Жаңа сабақтар

Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесінің кей іпкерлер әлемі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 3-сабақ

Сыныбы: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Балгимбекова Акнур Габдуллаевна

Бөлім тақырыбы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…
Сабақ тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесінің кейіпкерлер әлемі
Оқу мақсаты: 6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау;

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады:

  1. «Қажымұқан» повесіндегі кейіпкерлер бейнесін сипаттап жазады;
  2. «Қажымұқан» повесі бойынша хабарлама жазады;
  3. «Қажымұқан» повесі кейіпкерлерінің жаңашылдығына баға береді;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы құндылықтарды қазіргі заман құндылықтарымен салыстырады

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Жас ұрпақты спортқа, өнерге шақыру мақсатында үндеу жазады

Бағалау критерийлері
  1. Кейіпкер бейнесін сипаттауда әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланады;
  2. Хабарламада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі ашылады;
  3. Баға беру барысында сол заманның жағдайы талданады.
  4. Шығармадағы және қазіргі заман құндылықтарының ұқсастығы мен айырмашылығы көрсетіледі;
  5. Үндеу хат тыңдарман сезіміне әсер етеді.
Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту:

Анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру

Үштілділік:

Повесть, кейіпкер

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Жалшылық, сақылдаған сары аяз, қырау, пұт, сарай, кеспек, кіреші бай, сырғауыл, биялай, қожайын, городовой, кіресін алу.

Талқылау сұрақтары:

Кейіпкерлер бейнесінен қандай адами қасиеттерді бойымызға сіңіреміз?

Құндылықтарды қалыптастыру Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Ресурстар/ Ресурсы Таратпа материалдары, кестелер, қима қағаздар
Оқыту
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Саралау тәсілдері Қалыптастырушы бағалау тәсілдері
Сабақ басы

2 минут

3 минут

Мақсат: топқа бөлу, тақырыпты болжату.

Орындалу шарты: үш топтың алдына үш түрлі мақал жазылып қойылады. Оқушыларға осы мақалдардың сөздерінің қиындыларын таратамын. Өздеріне берілген сөздер қай мақалдан алынғанын табу арқылы 3 топқа бөлінеді. Мақалдарыңың мағынасын ашады.

І топ « Ер сүрінбей ел танымас,

Ат сүрінбей жер танымас»

ІІ топ «Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар»

ІІІ топ «Батыр туса- ел ырысы,

Жаңбыр жауса- жер ырысы»

1. «Броундық қозғалыс» әдісі бойыншасынып бөлмесі қабырғаларында ілінген сандар мен сөздерді сәйкестендіре отырып, алып адам бейнесін көз алдарына елестету арқылы тақырыпты болжайды.

2. Оқушылар осы сабақтағы өз міндеттерін анықтау үшін сабақ мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін болжайды. Рубриканы ұсынамын. Қосымша 1.

Мақал сөздерінің қиындыларын алып, өзінің тиісті тобына отырады.

Сынып бөлмесі қабырғаларында ілінген сандар мен сөздерді сәйкестендіре отырып, алып адам бейнесін көз алдарына елестетеді.

  1. Хабарламада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі ашылады;
Мұғалімнің кері байланысы арқылы оқушылар өз жауаптарының дәлдігін анықтайды.
Сабақ ортасы

3 минут

6 минут

5 минут

7 минут

11 минут

Мақсаты: Өткен сабақты еске түсіру

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

«Оқиға қай кезеңде жазылған?»,

«Оқиғаның кейіпкерлері кімдер?»,

«Оқиғада қандай өнер түрлері айтылады?».

1-тапсырма:

Мақсаты:кейіпкерлер бейнесін сипаттап жазу.

«Концептуалдық кесте» әдісі бойынша шығармада суреттелетін кейіпкерлердің салыстырмалы мінездемесін жасаңыздар.

Кейіпкер Іс-әрекеті Байқалатын мінезі
І топ Митька
ІІ топ Орлий Масликов
ІІІ топ Иван Лебедев

2-тапсырма:

Мақсаты: кейіпкерлерінің жаңашылдығына баға беру, хабарлама жазу

«Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» тақырыбында («ПОПС формуласы» бойынша) хабарлама жазыңдар

  1. «Менің ойымша, …»
  2. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
  3. «Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …»
  4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …»

3-тапсырма:

Мақсаты: Шығармадағы және қазіргі заман құндылықтарын салыстыру.

