Мұғалім – мектептің жүрегі

Несіпкүл Өтебаева,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Түркістан қаласы.

Түркістан қаласының төл перзенті Божбанбаева Гульжахан Оразбекқызының заман үнін ұғынатын педагог болып қалыптасуына игі ықпалын тигізген біріншіден ата-анасы, екіншіден өсіп өркендеген ортасы, үшіншіден еңбек етіп жүрген білім ордасы Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия.

“Әке-ер, ана-жігер, Бір үйде екі кемеңгер” дегендей, кейіпкеріміздің ата-анасына аз-кем тоқталып өтсек. Көзі қарақты, көкірегі ояу әкесі – Божбанбаев Оразбек Жолдасұлы ағартушылық салада ширек ғасыр еңбек еткен. Адал еңбегі еленіп “Қазақ ССР халық ағарту ісінің озат қызметкері”, “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен марапатталып, “Түркістан қаласының Құрметті азаматы” атанған. Әрдайым абырой биігінен көрініп жүрген нар тұлға бүкіл ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған жан. Халық алдында тұратын танымал тұлға әлі де тың, қызметін қаламыздағы спорт мектебінде жалғастыруда. Тіпті, Гүлжаханның анасы – Зейнеп Бекенова да ұстаздық қызметте ұзақ жылдар тер төге еңбек еткен. Тынымсыз еңбек жолында Зейнеп апай “Қазақ ССР оқу ісінің үздігі” деген марапатқа да ие болған. Төл перзенттері болып саналатын қыздары Гүлжаханның қоғамда айшықты кірпіш болып қаланғаны ата-анасының мерейін әрдайым өсіреді.

Ата-анасының асыл құндылықтарын бойына сіңірген және олардың сара жолын жалғастырушы Божбанбаева Гульжахан Оразбекқызы мұғалімдік мамандықты оқып игергеннен кейін, 1994ж. еңбек жолын №31 балабақша- мектебінен бастайды. Балаларға деген ыстық ілтипаты ерекше жан талай шәкірттің шамын жағады. 2001ж.бастап Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар мұғалімі қызметін одан әрі жалғастырады. Білімнің кілтін балаларға ұстатып, олардың жүрегінен орын алған ұстаз 2002 жылы ОҚО “Панорамалық сабақтар” сайысына қатысып бас жүлдені иеленіп, Республикалық сайысқа жолдама алады. Нәтижесінде II-Республикалық “Панорамалық сабақтар” сайысына қатысып, одан алғыс хатпен марапатталады. 2006 жылы Қалалық Білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық оқуында белсенділік танытып, шығармашыл ізденістерімен дараланып 3 орын алған.

2006ж. Г.О.Божбанбаева директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Кәсіби біліктілігінің, шығармашылығының, өмірге деген көзқарасының арқасында саналы еңбек нәтижесінде қалыптасқан тұлға өз ортасында дараланып оқ бойы озық тұр десек те болады. Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда қалалық, облыстық, республикалық семинарлар өткізу барысында ол бастауыш сынып мұғалімдерін айрандай ұйытып, шеберлікпен ұйымдастырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп жөн сілтеуден жалыққан емес.

“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”,-деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, тарих және география пәнінің мұғалімі әрі директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Божбанбаеваның өлшеусіз еңбегі еленіп, 2014 жылы мұғалімдер үшін ең жоғары мәртебелі награда республикалық “Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің, 2016ж. республикалық ”Шығармашыл, тәжірибелі мұғалім” төсбелгісінің иегері атанған. Республикалық, облыстық, қалалық, қала әкімінің, “НұрОтан” партиясының т.б. алғыс хаттарымен, Мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған.

Ұстаздық пен басшылық қызметті қатар алып жүрген, шебер-мұғалім, жаңашыл-мұғалім, зерттеуші-мұғалім сапаларын меңгерген, мұғалім деген қасиетті аттың иегері – Г.О.Божбанбаеваға еңбекте толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше