Тақырыбы: «Терезе алдында не өсіп тұр?»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

«№24 балабақша»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: « Терезе алдында не өсіп тұр?»

Тәрбиеші: Назаралиева Ж.М.

«Қызғалдақ» №5 ересек тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Терезе алдында не өсіп тұр?»

Мақсаты:

  • Балаларды жаңа бөлме өсімдіктерімен таныстыру. Тәжірибелік-тәжірибеалдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту.
  • Бақылау нәтижелерін салыстыра отырып, талдау және қорытынды жасау алу қабілеттерін дамыту. Зерттеушілік мінез-құлық пен «жаңаны танысам» деген құлшыныстарын дамыту.
  • Ұсақ қол маторикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, АКТ,баспа, сурет салу,құрастыру

Сөздік жұмыс: қазтабан,алое,орхидия

Көптілділік:Гүл-Цветок-Gyi, Күн-Сонце-Kyn ,Жер-Земля-Zher

Қажетті құрал- жабдықтар: топырақ,қалбыр,гүл, гуашь, тіс щеткасы, үлгі суреттер

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар біз бүгін қызықты оқу қызметін өтпекшіміз.

Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Ай аттарын білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. – Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?

Балалар шаттық шеңберін жасап қонақтармен амандасады

Көктем

Наурыз,сәуір,мамыр

Гүл

Іздену ұйымдастырушы Тәрбиеші: Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады

Слайд

-Бөлме гүлдерін көрсету

-Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр? Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі.
Карлсон: Саламатсыздарма балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып(қолмен жоғары жаққа көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Тәрбиеші: — Карлсон, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады.

Балалар әуелі Карлсонға гүл туралы тақпақтарымызды айтып берейік

Карлсон:Жарайсыңдар,балалар

Балалар енді 3 орталыққа бөлініп оқу қызметімізді жалғастырайық (Өнер орталығы,зерттеу орталығы,үстел-үсті орталығы)

Белгішелер арқылы 3 топқа бөлінеді.

Қазтабан

Раушан

Алое

Қазтабан тобында: пазылдардан алдарында тұрған суретке қарап отырып,бөлме гүлін құрастырады

Раушан тобында: гуашьты пайдаланып, тіс щеткасы арқылы бөлме гүлінің бейнесін шығару.

Алое тобында: гүлдің құрылысымен танысып,оны қалбырға отырғызу

Жұмыстарын аяқтау.

Мұқият тыңдайды

Балалар: — Табиғат бұрышында деп раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті

Рамина,Раяна,Ерхан

Балалар топқа бөлініп жұмыстарын орындайды

Балалардың жұмысы

Рефлексивті коррекциялаушы Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Балалар орталықтармен алмасып жұмыс жасайды?

Қорытынды.

  • Бізге бүгін қонаққа кім келді?
  • Бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-қызметімізде не туралы айтылды?
  • Балалар орталықтарменмен алмасып жұмыс жасайды?
  • Олардың аты?
  • Гүлді қалай күту керек екенін білеміз бе?
  • Гүлдердің адамға пайдасы қандай?
  • Гүлдерді жұлуға,басуға болады ма?
  • Гүлдің сырт келбеті қандай?

Тамаша, ендеше Карлсонға өзіміз отырғызған гүл көшетін сыйға тартайық,келісесіңдерме?

Карлсонмен хоштасайық

Қош,сау болыңдар!

Сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!

Қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Иә

Карлсон балалармен қоштасып шығып кетеді

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: : Бөлме өсімдіктерін танып, құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді, өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

Нені игерді: тәжірибелік жұмыс арқылы гүлдің құрылысын,оны топыраққа отырғызуды,дәстүрден тыс шашырата бояу арқылы гүлдің бейнесін ақ парақ бетіне түсіруді,пазылдардан гүлді құрастыруды

Нені білу керек: Бөлме өсімдігін күтіп, баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше