«Тіл- достықтың мерейі»
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы
ЖШС «Балбөбек 2014» балабақшасы тәрбиешісі
Карерова Индира Ерболовна
Тақырыбы: «Тіл- достықтың мерейі»
Мақсаты: Балалардың тіл туралы білімдерің жетілдіру.Өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге, тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге баулу.
Балалар ҚР- сының әнұранын орындайды.
Тәрбиеші:
Ана тілім- желбіреген туымсың,
Ана тілім- шуақ төккен нұрымсың.
Тілім менің- бар байлығым, алтыным,
Ана тілім- жасыл желек нуымсың.
Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,
Тілсіз мүлдем сөйлей алмас жас- кәрі де,
Ана тілді құрмет тұтып әрқашан
Тілімізді дамытайық әлі де, дей келе, бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл -достық мерейі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тақпақтар:
Нурали:
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым
Ана тілім болмаса
Болмас еді жыр-әнім.
Меруерт:
Жанымнан да қымбатты
Ана тілім маған
Ана сөзін тындап
Үлгі-өнеге алам.
Дархан:
Ана тілім-ырысым
Ана тілім-қылышым
Ана тілміз тарылар
Кең дүниеде тынысым.
«Достық әні».
Тәрбиеші:
-Халықтың сақталуы- тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін- келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл байлығы -әр елдің мақтанышы. Ол -атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
Қуан халқым!
Қуанатын күн бүгін!
Тіл заңының
Күшіне енген күн бүгін!
Қазақ тілі- Ата -анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған!
Мақалдар:
- Тіл қылыштан да өткір. Амира
- Тіл-тас жарады, тас жармаса бас жарады. Дамели
- Тілсіз жерде тіршілік жоқ. Тілектес
- Тіл- атадан қалған асыл мұра. Хақназар
- Тіл асыл ойдың бұлағы. Маргулан
- Тіл-достық мерейі. Айзере
- Тіл- мәдени қазынаның қайнар бұлағы. Масғұт
Тақпақтар:
Шұғыла:
Атам сона қалаған
Апам сона қалаған
Білу керек өз тілін
Жер бетінде әр адам
Көркем:
Сүйсең өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді.
Альтаир:
Ана тілім- менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім- демім
Ана тілім- жаным.
Айзере:
Ана сүтін ақтаңдар
Ана тілін ақтаңдар
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
Жантөре:
Тілімде менің- байлығы жатыр даламның
Қаныма сіңген, жаныма сіңген
Кеңдігі жатыр даламның
Махабаты жатыр анамның.
Ән: «Жапырақтар».
Тәрбиеші:
Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Бүгінгі тіл мерекесі, тіл қуанышы құтты болсын! Лайым ойларыңыз да, тілдеріңіз де таза болсын. Тіліміз жасай берсін!
