Ғажайып қыс
№17 «Алақай» санаториялық ясли-бақша
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану, жапсыру, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: “Ғажайып қыс”
Тәрбиеші: Жалмагамбетова А.К.
Білім беру саласы: Таным шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану, жапсыру, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: “Ғажайып қыс”
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қар мен мұздың суға айналуын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін іс-тәжірибе арқылы бақылату. Дұрыс баяндап, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Билингвизм: қар-снег, қыс-зима.
Көрнекілік: қыс туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: шаңғы, коньки, мұз.
Тақырыбы: “Ғажайып қыс”
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қар мен мұздың суға айналуын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін іс-тәжірибе арқылы бақылату. Дұрыс баяндап, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Билингвизм: қар-сенг, қыс-зима.
Көрнекілік: қыс туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: шаңғы, коньки, мұз.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Қар ханшайымы
Тәрбиеші Қар ханшайымы Қар ханшайымы Тәрбиеші Қар ханшайымы Тәрбиеші Сергіту сәті. Дидактикалық ойын Тәрбиеші Рефлекетік тузетуші |
Балалар бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен сәлемдесейік.
Біз қазақтың баласы, Сәлем сөздің анасы. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қане олай болса шаттық шеңберін құрайшықшы: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. Жарайсыңдар орнымызға отырайық. -Балалар айтыңдаршы: -1 жылда неше мезгіл бар? Шанамен терлеп желетін, Шаңғы, конки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсын? -Қыста неше ай бар? Айларды атап беріңдерші? -1 аптада неше күн бар? -Апта күндерін айтып беріңдерші? Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: “Ғажайып қыс” Балалар сендер білесіңдер ме, -Қысты орыс тілінде қалай айтамыз? Ал,қарды қалай айтады? Дұрыс айтасыңдар. Балалар қыста қар жауады, қардың түсі ақ болады. Күздің соңғы айларында да қар жауады, ол қар қаттылау, сулы, ол жерге түскенде тез еріп кетеді. Ал, қыста аппақ ұлпа қар жауады.Ол қар жұмсақ, әрі ол қардан аққала жасауға болады. Қысқа үлкен дайындық жасаймыз. Өзімізге жылы киім, азық-түлік, отын-су, дайындаймыз. Қыста үйіміз жылы болғаны дұрыс.Тіпті үй жануарларын да өріске жібермей үйде ұстаймыз, жазда дайындаған жем-шөпті жейді. Жабайы аңдардың өзі қыста азықтарын табуы қиынға соғып, індерінде жатады екен. Қыста жылы киім киеміз.Қарды жеуге болмайды, құрамында зиянды микробтар бар. Қыста шанамен сырғанақ ойнаймыз. Шаңғы тебу ойыны да ойналады. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінің бір ерекшелігі бар.Ол ерекшелік: Қар мен мұзға зерттеу жасап көрейікші. Зерттеу жасамас бұрын 2 топқа бөлінеміз. Мына жерден ұлпа қар мен мұздың суретін алып, сол сурет бойынша 2 топқа бөлінеміз. 1 топ: “Ұлпа қарлар”. 