Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу. (1-сабақ)
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : 5.1А Натурал сандар және нөл саны
Мектеп : Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі Күні: 13.09.17ж Мұғалімнің аты жөні: Хитарова Мариям Сафиоллина Сынып: 5 Қатысқандар – Қатыспағандар – жоқ |
|||||
| Сабақ тақырыбы | Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу. (1-сабақ) | ||||
| Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары | 5.2.2.1Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;
5.2.2.2 Теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану; |
||||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады:Теңдеу, теңдеудің түбірі, теңдеудің шешімі ұғымдарын және белгісіз компонентті табу ережесін біледі, қарапайым теңдеулерді шеше алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Күрделі мәтіндегі теңдеуді ықшамдайды, теңдеулердің шешу жолдарымен танысады және дұрыстығын тексереді. Кейбір оқушылар істей алады:Күрделі мәселе есептерге теңдеуді құрып, шешімін табады. |
||||
| Бағалау криитерийі |
|
||||
| Тілдік мақсаттар |
|
||||
| Құндылықтарға баулу | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып жұмыс істеуге , бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға, ізденуге тәрбиелеу. | ||||
| Пәнаралық байланыс | Өзін өзі тану пәні (топқа бөлу, көңілді жаттығулар, смайликтер), жаратылыстану (қалыптастырушы тапсырмалар) | ||||
| Алдыңғы білім | санды өрнек, әріпті өрнек, арифметикалық амалдар, белгісіз компонент,өрнекті ықшамдайды. | ||||
| Сабақ барысы | |||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы
5 мин 3 мин |
-оқушылармен амандасу; -жоқ оқушыларды белгілеу; Көңіл күйін анықтау мақсатында білім алушыларға смайликтер үйлестіріліп, сол смайликтер арқылы оқушылардың көңіл күйі сұралады. Мақсаты: Жағымды психалогиялық ахуал қалыптастыру.
CТО технологиясының «Шатасқан баулар» стратегиясы бойынша топтарға ортақ ауызша есеп беріледі. Мақсаты: өткен тақырыпты еске түсіру.
Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет!… ) |
Смайликтер
слайд |
|||
| Сабақтың ортасы
7 мин 8 мин 2 мин 8 мин |
Сараланған тапсырмалар
Оқушыларға тақырып бойынша «Ой қозғау» сұрақтары беріледі. І топқа
Анықтама: Мәні анықтауды қажет ететін теңдік теңдеудеп аталады, Мысалы, 5 + х = 12, 12 – z = 5 – теңдеулер. 22 + х = 27 теңдеуiнiң шешiмi 5 саны, өйткенi теңдеудегi х-тiң орнына 5-тi қойсақ, 22 + 5 = 27 дұ рыс теңдiгiн аламыз. ҚБ: «Шапалақ» ІІ топқа
•Анықтама: Теңдеудегі әріптің орнына қойғанда оны дұрыс санды теңдікке айналдыратын сан теңдеудің түбірі деп аталады. Мысалы, 5 + х = 12 теңдеуінің шешімі 7 саны, себебі 5 + 7 = 12. Теңдеудiң бiрнеше түбiрi болуы немесе түбiрi болмауы мүмкiн. Мысалы, (х – 12) · (х – 13) = 0 теңдеуiнiң 12 және 13 сан дары болатын екi түбiрi бар, ал х · 0 = 15 теңдеуiнiң түбiрi жоқ. ҚБ: «Бағдаршам» ІІІ топқа
•Анықтама:Теңдеуді шешу дегеніміз теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету. Мысал -2: Шешуі: 72 : (х + 12) = 4 Берілген теңдеуде х + 12 бөлгіші х + 12 = 72 : 4 белгісіз. Белгісіз бөлгішті табу х + 12 = 18 үшін бөлінгішті бөліндіге бөлу к\к Енді х + 12 = 18 теңдеуін шешеміз.Мұнда х = 18 – 12 қосылғыш белгісіз. Белгісіз х = 6 қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосындыны азайту керек. Тексеру: 72 : (х + 12) = 4 72 : (6+ 12) = 4 72 : 18 = 4 ҚБ: «Басбармақ» І.Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Шарты: 3 топқа А3 формат, стикерлер мен маркерлер таратылады. Топ мүшелері постерлерін қорғайды. 1 топқа: Үш құрылыс бригадасында барлығы 103 адам бар. Екінші бригадағы адамдар саны біріншідегіден 3 есе артық, ал үшінші бригадада екіншіге қарағанда 12-ге артық. Әрбір бригадада қанша адам бар? 2 топқа: Кәмпит орайтын бір автомат минутына 440 кәмпит орайды, ал екіншісі минутына одан 120 кәмпит артық орайды. 12000 кәмпитті екі автомат бірге жұмыс істегенде қанша минутта орайды? 3 топқа:Бір станок сағатына 57 тетік, ал екіншісі одан сағатына 14 тетік кем жасайды. Екеуі бірге жұмыс істегенде 800 тетікті қаншы сағатта бітіреді? ҚБ: Әр топтың тапсырмасы постерге жазылып, тақтаға ілінеді де, интербелсенді тақтадағы дұрыс жауабы арқылы «Әткеншек (карусель)» әдісімен басқа топтар дискрипторларды қаперге ала отырып тексереді.
Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану. Бағалау критерийі: Білім алушы: -арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесін пайдалана отырып, теңдеу шешімдерін айнымалыны түбірмен алмастыру әдісімен шығарады; -теңдеу шешімдерін кері амалдар әдісімен тексереді; -мәселе есеп мазмұнымен танысып, теңдеу құрады, теңдеу шешімін дәлелдейді. 1-тапсырма. Теңдеуді шешіңіз. а) 324 : y = 36. б) 4) (y + 96) – 73 = 515. Дескриптор: Білім алушы: -белгісіз көбейткішті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеулерді шешеді; -белгісіз бөлінгішті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді. – шыққан мәнін белгісіз айнымаллының орнына қойып тексереді. 2-тапсырма. Теңдеудің түбірін табыңыз. (12m–5m) · 4=252 Дескриптор: Білім алушы: -айнымалыны түбірмен алмастыру әдісін пайдаланады; -кері амалдар әдісін қолданады. |
«Математика-5»
А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә. Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2017 А3 форматты қағаздар, стикерлер, маркерлер Таратпа материал слайд |
|||
| Сабақтың соңы
3мин |
Кері байланыс.
Кері байланыс. «Сенім ағашы». Тақырыпты меңгердім деген оқушылар сабақ басында берілген фигураларын жоғарға орналастырады, ал сабақты дұрыс түсінбедім, өзіне сенімсіз оқушылар ағаштың төмен жағына орналастырады. Фигуралардың арт жағына есімдерін жазады. |
||||
| Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
| Ұйымдасытру бөлімінде жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін смайликтер арқылы оқушылардың көңіл күйін анықтаймын. Топтық жұмысты ұйымдастыру мақсатында оқушыларды санды өрнек, әріпті өрнек, ариф амалдар тобына бөлемін. СТО ның «Шатасқан баулар» стратегиясы бойынша өткен тақырыпты қайталайды.
«Ой қозғау» сұрақтарын беріп білімдерін тиянақтайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әр топқа тапсырмалар беріледі, |
Формативті бағалау түрлері: «Мадақтау», «Бағдаршам», «Смайликтер», «Шапалақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдістері. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы бағаланады. |
-Денсаулық сақтау үшін «Көңілді жаттығулар» сергіту сәтін; -АКТ-ны уақытында қосып, сөндіруді қадағалаймын. |
|||
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі Хитарова Мариямның
математика пәнінен 5-сыныпқа
арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
