Жаңа сабақтар

Наймандар, керейіттер, жалайырлар

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы

Гали Бегалиев атындағы ОЖББМ
тарих пәні мұғалімі Сариева Рима Сабитовна

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Г.Бегалиев ожббм
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сариева Р.С
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Наймандар,керейіттер және жалайырлар

Зерттеу сұрағы: Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақтың мақсаты Барлык окушылар, Хғ. –ХІІІ ғ. басындағы мемлекеттерді есіне сақтайды , атайды, картадан көрсетеді.

Басым бөлігі: VI – IX ғғ. мен Х-ХІІ ғғ. карталарын салыстырып, Қазақстанның саяси картасында орын алған өзгерістерді анықтайды.Наймандар, жалайырлар және керейіттер мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреді.

Кейбірі: Х – ХІІІ ғғ. басындағы мемлекеттердегі саяси сахнадағы үдерісін талдайды

Ойлау дагдылары Білу.түсіну,қолдану және талдау
Бағалау критерийі
  • Наймандар, жалайырлар және керейіттер мемлекеттерінің картадағы территориясын көрсетеді.
  • Мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады, анықтайды
  • Наймандар, жалайырлар және керейіттердің саяси сахнадағы рөлін сипаттайды, салыстырады, талдайды, қорытындылайды.
Тілдік мақсаттар Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: наймандар, керейіттер,жалайырлар,ұлыс, бұйрық, манақ

Жазылымға және оқылымға арналған сөз тіркестері :

  • Найман, керейіт,жалайыр атауының мағынасы ….
  • ХІІ ғ. найман ұлысында іс – жүргізу қызметі …
  • Мәтінді оқып, талдайды…
  • Венн диаграммасы, класстер әдістеріайырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдап жазып, таныстыру

Айтылым,жазылым,тыңдалым: «Гаухарлар иерархиясы» әдісі арқылы бір біріне ойларын ортаға салып, тыңдайды

Айтылым: жұмыстарын қорғайды, сұрақтарға өз ойларын айтады

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • «бұрын, бұрын, қазір,кейін, кейін» сөз тіркесін қолданып
  • Жалайыр ордасының моңғолдардан дербестік ала алмауының басты себебі…
Құндылықтарға баулу Отанды, туғанжерді сүюге баулу, ата – бабамызды құрметтеуге тәрбилеу. Х – ХІІғ. Басындағы мемлекеттердің қазақ халқының қалыптасуындағы алған орнына баға беріп, құрметтеуге үйрету.

«Мәңгілік ел» құндылықтары:Түркі тілдес мемлекеттермен тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы екендігін бойларына сіңіру. Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс География, дүниежүзі тарихы
Тақырып бойынша алдыңғы білім Қыпшақ мемлекетінің тарихтағы орны. «Дешт» Қыпшақ», «Қыпшақ даласы», «Ұлы Дала елінің» атаулары.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды әр тайпаның аты жазылған қима қағаздарды беру арқылы топқа бөлу (ЖАДА – бір топта қарқыны жоғары, қарқыны орташа, қарқыны төмен оқушыларды жинақтау үшін қима қағаздары қызмет етеді)

Түрткі сұрақ:Топтың аттары нені білдіреді?

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

«Ой түрткі» сұрақтары:

Барлық оқушыға: Қазақстанның VI – ІХ ғғ. және Х – ХІІІ ғғ. картасын және қазіргі кезеңдегі саяси карталарын слайд бойынша көрсетіп, «бұрын, бұрын, қазір,кейін, кейін» сөз тіркестері арқылы ой шақыру әдісі ұйымдастыру; сұрақтар қойып, әңгімелесу (топтарға А – 4 қағазға шығарылған Қазақстан картасының бірнешеуін таратып беремін)

Диалог сұрақтары:

  • Бұл суреттен нені көріп тұрсыздар? (Қазақстанның картасын)
  • Қандай шешімге келдіңдер, қандай қорытынды айтар едіңдер? (бұл о.ғ. картасы, бірнеше мемлекеттер болған)
  • VI – IX ғғ. бұрын қандай мемлекеттер болған? (Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқтар, Қимақ, Оғыз)
  • Одан бұрын қандай елдер болған еді? (темір дәуірі кезіндегі тайпалық одақтар сақтар, үйсіндер, ғұндар,сарматтар)
  • Хғ. – ХІІІ ғ. қандай мемлекеттер пайда болған? (Қыпшақ, Наймандар, Керейіттер, Жалайырлар)
  • Қазір ХХІғ. басындағы картадан не көріп тұрсыздар?
  • Демек, біз кімдердің ұрпағымыз, кімдердің мұрагерлеріміз? (Түркі тілдес халықтардың)

ҚБ (ынтанландыру): Мадақтау сөзі

Саралау: Оқушыларды қима қағаздарды беру арқылы топқа бөлуде ЖАДА құрып, яғни, бір топта қарқыны жоғары, қарқыны орташа, қарқыны төмен оқушыларды жинақтаймын.

«Ой түрткі» сұрақтары арқылы сабаққа бастама жасалады.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

1тапсырма. Топтық жұмыс.

«Картамен жұмыс»

Әр топ берілген мәліметтерімен танысып, алдарына берілген картаға тайпалардың территориясын, қандай мемлекеттермен шектесетінін А3 форматына түсіріп, таныстырады.

Наймандар., Керейіттер , Жалайырлар

Бағалау критерийлері Дескрипторлар
Х – ХІІІ ғ.басындағы мемлекеттерді есіне сақтайды, атайды, картадан көрсете алады.
  • Х – ХІІІғғ. басындағы мемлекеттердің территориясын қызыл бояумен белгілейді;
  • Х –ХІІІғ. басындағы мемлекеттердің қандай мемлекеттермен шектесетінін картадан белгілеп көрсетеді

ҚБ. Дескрипторды басшылыққа алып, дұрыс жауптарын көрсеткен оқушыларды жетонмен бағалаймын.Саралау: топтағы қарқынды оқушылармен қарқыны төмен оқушылардың арасында диалог қалыптастырып, бір –біріне көмектесу арқылы қарқын жүзеге асады.

2 тапсырма. Топтық жұмыс:

Оқушыларға найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды? деген сұрақ қойып, талқылау жүргізуді тапсыру

3 топқа ықшамдалған мәтін ұсынып

1 топ: Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайын Венн диаграммасына салып, ұқсас ерекшеліктерін Венн диаграммасы әдісі арқылы (жазылым,айтылым) салыстыра талдайды.

Мемлекеттер Ерекшелігі Ұқсастығы
Наймандар
Керейіттер
Жалайырлар

Дескриптор:1. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің ішкі саяси өміріндегі 3 ерекшеліктерін анықтайды

2. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің ішкі саяси өміріндегі 3 ұқсастығын анықтайды

2 топ: Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің сыртқы саяси жағдайын сипаттайтын мәліметтерді кластер әдісі бойынша тарқатып жіктейді.

Дескриптор:

  1. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің бейбіт қарым – қатынастағы көрші мемлекеттерді топтастырады;
  2. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерінің көрші елдермен бейбіт қарым – қатынасын талдап, жазады
  3. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттерімен жауласушы елдерді топтастырады;
  4. Наймандар, Керейіттер, Жалайыр мемлекеттері мен жауласушы елдердің өзара қақтығыстарын көрсетеді

3 топ :Х – ХІІІ ғ. өмір сүрген мемлекеттердің ортақ ыдырау себептері қандай?Оқушылар ыдырау себептерін анықтағаннан кейін

«Карточкалар иерархиясы» әдісі бойынша маңыздылығына қарай орналастырады және дәлелдейді. (Айтылым)

Дескрипторлар:

  • Х – ХІІІғғ. өмір сүрген мемлекеттердің ортақ ыдырау себептерінің 3 еуін анықтайды;
  • Маңыздылығына қарай ретпен қояды;

Әр топ өздерінің жұмыс нәтижелерін флипчарт арқылы көрсетеді. Жұмыстарын қорғауда барлық топтардың назарын аударту үшін «Түртіп алу» (Жазылым, тыңдалым) әдісін қолданады.

Ішкі саяси жағдайы Сыртқы жағдай Ыдырау себептері

ҚБ. «Серпілген сауал» арқылы бағаланады.Саралау: топтарға әр түрлі жұмыстар беру арқылы оқушылардың өз бетімен білім алуға бағыттаймын, қарқынды оқушының ұйымдастыруымен топтағы тапсырмаларға барлық оқушыларды қамтылуын назарда ұстап, қарқыны төмен оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы қолдау көрсетемін. Тапсырмалар орындап болған соң оқушыларды сабаққа назарын аударту және басқа топтардың мәліметтерін де тыңдап талқылау үшін «Түртіп алу» әдісі пайдаланамын. «Серпілген сауал» арқылы қарқынды оқушыларға қосымша күрделі сұрақтар, қарқыны төмен оқушыларға жеңіл сұрақтар қойып оқу мақсатына жеткіземін

www.псі.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды кезеңі.

Рефлексия пирамидасы:

Есте сақтау керек 1 маңызды мәлімет;

Менің көбірек білгім келген 2 мәлімет

Мен білген 3 мәлімет

Мен үйренген 4 мәлімет

Саралау – Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қоладауды қажет ететін оқушылар үшін:

Топтық жұмысқа тарту, «Түрткі сұрақтар» арқылы диалогқа тартып, бағыттау, картамен жұмыс жасайды

Аз қолдауды қажет ететін оқушылар үшін: Топ жұмысын ұйымдастырады, Топтық жұмыстар: «Ішкі саяси жағдайы.», «Сыртқы саяси жағдайы.», «Қоғамдық құрылысы» мәтіндерін талдайды,топқа түсіндіреді.

Бұл бөлімде оқушылардың * «Түрткі сұрақтар» , «Қошемет», әдісі арқылы оқушыларды қолдау жасалады;

  • «Ашық микрафон» әдісі арқылы бағалайды;
  • Оқушының ішкі уәжі арттыру мақсатында мақтап , мадақтап отырамын
  • «Пирамида» рефлексиясы арқылы оқушы тақырыпты меңгеру деңгейін бағалаймын
Сыныпқа жарықтың түсуі, парталардың орналасуы талапқа сай болуын қадағалау.

Карталарды, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетілуі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.