Аңыз кейіпкерлері. Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Саралжын ауылы,
М.Жүнісов атындағы жалпы негізгі
білім беретін мектебінің
қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Адилова Гульфарам Амантайқызы
| Пәні: қазақ әдебиеті | Мектеп: М. Жүнісов атындағы НЖББМ | ||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Адилова Гульфарам Амантайқызы | ||||
| Сынып: 9 | Оқушылар саны: 3 | Қатыспағандар:0 | |||
| Сабақтыңтақырыбы | Аңыз кейіпкерлері. Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе | ||||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Аңыздардағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу; | ||||
| Күтілетін нәтиже | А) Шығармадағы кейіпкердің образын талдайды;
Ә) Аңыз әңгіменің күнделікті тұрмыстан шыққандығын ажыратады, бүгінгі өмірмен байланыстырады. |
||||
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Эссе, жеке жұмыс, АКТ | ||||
| Осыған дейін меңгерілген білім | Аңыз түрлері. Тарихи, күй аңыздары | ||||
| Жоспар | |||||
| Жоспарланатын уақыт | Дереккөздер | ||||
| Сабақтың басы
10 минут 5 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі
Смайликтер арқылы амандасу тренингі. Шеңберге тұрып, бүгінгі көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету,. ІІ.Үй тапсырмасын оқушылар өзі қалаған жерге іледі. Жолдастарының жазған эсселерін оқып, смайлик не фигуралар арқылы бағалайды. Өзіне ерекше ұнаған эссе туралы пікірін айтады. Тұсаукесер. Аңыз кейіпкерлері кімдер? Өздері ойларын топта талқылап айтады. |
||||
| Сабақтың ортасы
10 минут |
3 оқушыға Жиренше туралы постер қорғау, Қожанасыр туралы Алдаркөсе туралы хикаялардың тәрбиелік мәніпроектрдан мультфильмдерді талдау. Олардың тәрбиелік мәні туралы ой жинақтайды, осыған сәйкес келетін мақал-мәтелдермен түйіндейді. Дереккөздерден берілген хикаялармен таныса отырып оның тәрбиелік мәні туралы пікір айтады. Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды. | «Аңыз Адам» журналы | |||
| Сабақты бекіту
10 минут |
Ой толғаныс
Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,… » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім |
||||
| Сабақтың соңы
5 минут |
Кері байланыс.
«Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? |
||||
| Үй тапсырмасы | Жиренше мен Қарашаш туралы деректер жинау | ||||
