Тақырыбы: Алтын балық
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
«№24 балабақша»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу
Тақырыбы: Алтын балық.
Тәрбиеші: Нуртуганова А.Н.
Балалар бөлмеге тәрбиешімен кіреді.
Тәрбиеші: Балалар,бізге бүгін қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасып алайық.
Енді бөлмеге өтіп,орындықтарға жайғасыңдар.
Есік қағылады.
Тәрбиеші: Біреу есік қағатын сияқты.Барып қарайын.
Тәрбиеші: қолында балық пішініндегі хатты әкеледі.
Тәрбиеші: Балалар,бізге су патшасы Сүлейменнен хат келіпті.Қараңдаршы,қандай ерекше хат.
Конверт балықтың пішініне ұқсайды. Айтпақшы су патшасының мөрі басылыпты.Тезірек ашып,не жазғанын оқиық!
Тәрбиеші: конверттен хатты алып оқиды:
Хат мазмұны: «Балалар,саламатсыңдар ма? Маған сіздердің көмектеріңіз қажет. Менің су патшалығымдағы балықтар жоқ боп кетті.Мен жалғыз қалдым.Өтінем,балықтарды қайтаруға көмектесіңдер? »
Су патшасы:Сүлеймен.
Тәрбиеші: Балалар, хат кімнен келген?
(балалар жауаптары тыңдалады)
Тәрбиеші: Иә,хат су патшасы Сүлеймен.
Сүлеймен патша су астындағы патшалықта тұрады. Сүлеймен-су патшалығындағы бәрінің басшысы,бәрінің әміршісі мықтысы. Ол су астындағы патшалығының тұрғындарының бәріне, қамқорлық жасайды. Ал суда өмір сүретін негізінен нелер?
-Балықтар.
-Сол патшалықтың балықтарына не бопты?
-Су патшасы бізден не сұрайды.
Тәрбиеші: Иә, ол балықтарын қайтаруға көмектесулеріңді сұрайды. Бір қиын жағдай болған шығар –балықтың жоғалып кетуіне не себеп?
- Не істейміз,балалар,су патшасына көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Су патшасына көмектесу үшін,біз балықтар туралы не білеміз, есімізге түсіруіміз керек. Менде балықтың суреттері бар.Карточкалар бар, қазір көрсетейін.
Карточкасы бар папканы алады.
Тәрбиеші: Мынау не? Менің карточкаларым қиылып қалыпты. Маған сендердің көмектерің керек.Суретті қайтадан құрастыру үшін сурет қиындыларын дұрыстап ойланып құрастыру керек. Сендер маған көмектесесіңдер ма?
Тәрбиеші әрбір қиылған суретті әр топқа магнитті тақтайшамен қояды. Балалар суреттерді жинайды. Карточкалардың артында магнит жабыстырылған. Балалар ортаңғы топтарда суретті жинайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,бәрін дұрыс жасадыңдар. Енді қиындылардан ненің суреті құралғанын көрейік. Мына балықтардың ойын білесіңдер ме?Тағы қандай балық атауларын білесіңдер? (жауап береді.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,сендер теңіз,өзенде,аквариумда кездесетін балықтарды атадыңдар.Енді осы балықтардың құрылысына назар аударайық.Барлық балықтарда не бар?
Тәрбиеші: Иә,басы,денесі,құйрығы,қанаттары және қабыршақтары бар.
Сендер балықтар туралы көп қызық нәрсе біледі екенсіңдер.Демек, біз су патшасына көмек беруге дайынбыз.
Балалар, ендеше біз ертегі балықтарының суретін салып су патшалығына жіберейік.Ал су патшасында сиқырлы үшайыры бар.Оның көмегі арқылы ол біздің балықтарымызды тірілтіп жібереді. Үшайыр дегеніміз не екенін білесіңдер ме? (Балалар жауап береді.)
Тәрбиеші:Үшайыр-ұстайтын жері алтын діңгек,ұшында үш өткір тісі бар. Оны тек су патшасы Сүлеймен ғана өтеді. Тек патшаның өзінің қолында ғана ол сиқырлы болады. Айтпақшы, мына хат салынған конверттің сыртында үшайыр. Міне қарап алыңдар. Қане қайталайықшы: Үшайыр.
Тәрбиеші:Ендеше ертегі балықтарының суретін салайық. Енді орындарымызға келейік.
Балалар орындарына отырып жайғасады.
Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін ертегі балығын саламыз.Сондықтан бәрі бұрынғыдай емес,ерекше болады.Себебі: қылқалам орнына мақтасы орамшасы таяқшаны пайдаланамыз.Міне мынадай таяқшалар.Ал әдеттегі бояулар орнына сиқырлы ертегі бояуларын пайдаланамыз.Бүгінгі бояу құрамында ұнтақ жарма,желім және гуашь бар.Мен бәрін мұқият араластырып қойдым.Ерітінді ұнтақ жармасына ұқсайды,тек түрлі-түсті: қызыл,сары. Сондықтан,керемет ерекше әдемі балықтар шығуы керек. Балалар,қараңдаршы біз мынадай әдемі балықтарды салуымыз керек. Бұл балықты мен салдым. Әдемі ғой? (Суретті көрсетеді.)
Қазір суретті қалай салатынымызды көрсетемін.Сендер назар салыңдар,мұқият тыңдаңдар.Қараңдаршы,суретте балық суреті салынған: басы,құйрығы,қанаттары бар.Олар әдемі түстермен боялған. Тек денесі мен қабыршағы жетіспейді, соларды салуымыз керек. Денесін салу үшін контур сызықпен жүргізіп қойдым. Ендеше осы контурдан бастаймыз.Таяқшаны карандаш сияқты үш саусақпен ұстаймыз. Қызыл бояуға батырып,мақтаға бояуды сіңдіріп аламыз.
Мақтаны үстінен басып,іздер қалдырып, дөңгелек формалы із қалдырамыз. Міне былай және қайта-қайта ,ертінді- бояуға мақта басын батырып отыруымыз керек. Міне былай, қараңдар.Осылай біткенше.
Ал енді балықтың қабыршақтарын сары бояумен саламыз,жаңа денесін салған сияқты.Бірақ қабыршақтарды еріктеріңше,тәртіп сақтамай ақ саласыңдар.Балықтың бар денесі қабыршақпен қапталған болу керек. Яғни басын, құйрығын, қанатын боямайсыңдар.Тек денесінің бос жерін нүктелеп шығасыңдар.Таяқшаның мақта орамшасы бар жағын ерітіндіге батырып отыруды ұмытып кетпейміз.Балалар балықтарымыздың суретін қалай салатынымызды түсіндіңдер ме?
Ендеше суретті салмас бұрын, сергіп алайық:
Суда жүзді балық,
Кетпейді ол батып.
Алға, оңға,солға
Жүзер ізін салып.
Қайталаймын қимылын.
Тоқта,алтын балық!
Тәрбиеші: Тамаша,отыра қойыңдар.Дұрыстап отырайық.Қолымызға таяқшаны алып қызыл бояуға батырып, денесін салуға кірісеміз. Болған балалар,сары ерітіндіге батырып алып қабыршағын саламыз.
Балалар жұмысы жүреді.
Тәрбиеші: Жұмысты аяқтағандар,балықтарыңды біздің аквариумға әкелесіңдер. (екі жақты скоч жабыстырылған ватманда аквариумда балықтар орналасады).
Су патшасына жібереміз. Ол бізге риза болады.Суда балықтары сендердің әдемі балықтарыңмен көбейеді. Жарайсыңдар!
–
