Тақырыбы:«Пирамида»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

«№24 балабақша»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

ҰОҚ: Мүсіндеу.

Тақырыбы:«Пирамида»

Тәрбиеші: Абишова Ж.С.

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту; бөліктерді біріктіре отырып, бейне құрастыру дағдыларын дамыту; ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: пирамида ойыншығы, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.

Билингвальді компонент:пирамида-пирамида.

Ойыншықтардан көрме ұйымдастыру.

«Ойыншықтарды ата» ойынын ұйымдастыру.

Ойын барысы: Доп, машина, аю, пирамида, т.б. ойыншықтар. Балалар әрбір ойыншыққа сипаттама берулері тиіс.

Сұрақ – жауап:

-Пирамиданы қалай жасаған?

-Ол неше бөліктен тұрады?

-Түстері қандай?

-Қалай орналастырылған?

-Ол неге ұқсайды?

-Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдар ма?

-Қараңдар, мен мынадай пирамида жасап алдым.

Тәрбиеші өзі жасаған үлгісін көрсетеді.

Билингвальді компонент: пирамида-пирамида.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-ермексаздан ұзын түтікше жасаймыз;

-түрлі түсті ермексаздан бірнеше ширатпалар жасап аламыз;

-ширатпалардың екі ұшын қосып, біріктіреміз;

-үлкен бөліктен кішісіне қарай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін түтікшеге кигіземіз.

Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда балаларға көмек көрсету.

Сергіту сәті:

Алақай-ау, алақай,

Ән шырқайық балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан.

«Түстерді ата!» ойынын ұйымдастыру.

Пирамиданы пайдаланып, түстерін атау.

Балалар 6түрлі негізгі түстерді суреттен немесе пирамидадан атайды.

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау. Жасаған пирамидаларын суреттегі пирамидамен салыстыру.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ұзындығы әртүрлі ширатпалардың ұшын біріктіріп сақиналар жасайды, үлкенінен кішісіне қарай ретімен пирамида құрастырады; Түсінеді:пирамиданың дөңгелектері әртүрлі көлемде, әртүрлі түсте болатынын; Қолданады: әр түсті ермексазды есу арқылы ұзындығы әртүрлі ширатпалар жасау дағдыларын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше