«Астана менің мақтанышым»

Астана қаласы № 27 «Балауса» балабақшасының

тәрбиешісі Куралбаева Толкын Калдыбаевна

АШЫҚ САБАҚ
Сөйлеуді дамыту: «Астана менің мақтанышым!»
«Еркетай» I кіші топ
Өткізген: Куралбаева Толкын
10.12.2018 оқу жылы.

Білім саласы: Комуникация
Оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту дамыту
Тақырыбы: Астана менің мақтанышым!»

Мақсаты: Балаларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдістері: Слайдпен жұмыс, көрнекілік(Пирамида,Бәйтерек,Ақ Орда ғимараттарының макеті), сұрақ-жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін!
ІІ. Негізгі бөлім.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы демалатын жағажайға айналды. Бәйретек – Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:
– Мынау парламент үйі.
– Мынау бәйтерек.
– Мынау жабық футбол стадионы.
– Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
– Республикалық велотрек.
– Мынау НұрАстана мешіті.
– Мынау Пирамида.

Дидактикалық ойын.
«Қайтала». Шарты: Тәрбиешінің айтқан сөздерімен дыбыстарын анық қайталау.
Мысалы: Астана,Елорда,Пирамида,Бәйтерек.
Сергіту сәтін орындау.

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымызды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Сәлем,сәлем,сәлем!

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сұрақ-жауап.

Мадақтау.
Қорытынды: Сөздік қорын молайту.Достыққа, татулыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

№27 «Балауса» балабақшасы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше