Жаңа сабақтар

«Cары алтын — сары күз» Ертеңгілік

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы

ЖШС «Балбөбек 2014» балабақшасы тәрбиешісі

Бикенова Зура Сериковна

Тақырыбы: «Cары алтын — сары күз» Ертеңгілік.

Балалар: «Күзгі жапырақтар» әуенімен әсем безендірілген залға билеп кіреді.

Залда жаңбыр мен желдің дауысы естіледі.

Тәрбиеші:Балалар айтыңдаршы бұл ненің дауысы?

Балалар: Жаңбыр,желдің ,жапырақтардың дауысы.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,сендер жақсы жауап бердіңдер.

Ал бұл естіп тұрғандарың қай мезгілде болады?

Балалар: Күз мезгілінде болады.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар ата — аналар тәрбиешілер ,бүгінгі біздің «Сары алтын — Сары Күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Хор: «Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалардың күз мезгіліне арнаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

Данияр,Мадияр,Арайлым,Дидар,Аяулым,Жасұлан,Тамерлан,Диана,

Алихан,Алдияр:

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Бақша ішіндегі жапырақтарды тырмалауышпен тазалау.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Әрі қызыл әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты (Алма)

Аласа тауда алқызыл алма

Алқызыл болмай аузыңа салма ( Қызанақ)

Аласа ғана бойы бар

Қабат қабат тоны бар .(Қырыққабат.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,сендер өте ақылды екенсіңдер.

Ән: «Мен алманы жақсы көремін» (ән басталған бетте күз ханшайымы кіріп, балаларға алмалар таратып, әнді бірге айтады)( ән аяқталғанда балалар барлық алманы себетке салып қояды. Себепті алып күз ханшайымы тәрбиешіге тарту етеді)

Күз Ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, бүлдіршіндер, сендердің дауыстарынды естіп, өзімнің сыйлығымды алып, сендерге жеттім. Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, мереке құтты болсын. Берекелі күз молшылық пен берекесін сіздерден аянып қалмасын. Өнерлі, балдырғандар, сендердің тамылжытып салған әндерін маған қатты ұнады. Тағы да қандай өнерлерін бар, қане салындар ортаға , орта толсын.

Тәрбиеші: Күз Ханшайымы біздің балалар тек әнді ғана емес биді де тамаша орындайды.

Би: «Қолшатыр »

Ойын: Ата — аналармен: «Кім жылдам»

Шарты: Жеміс — жидектерден алқа жасау.

Келесі кезекті жеміс — жидектер айтысына береміз.

Данияр,Айша,Жанболат,Мейірім,Аңсаған,Әбілхайыр,Арсен.

Тәрбиеші: Балалардың жыр шумақтарына кезек берейік.

Сезім,Гүлназ,Аяулым,Асылай,Әділ.

Ән: «Күзгі әуен»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендер өте талантты,өнерлі балалар екенсіңдер.Енді менің сендер сияқты балаларға баратын уақытым болды,сендермен өткізген уақытым өте көңілді болды.Рахмет балалалр,менің мынау күзгі сыйлығымды қабыл алыңдар.Келесі күз мезгілінде кездескенше сау болыңдар балалар!

Балалар:Сау болыңыз Күз ханшайымы!

Тәрбиеші:Жігіттердің орындауында биді тамашалаңыздар.

Би: «Адасқан жемістер»

Тәбиеші:Рахмет балалар,биылғы егін жылымыз мол болсын!Бүгінгі біздің «Сары алтын — Сары Күз атты ертеңгілігімізді келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар. Келесі күз мерекесінде кездескенше !!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.