Кеңес тақырыбы: “Жол ережесін білейік!”
Атырау облысы Атырау қаласы
№29 «Нұрсая» бөбекжай балабақша тәрбиешісі
Сунгатова Нургуль Куанышевна
Мақсаты: Жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, әр елдің өз заңы, өзі ережесі болуы қажет еді. Соған орай, Қазақстан Республикасының жолда жүру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді халықаралық жолда жүру Конвенциясының талабына сай келтіру қажет болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының «Жолда жүру қауіпсіздігі туралы» заң қабылданды. Сонан кейін Қазақстан Республикасының үкіметі 1997 жылғы 25 қарашада «Қазақстан Республикасының жолда жүру ережелерін» бекіту туралы қаулы қабылдады.
Ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енді. Бүгінде ол тәуелсіз еліміздің қолданыстағы жолда жүру ережелері. Автокөліктер жолы сан қилы. Бағыты да әр түрлі. Жолда жүретін жүргізушілерде есеп жоқ. Көлік мінген адамдардың көптігін санап тауыса алмайсың. Толассыз, тоқтаусыз жүріп жатқан жүргізушілер бір ауылдың, бір ұлттың адамдары емес қой. Олар өзара бірін-бірі қалай түсінеді? Міне, осы тұста жолдағы мың сан жүргізушілерге өзара тіл табысу үшін көмекке келетін жүріс-тұрысына бағыт сілтейтін – жол белгілері. Қазақстан, Өзбекстан, Рсей,Франция, Италия, Германия, Венгрия, Румыния мен Австрияда … сапарға шыққан жүргізушілер жол белгілерін көріп, қандай бағытта қалай жүру керектігін біледі. Адаспайды. Жүрген жердің тілін білудің қажеті жоқ. Жол белгілері «халықаралық тіл» болғандықтан, оның суретіне қарап өз бағытыңды тауып аласың. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
ескерту белгілері
басымдылық белгілері
тыйым салу белгілері
міндеттеу белгілері
ақпараттық-көрсеткіш белгілері
қызмет көрсету белгілері
Қосымша тақтайшалар
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
Жолда жүру халықаралық Конвенциясына кірген елдердің қай-қайсысының жолдарында қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, қырғыз т.б. басқа сан ұлттың өкілдері жүре алады.
Жүргізушілердің білім дәрежесі, шеберлігі, тәжірибесі күн санап жоғарылап келеді. Соның өзінде жолда жүру ережелерін бұзатындар баршылық. Осыған орай жолда жүру ережелеріне әр кезде өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, олар жаңара бермек.
