Қарахан мемлекеті

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Саралжын ауылы,

М.Жүнісов атындағы жалпы негізгі

білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі

Төлегенова Айзада Молдағалиевна

Қысқа мерзімді жоспар. Қазақстан тарихы.

Сабақ: Мектеп: М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 13.11.2018 Мұғалім: Төлегенова Айзада
Сынып: 6 Қатысқандар: 7

Қатыспағандар: –

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 6.2.1.2. ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

6.3.1.4. тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер: Барлық оқушылар:

  • Ислам дінінің Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық өмірге ықпалын анықтап, тарихи терминдер арқылы жер иелену ерекшеліктерін сипаттайды;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Ислам дінінің түрік қоғамына тигізген әсерін ашады, Қарахан мемлекетінің құлау себептерін талдайды;

Кейбір оқушылар:

  • Ислам дінінің мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілу себептерін түсіндіреді, түркі қоғамына әкелген өзгерістеріне баға береді.
Тілдік мақсат: Оқушылар:

  • Топпен жұмыстанып кластер жасайды;
  • Жеке жұмыстанып кесте толтырады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ислам діні, ихта, вакф, ихтадар, коммендация, Мұса хан

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Ислам діні неліктен мемлекеттік дін деңгейіне көтерілді?

Талқылауға арналған тармақтар:

Неліктен Мұса хан ислам дінін мемлекеттік дін дәрежесіне көтерді?

Қарахан мемлекетінің құлау себептерін ата?

Алдыңғы білім: X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география
Құндылықтарды дарыту: Зайырлы қоғам және руханият

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

5 минут

Миға шабуыл: Ислам діні туралы не білесіз?

Топқа бөлу: мозайка әдісі

Ислам діні туралы төрт беттен тұратын слайд
Ортасы

15 минут

3 минут

12 минут

Топтық жұмыс: екі топқа тақырыптар бөліп беру

Бірінші топ: исламның қабылдануы

Екінші топ: қарахан мемлекетінің құлауы

(әр топ өз тақырыбы бойынша кластер дайындайды)

«Сэндвич әдісі» арқылы кері байланыс (топпен бағалау)

Сергіту сәті: Австриалиялық жаңбыр

Жеке жұмыс:

  1. Глоссарий: Қарахан мемлекетіндегі жер иелену мен салық түрлерінің атауына сәйкес мағына беріңіз
  2. Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауының себептерін көрсетіңіз
  3. Қароахан мемлекетінің құлау себептерін анықта
  4. Кесте толтыру: Ислам дінінің Қарахан мемлекетіне әкелген өзгерісін сипаттаңыз

Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау

  1. Глоссарий
    Қарахан мемлекетіндегі жер иелену мен салық түрлерінің атауына сәйкес мағына беріңіз (5 ұпай)
Ихта
Ихтадар
Вакф
Мүлік
Коммендация
Бағалау критерийі Дескриптор
Қарахан мемлектеіндегі жер иелену түрлерін сиапттайды
  • Қарахан мемлекетіндегі жер иеліктерін атайды;
  • Қарахан мемлекетіндегі салық түрлерін атайды
  1. Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауының себептерін көрсетіңіз 7 ұпай
Бағалау критерийі Дескриптор
Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауының себептерін көрсетеді
  • Жеке себептерін анықтайды
  • Сыртқы саясаттағы себептерін көрсетеді
  • Территорияны кеңейтудегі мақсаттарын анықтайды
  1. Кесте толтыру. 8 ұпай

Ислам дінінің Қарахан мемлекетіне әкелген өзгерістерін сипаттаңыз

Мемлекеттік басқаруда Құры-лыста Мәде-ниетте тұрмыста
Бағалау критерийі Дескриптор
Ислам дінінің Қарахан мемлекетіне әкелген өзгерістерін сипаттайды
  • Мемлекеттік басқарудағы өзгерістерін көрсетеді;
  • Құрылыста орын алған өзгерістерін сипаттайды
  • Мәдениетте орын алған өзгерістерді сиапттайды
  • Тұрмыстағы өзгерістерді сипаттайды
  1. Қарахан мемлекетінің құлау себептерін анықта. 4 ұпай

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше