6 сынып оқушысы Ахмет Нағима Мұхамеджанқызы

Әкеме

Әкем менің –асқар тауым,

Пана болды біздерге.

Жүрегімен жылу шашып,

Таңды атырды бізбенен.

Ұқсағым менің келеді ,

Ақ жүректі әкеме.

Жүрегімнен шыққан сөзді,

Арнаймын мен әкеме.

Сұраймын мен ақылды,

Мұхамеджан әкемнен.

Ұрысса маған егер де,

Ақылы деп түсінем!

Отбасы

Әкем-менің асқар тауым,

Анам-менің шалқар көлім.

Аялап мені өсірген,

Сіздерге шексіз алғысым.

Інілерім,сіңілілерім,

Жұбанышым олар менің.

Күнде олардың көңілдерін,

Күлімсіреп көтеремін.

Менің осындай отбасым,

Әрдайым біз татумыз.

Әкем,Анам,бауырларым,

Бақыттымыз бәріміз.

Махамбет батыр

Уа , Махамбет дарасың да , данасың ,

Жаны таза , мейірімді панасың!

Еліне қорған , жеріне қорған батырды,

Қадір тұтып , бас иеміз әрқашан

Білімді , терең ойлы ,тілге шешен,

Әділ жан ,ақылға бай ,ақын да сен!

Халқының қамын ойлап көз ілмеген ,

Жау жүрек , қайсар мінез , батыр да сен!

Ұрпағыңбыз біз өзіңнен үлгі алған ,

Қалам алып өзіңе арнап жыр жазған

Ұландарың болашақтың қамын жеп,

Болса деймін дәл өзіңдей қаһарман.

Жеңіс күні

Құтты болсын жеңіс күні, ағайын,

Көптен күткен ұлы күнді жар салайын.

Ата-бабам қан берісіп шайқасқан,

Ата-бабам намыс бермей айқасқан.

Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,

Жеңіс күнін тойлайық жас-кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,

Ардагер,ағаларға мың алғыс!

Қазақтың қос жұлдыздай қыздары,

Қыз болса да намыс бермей қорғады.

Ұлы отан соғыс жылдары,

Бабалар өз елдерін қорғады.

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл.

Ерлік даңқы ешқашанда өлмейді,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр.

Ал қазір бейбіт өмір басталды,

Ел қорғау адамзат үшін ,басты парыз.

Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.

Біз балалар ,бейбіт өмір қалаймыз.

Сондықтан да білім алып,

Алып Отан –елімізді қорғаймыз.

Жеңіс күні.

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын ағайын.

Ұмытпайды ешқашанда,

Жауынгерді балалар.

Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауыды жеңген сарбаздар.

Ардақты Отан ел үшін,

Бақытты тұған жер үшін.

Біз үшін соғысқан ер үшін,

Бабаларды бағалайық !

Менің отбасым

Мен өз отбасымды жақсы көремін.Менің отбасымда әкем,анам,мен,үш інім және бір сіңлім бар.Мен отбасымды жақсы көремін.Сондықтан мен отбасыма бір шумақ өлең шығардым:

Менің осындай отбасым!

Әрдайым біз татумыз!

Әкем,анам,бауырларым,

Бақыттымыз бәріміз!

Біз әрдайым татумыз,біргеміз,әрдайым бір-бірімізді құрмет тұтамыз.Бір-бірімізге қамқорлық танытып,сүйіспеншілік пен өмір сүреміз.Бәріміз осы ауызбіршіліктің арқасында тату өмір сүріп келеміз.Әр түрлі балалар болады,соларға айтарым: өздеріңнің отбасыларыңды бірінші орынға қойып,ешқашан Отанымызды және отбасыны жүректен,ойдан шығармайық!

«Балалы үй-базар,баласыз үй -қу мазар»,-деген дан халқымыз.Біз өзімізді бағып,қағып өсірген ата-анамызды сыйлап, құрмет тұтып «үлкенге құрмет,—кішіге ізет»көрсетіп, білімді азаматтар болып, ата-анамызға ауыр сөз айтпай, олардың мақтанышы болайық! Біз әрдайым бақытты ұрпақ екенімізді мақтан етейік!Еліміздің болашағы жарқын болуына үлес қосайық!

«Батаменен ер көгерер »

Дастарханның байлығын берсін,

Деннің саулығын берсін,

Ішкен жегенімізді осы үйден үміт еткен,

Аруақтарға бағыштадым,

Алладан рақмет ,

Пайғамбардан шапағат болсын.Аумин!

«Шежіре сыр шертеді»

Ұрпақ шежіресі.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Ұрпақ-ғұмыр жалғасы. Әр халық үмітін ,ең алдымен , ұрпағынан күтеді.Жандырған отын, әрі қарай түтінін түтетіп ұрпақ қалдыруды көздейді.

Бала –өмірдің жалғасы, шаңырақ иесі-деп ұрпақты болуға ,оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Ұрпақ қазақтың дәстүрлі ғұрпы бойынша бір атадан өрбіп жалғасқан он атаға дейінгі туыстас үрім-бұтақ.

Жеті-қазақ үшін қасиетті сан. Жеті ата ,жеті қазына, жеті шелпек дегендей.Аңыз бойынша Жәнібек хан жеті атаға дейін қыз алысуға тыйым салған екен. Себебі: кімде- кім жеті атаға толмай үйленсе , өлім жазасына кесіледі деген жарлықты шығарған екен.

«Менің жеті атам»

Жеті атаның ұрпақтары былай бөлінеді.

1.Түп ата

2.Тек ата

  1. Баба
  2. Арғы ата

  3. Ата

6.Әке

7.Бала

8.Немере

9.Немелтай

10.Шөбере

11.Шөпшек

12.Немене

13.Жүрежат

14.Туажат

15.Жекжат

16.Жұрағат

  1. Қаймана

Қазақтарда өзара құдаласу туажаттан басталған екен. Шежірелерімізді біле жүру керек!

Мен өзімнің алдынғы он алты атамды білемін.

Найман тегі

1.Белгібай

2.Сүгірше

3.Бағаналы

4.Шүрешек

  1. Таңболат

6.Мұқыш

7.Сары

8.Кәрішал

9.Көшкін

10.Алтыбай

11.Құнан

12.Байсары

13.Бекберген

14.Жалмағамбет

15.Баяхмет

16.Мұхамеджан

Ахмет Нағима Мұхамеджанқызы

Түркістан облысы, Кентау қаласы, 30 жылдық ауылы

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің 6«ә» сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше