Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы
білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Меңдіғалиева Алмагүл Ерсайынқызы
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3 | Мектеп: Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі | ||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Меңдіғалиева А.Е | ||
| Сынып: 5 | Қатысқандар | Қатыспағандар | |
| Сабақтың тақырыбы: | Қазақ халқының салт- дәстүрлері | ||
| Осы сабақта қол жеткізетін
оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) |
5Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу | ||
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: Оқылған мәтіндегі жалпы ақпараттарды қолданып, мәтін құрайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Басты ақпараттарды пайдаланып мәтін құрайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Ақпараттарды сақтай отырып саралайды, жинақы мәтін жазады. |
||
| Бағалау критерийлері: | 1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды
2.Ақпараттарды қолданып жинақы мәтін жазады. |
||
| Тілдік мақсаттар | Өз ойларын жүйелеп жаза алады Ақпаратты саралай алады. | ||
| Құндылықтарға баулу | Отбасындағы тәлім- тәрбиеден үлгі алу керектігін ұғынады | ||
| Пәнаралық байланыс | Әдебиет, өзін-өзі тану | ||
| Осыған дейін меңгерген білім | Салт- дәстүрлер туралы біледі | ||
| Жоспар | |||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
| Сабақтың басы
2 минут |
Салт- дәстүр атауларымен 3 топқа бөлінеді «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Тілашар» топтары | Суреттерін таңдауды | |
| Сабақтың ортасы
2 минут 8 минут Бағалау критерийі: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды 6 минут 15 минут Бағалау критерийі: Ақпараттарды қолданып жинақы мәтін жазады. |
Оқылым алды «Ой қозғау» әдісі
Салт-дәстүр суреттерікөрсетіледі. Халқымыздың қандай салттары бейнеленген ? «10 сөз» Салт – дәстүрге қатысты 10 сөз айту ҚБ. Мұғалім бағалауы Мадақтау «Өте жақсы», «дұрыс», т.б ЖЖ Оқылым кезеңі «Жұптық әңгіме»әдісі Мәтін: Салт-дәстүр атадан балаға мұра болып жалғасып отырады.Қазіргі кезде заманына қарай өзгерістер болғанымен түпкі негізі сақталады. Мысалға айтсақ, біздің елімізде сүндет той, тұсаукесер, қыз ұзату, келін түсіру деген сияқты рәсімдер бұрынғы аталарымыз жасағаннан өзгеше болғанымен дәстүр жалғасып келеді. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Тапсырма:1.Мәтінді оқып, жұбыңа әңгімеле. 2.Жұбыңмен бірге негізгі ақпаратты белгіле. Дескриптор. 1.Мәтінді оқып, жұбына әңгімелейді. 2. Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілейді. ҚБ «Бас бармақ» әдісі Оқылымнан кейінгі кезең« Серпілген сауал» әдісі Ж 2-тапсырма Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар (ашық, жабық сұрақтар) 1.Мәтінде қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері аталады? 2.Салт-дәстүрлер қазіргі заманда қалай көрініс тапқан? 3.Қазақ халқы бала тәрбиесінде қандай әдістерді пайдаланған? 4. Баланы ерте жастан жауапты іске тартудың мәні неде? ҚБ. «Қол шапалақтау» С 3-тапсырма Негізгі мәліметтерді сақтай отырып , жинақы мәтін жазыңыз. Жинақы мәтін құрастыру жолдары ұсынылады: –Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау. -Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу. -Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау. Берілетін тірек сөздер: Салт-дәстүр, сүндет той, тұсаукесер, келін түсіру,баланың есеюі, үлгі-өнеге, атқа мінгізу, қозы баққызу, отбасындағы жарасымдылық. Критерий:
Дескриптор: 1.7 сөйлемнен тұратын жинақы мәтін жазады 2.Негізгі ақпараттарды пайдаланады 2.Ойларын жүйелі білдіреді ЖЖ «Тексеріп оқу » әдісі Оқушылар жұп болып бір-бірінің шығармаларын оқып, қарындашпен келісілген критерийлерге сәйкестігіне қатысты бағалайды ҚБ. Критерий бойынша өзара бағалау Оқушылар критерийге сай болса құс тұмсық белгісімен, толық болмаса сұрақ белгісі арқылы белгі қойып отырады. |
Интербелсенді тақтадан суреттер
көрсетіледі Сөздер: Шілдехана, бесік той, сүндет той, тілашар, беташар, тойбастар, құдалық, кәдесый, байғазы, бастаңғы hittps||kk.m.Wikipedia. orq |
|
| Сабақтың соңы
7 мин |
ТЖ
1 минут. Оқушылар топпен ақылдасады. Топтан 1 оқушы 1 минут ішінде тақырып бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз, қатесіз сөйлейді. Кері байланыс Әр топтың партасында үрлеулі тұрған шарға маркермен бүгінгі сабақ туралы көңіл – күйлерін, тілектерін, нені түсінді, нені түсінбегені туралы жазады. |
Шарлар, маркер | |
Меңдіғалиева Алмагүл Ерсайнқызы
Казталов ауданы
Жаңажол ОЖББМ