Кестені толтырыңыз.

Құндылықтар
ХХ ғасырда ХХІ ғасырда
Айырмашылықтары
Ұқсастықтары

4-тапсырма:

Мақсаты: Жас ұрпақты спортқа, өнерге шақыру мақсатында үндеу жазу.

«Елдің даңқын ер шығарар» тақырыбында үндеу жазыңыз.

Деңгейі төмен оқушылар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді;

Деңгейі орташа оқушылар шығармада суреттелетін кейіпкерлерге өз мінездемесін береді.

Деңгейі жоғары оқушылар кейіпкерлер образына пікір білдіреді.

Деңгейі төмен оқушылар

Қажымұқанға тән қасиеттерді жазады;

Деңгейі орташа оқушылар кейіпкер бейнесін саралай отырып, шығармадан мысал келтіреді;

Деңгейі жоғары оқушылар мысалдарын өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді.

Берілген сөйлем формаларын толықтыру арқылы хабарлама жазады.

Деңгейі төмен оқушылар баға беру барысында сол заманның жағдайын талдайды;

Деңгейі орта оқушылар шығармадағы құндылықтарды қазіргі заман құндылықтарымен салыстырады;

Деңгейі жоғары оқушылар жас ұрпақты спортқа, өнерге шақыру мақсатында үндеу жазады.

Өзге тoп oқушылaрын тыңдaй oтырып, «3-2-1» әдiсi aрқылы бiрiн – бiрi бaғaлaйды.Oсы тoп ұсынғaн 3 мaңызды aқпaрaт, 2 қызықты aқпaрaт, 1 менiң ұсынысым.

Оқушылар өз тапсырмаларының дұрыстығын топ ішінде тексеріп, топ мүшесі көпшілікке оқиды, басқа топтар мадақтау мен толықтырулар жасау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін пайдаланады.

Өзге оқушылар «Жапондық» әдіспен бағалайды.

Оқушылар бірін-бірі «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

1 шапалақ – орташа

2 шапалақ – жақсы

3 шапалақ – керемет

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия

«Кері байланыс бутерброды» тәсілі

Оқушылар алдымен жағымды түсініктеме беріп, артынан құрылымды сын айтып, соңынан тағы жағымды пікір білдіреді:

Маған … ұнады, себебі … . Келесі жолы … ұсынамын. Дегенмен, …

.
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы / Рефлексия учителя по проведенному уроку
Жалпы бағасы / Общая оценка

Мұғалімнің бақылауынша, сабақта оқыту үдерісі қалай іске асты? Жоспарлаған тапсырмалардың барлығын орындауға оқушылар үлгерді ме? Сабақ барысында жоспардан тыс қандай қосымша іс әрекет қосылды, қайсы алынып тасталды?

Оқушылардың рефлексиясы бойынша, сабақ үдерісі қалай өтті? Оқушылар өз рефлексиясында қандай жауаптар ұсынған? Сіз келесі сабағыңызда өз бақылауыңыз бойынша, оқушылардың рефлексиясы бойынша нені өзгертесіз?

Қосымша 1

Критерийлер: Дескрипторлар:
Кейіпкер бейнесін сипаттауда әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланады — шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді;

— кейіпкерлер образына пікір білдіреді

Хабарламада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі ашылады -Қажымұқанға тән қасиеттерді жазады;

— кейіпкер бейнесін саралай отырып, шығармадан мысал келтіреді;

— мысалдарын өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді

Берілген сөйлем формаларын толықтыру арқылы хабарлама жазады.
Баға беру барысында сол заманның жағдайы талданады — баға беру барысында сол заманның жағдайын талдайды;

— шығармадағы құндылықтарды қазіргі заман құндылықтарымен салыстырады;

-қосымша ақпараттарды пайдаланып үндеу жазады;

-өмірден мысалдар келтіре отырып жазады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.