Жаңа сабақтар

Тақырыбы: «Киімдер дүкені мен сәнді көйлек»

Қармақшы аудандық білім бөлімінің №24 балабақшасы

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Қатынас : Тіл дамыту

Тақырыбы: «Киімдер дүкені мен сәнді көйлек»

Тәрбиеші: Жиенбекова Ж.Ж.

«Күншуақ» № 3 кіші тобы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі.

Күні:19.11.2018 ж

Топ тәрбиешісі: Жиенбекова Ж.Ж

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Киімдер дүкені мен сәнді көйлек.»

Мақсаты: Киім және оның түрлері туралы түсінік беру.Сөйлеу кезінде «киім»

деген жалпылауыш сөзді қолдана білуге үйрету.Киім түрлерімен таныстыру ,киімдерін түсін, санын ұғымдарын жетілдіру.Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сөйлем құрату,арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты таза киюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Дүкеннің макеті,түрлі киімдердің суреттері,сандық т.б.

Әдіс-тәсілдері: Ғажайып сәт ,сұрақ-жауап,ойын көрсету,түсіндіру т.б

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Тәрбиешінің іс –әрекеті. Балаладың іс-әректі.
Мотивациялық

қозғаушылық.

Қане, балалар Қонақтармен амандасайық.

Балалар ,кәне шаттық шеңберін құрайық.

Таза ауаны жұтайық

Күннің нұрын алайық,

Мейірімділік шуағын

Жүреккке әкеліп жинайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық!

(балалар әр қайсыларын өз орындарыңа отырыңдар.)

Балалардың ойын жинақтау

Бүршік шашып ,жапырақ

Даланы гүлдер басады.

-Балалар бұл қай мезгіл?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде адамдар қалай киінеді?

-Балалар көңіл күйлерін қалай?

Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты.

Сәлемдесу.

Қимылдар жасайды.

Көктем мезгілі.

Қар ериді,күн жылиды,талдар бүршіктейді,құстар ұшып келеді.

-үш ай бар.наурыз,сәуір, мамыр.

Жеңіл киім киеді.

Жақсы.

Есік қағылады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік. Ғажайып сәт:

Саламатсыздар ма!Балалар мен саяхатшы Дарамын.

Саяхатшы Дара.Мен саяхатта жүріп бір сандық тауып алдым.Сол сандықты сіздерге ала келдім,бірақ не барын білмеймін.Сандықты сізге берейін.

Сандық ашу:

Балалар мына сандық ашылмай жатыр ,ал ашылу үшін қайсыларын тақпақ айтып бересіңдер.

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі,

Кестеленген жиегін,

Кең даланың гүлдері.

Камзол кие қынай бел,

Толған ою өрнекті,

Білесің деп сұрайды ел,

Өнерімді көрмекке.

Балалар сандық ашылды,ішінде хат бар екен.Кәне ашып оқыйық.Мына берілген жұмбақтардың шешуін таба отырып, тақтадағы қуыршақты киіндіріңдер.Барлық жұмыстарды жақсы орындасаңдар балалар,сыйым бар.

Жұмбақ шешуі:

Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.

Күні бойы жүргіздім,

Босағада қалдырдым.

Ортасы күмбез

Іргесі тегісті,

Күннен қорғайды.

Шыңдағы егісті.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырған оқу қызметі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Киімдер дүкені мен сәнді көйлек.»

Киімдер мезгілдік маусымға байланысты төртке бөлінеді.Қысқы,көктемгі,жазғы,күзгі.Әр маусымға сәйкес адамдар киінеді.Жылдың төрт мезгіліндегі киімдерді бір-бірімен салыстыруды күннің 2-жартысында қарастырамыз.

Балалар киім дүкеніне саяхатшы Дарамен бірге барамыз ба?

Саяхатшы Дараның қонаққа келуі.

Балалар амандасады.

Рамазан.

Айерке

Сандықты ашу.

Қуыршақты киіндіру.

(көйлек) түсі сары.

(аяқ киім) түсі қызыл.

Бас киім.

-ия.

Рефлексиялық түзетушілік. Ол үшін сырт киімдерімізді қимыл-қозғалыспен кию арқылы сергіту сәтін жасайық.

Шалбардың бір балағын,

Содан соң екінші балағын,

Енді белді көтерелік әдемі

Күрткенің оң қолы,

Күрткенің сол қолы.

Түймеледік жоғарыдан төменге,

Ал,енді етік кидік, жорыта жолға шықтық.

Балалар киімдер дүкеніне бару үшін жолда бірнеше кедергілер бар, сол кедергілерден бәріміз бірге жүріп өтейік.

1-ші кедергі:Жолда тастар жиналып қалыпты ,алып тастайық.

Енді мынау балалар дәріхана мен азық-түлік дүкені.

2-ші кедергі:жолда көл бар,көлдің ортасында көпір бар.Барлығымыз қаз –қатар тұрып көпірден өтейік.Ойыншықтар мен киімдер дүкені.Балалар киімдер дүкеніне кірейік!

Дүкенші апаймен амандасайық.

Балалар Д/ойын: «Киімнің түсін ажырат.»

Шарты:Сатып алған киімнің түсін ажырату.

Дүкенші апаймен қоштасу.

Жарайды!Балалар келген жолымызбен кері қайтайық.

Ал, балалар орнымызға отырайық.

Балалар біздер қайда бардық?

Олай болса балалар «Менің киімдерім»атты санамақты айтайық.

Бұлардың барлығына бір сөзбен қалай айтамыз?

Жұмысты орындау:

Дайын парақтағы ұл мен қыздың сұлбасына,дайын киімдерді желімдеу.

Жасаған жұмысымыздың ең әдемісін саяхатшы Дарағы сыйға берейік.

Саяхатшы Дара: Сау болыңыздар!

Қорытынды:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

Киімдер дүкенінен не сатып алдық?

Түстерін ажырату.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарын үшін сандықтан шыққан

Сыйлығымды беремін.

Балалар орнымыздан тұрамыз,

Қонақтармен қоштасамыз.

Көріскенше күн жақсы болсын,

Сау-саламат болыңыздар!

Қимылдар жасайды.

Дәріхана мен азық –түлік дүкені.

Ойыншықтар мен киімдер дүкені.

Салемдесу.

Қызыл,сары.

Сау болыңыз.

Ия.

Киімдер дүкеніне.

Балалар санамақты айтады.

Киімдер.

Киімдерді желімдеу.

Сыйға беру.

Сау болыңыз!

Саяхатшы Дара.

Киімдер.

Қызыл,сары.

Сыйлық беру.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтижесі:

Біледі: Киімдердің аттарын.

Игереді: Ұл мен қыздың сұлбасына дайын киімдерді желімдеуді.

Меңгереді:Мезгілге байланысты киім киюді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.