлгерді.
.
Қарақат. Жер үсті жасарады жаңғырады,
Бар аймақ аңсай күтіп сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән қылады.
Ғажайып сәт. Зере әже келеді. Амансыңдар ма, айналайын бөбектерім.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын. Мен Наурыз тойына “Наурыз көже” алып келдім.Наурыз көже жеті түрлі дәннен жасалады. “Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады” деген сенім бар, сол себепті Наурыз көжеден дәм татсын, жыл бойы тоқ жүсін деген сеніммен көже жасап келдім. Наурызда күн мен түн теңеледі.
Тәрбиеші: Ей ,халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Наурыз тойда айтысып,
Қызыққа бір батайық.
( Қыз бен жігіт айтысы)
Саят. Осы Наурыз тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Назым. Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң көрейін,
Айтысып көр менімен.
Саят. “Бармаймын” деп бақшаға,
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші деп арқаға,
Сұрауыңды қойдың ба?,
Назым. Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге күлесің?
Кәмпит сұрап өзің де,
Күнде жылап жүресің.
Саят. Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша нәрсе болды сол?
Назым. Бес қосу бес болады,
Он деген сан білемін.
Сен дейсің бе саусағын,
Санай алмай жүретін.
Саят. Әділ сөзді жақтаймын,
Ойдан шықса мақтаймын.
Лағындай еліктің,
Сендей құрбы таппаймын.
Назым. Менде әдептен аспаймын.
Достығымнан қашпаймын.
Қанша ақын болсаңда,
Жеңілем деп саспаймын.
Зере әже айналайын балалар екеуіңде мықты екенсіңдер. Өнерлерің тең түсті.
Сегіту сәті. Қара жорға болмаса,
Бидің сәні келер ме?
Қос етек көйлек кимесе ,
Қыздың сәні келер ме?
Мүсіндеу бойынша. (Музыка әуенімен)
Зере әжеге қамырдан күлше күлшелеп береміз. Балалардың күлшелерін бақылап, оларды мадақтау. (Қолдарын сүрту) Зере әже балалармен қош айтысып қайтады.
Дидактикалық ойын: “Сақина салу”
Бұл ойынның шартын түсіндіру.
Мақал-мәтелдер.
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!
Жаңа айдан жақсылық.
“Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым”депті-міс тоқты.
Қорытынды: – Бүгінгі оқу қызметіне қонаққа кім келді?
- Зере әже қандай мереке туралы айтты?
-
Әжеге қандай көмек көрсеттік?
-
Біз қандай ойын ойнадық?
Балаларды бүгінгі оқу қызметі бойынша мадақтау.
Қоштасу. Қол ұстасып тұрайық.
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық.