2 топ: “Мұздар” Ұлпа қарлар- қарды, мұздар- мұзға зерттеу жасаймыз. Қане, қарды, мұзды ұстап көрейікші, қандай өзгеріс байқадыңдар? -Балалар,қар қандай? -Мұз қандай? Қар мен мұз не үшін еріп бара жатыр? Ал, енді балалар судың дәмін көрейікші: су қандай? Сол суды қайнатып көрейік, қайнатсақ не болады? -Ол бу қайда барады? -Міне балалар көрдіңдер ме, суымыз бу болып, аспанға ұшып, сол бу бізге жауын, қар болып жауады. Алдарыңда тұрған қар қайдан пайда болатынын бүгін міне көріп отырмыз. Сәлеметсіңдерме балалар! Мені таныдыңдар ма? -Мен кіммін? Мен балалардың қыс туралы не білетіндерін білгім келеді. Балалар қыс туралы көп нәрсе біледі, көргіңіз келсе төрлетіңіз. Балалар қыс туралы тақпақ білесіңдер ме? 1. Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. 2.Айналада ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек. 3.Далаға қар үйгізді, Бетті аязға сүйгізді. Тоңбасын деп теректер, Құрау ішік кигізді. 4.Жас ұланбыз шыныққан, Жасқанбаймыз суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймыз шаттана 5.Бұтаға жабу кигізген, Бұзауды үйге кіргізген. Қыздың бетін қызартып, Мұздың бетін ұзартып. 6.Бұрқыратқан ақ қарды, Көрдіңдер ме аспанды. Қыс мінезі тым қатал, Оған сірә, кім батар, Қорқып, ерте күн батар. Ой, балалар рахмет, мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші шешуін таба аласыңдар ма? 1) Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. 2)Суға салсаң батпайды, Отқа салсаң жанбайды. 3)Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. Жарайсыңдар, сендер тапқыр екенсіңдер. (ұлпа қар беріп мадақтайды) Балалар менің, сендерге келген себебім,сендер маған дос жасап бердіңдерші. Өйткені мен жалғызбын. Балалар не істейміз, қар ханшайымына аққала жасап береміз ба? Ой, балалар сендер қандай керемет жасадыңдар, көп-көп рахмет. Қазір, сергіту сәтін жасайық: Қар жауады оң жақтан, Қар жауады сол жақтан. Қар атысып ойнасақ, Су болады қолқаптар! Балалар менің қайтатын уақытым болды, жаңа достарымды күту үшін үйіме барып дайындалайын. Қайта келіп достарымды ертіп алып кетемін. “Айырмашылығын тап?” Бүгінгі оқу іс-әрекетінің қыс мезгілі туралы не білгенімізді ортаға салайық! Балалардың қанша қар жинағанын санап,баға беріп мадақтау. -Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? -Қонаққа кім келді? -Қардың түсі қандай? -Қардан не жасаймыз? -Қар еріп не болады? -Қар қандай? -Мұз қандай? Жарайсыңдар балалар. Ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. |
Балалар қонақтармен сәлемдеседі.
Шеңбер болып тұрып, шаттық шеңберін құрады,қимылмен жасайды. Бір жылда 4 мезгіл бар. (Қыс,көктем, жаз, күз) -Қыс мезгілі. -3ай бар. -Желтоқсан,қаңтар, ақпан. -7күн бар, -дүйсенбі,сейсенбі, Сәрсенбі, бейсенбі, Жұма, сенбі, жексенбі. -зима -снег Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар қарды, мұзды ұстап көреді. Қолдары су болады. -Ақ жұмсақ. -Түссіз,мөлдір, қатты. -алақанымыз жылы болғандықтан қар мен мұз суға айналады. -су түссіз, мөлдір, дәмсіз, сұйық. -Бу шығады. -Аспанға Сәлеметсіз бе? -Иә. -Қар ханшайымысыз. -Иә білеміз. Нұрелдос Айнала Нұрсұлтан Амина Алпамыс Аяулым -Иә табамыз -Қар -Мұз -Аққала -Иә, жарайды. -Иә Сау, болыңыз. Ойын ойналады. Мен қыс мезгілін жақсы көремін, себебі қар жауады. -Қар ханшайымы. -Ақ. -Аққала. -Су. -Жұмсақ, ақ. -Түссіз, қатты, мөлдір. Балалар шеңбер болып тұрып, айтады. Сау болыңыздар. |
Күтілетін нәтиже
Жасайды: Балалар мұз бен қарды зерттеу арқылы суға айналатынын білді.
Түсінеді: Қыс ерекшеліктерін түсінеді.
Қолданады:Балалар қыс ханшайымына аққала жапсырды.
