Жаңа сабақтар

Отбасы — өмір аясы

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы,

Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Рысбаева Гулмира Бектұрсынқызы

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы — өмір аясы»

Мақсаты:

  • «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Міндеттері:

-отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

-отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы айта отырып, өзінің ішкі дүниесіне үңілдіру, жан толғанысын тудыра отырып сезімін жетілдіру, ойлау, жинақтау жасауда философиялық астарына назар аудару;

-отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Ресурстар: түрлі түсті қағаздар, фломастерлер, желім, дәйек сөздер.

Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ұстанымын еске түсіру:

  1. Тәртіп
  2. Талап
  3. Тазалық
  4. Татулық
  5. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Сынпты екі топқа топтастыру «Отбасы», «Отан»

Осы тірек сөздерді пайдалана отырып бір мақал құрып көрейік. Яғни «Отан отбасынан басталады». Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында болмақшы. Қазақстанның анасы атымен атайтын Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күнін тойлауына орай біздің мектепте ақпанның 2-нен 12-не дейін аралықта «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өтуде.

Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақты жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Дәйексөзді оқып мазмұнын ашу

Үйлену дегеніміз-өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.

  1. Миға шабуыл

1-топ «Отбасы». Отбасы құндылықтары не?

2-топ Отағасы. Отан иесі

2.Ойлан, топтас, талқыла

1-топ

  1. Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?
  2. Қандай адаммен отбасын құрғыңыз келеді?

2-топ

  1. Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсың?
  2. Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе?

3.Сен білесің бе?

1-топ 1. Отбасындағы салт дәстүр

  1. Отбасымда ең сыйлы ________________________________________________

Ең қымбатты_________________________________________________________

Ең ақылды ___________________________________________________________

Ең сүйкімді___________________________________________________________

Ең құрметті___________________________________________________________

Ең құнды _____________________________________________________________

Ең бағалы_____________________________________________________________

Ең қажетті ____________________________________________________________

2- топ 1. Дастархан басындағы ырым-тыйым сөздер

  1. Не тәтті? (Ананың сүті тәтті)
  2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)
  3. Не қатты? (Атаның жүрегі қатты)
  4. Кім жақын? (Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшыңболса, апайың жақын.

Алыңа тартқан, адал асың,

Қимас жақын қарындасың.)

  1. Не қымбат? (Алтын ұяң-Отан қымбат

Құт – береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Бәрінен де ар мен ұят қымбат)

4.Шығармашылық жұмыс

Екі топ өз ойларымен «Бақытты отбасы» модельін құрастыру(түрлі түсті қағаздар, таяқшалар, пішіндегі фигуралар). Сол бойынша «Постер қорғау»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.