Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетт ері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ ауданы № 1 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Калилаева Шамшат Қуатқызы

Сабақ тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері.

Күні: 10.10.18 ж Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі Калилаева Шамшат Қуатқызы
Сынып: 2 Ортақ тақырыбы: Менің отбасым және достарым
Бөлім: 1 В Бөлім. Сандар мен амалдар орындау. Есептер Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
Пәні: Математика
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2.1.2.3.** Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тəртібін анықтау, олардың мəнін табу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін:
амалдардың орындалу тəртібін білу,екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табу,қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін түсіну.
Бірқатар оқушылар үшін:
екі-үш амалды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
Кейбір оқушылар үшін:
үш жəне одан да көп амалдарды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
Бағалау критерийлері Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керектігін біледі.

Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тауып, теңдеуді толық шешеді.

Сурет бойынша қосуға теңдік құрастырады.
Тілдік мақсат Пəндік лексика жəне терминология:қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəні, амалдардың орындалу тəртібі.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Ауызша, жазбаша

Тірек сөз: ауыстырымдылық, терімділік

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

– Тиімді есептеу тəсілі дегеніміз не? …

– Қосылғыштарды тиімді топтауға бола ма?

– Сандарды ретімен жəне кері ретпен санай аласың ба?

– Қай қосылғыштарды қосындысымен алмастыруға болады?

– Амалдардың орындалу тəртібін көрсете аласың ба?

  • Ишара: Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, бағдаршамның жасыл түсін қоршап сыз.
  • Егер сен сабақта қиындыққа кездессең, бағдаршамның сары түсін қорша.
  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса,бағдаршамның қызыл түсін қоршап сыз.
Құндылықтар:

Акт :

Пән аралық байланыс:

Ынтымақтастық, ашықтық, сыйластық.

Аудио жазба, суреттер, слайд

Дүниетану

Тірек білімдер, білік, дағдылар Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, қосудың жазбаша тəсілдері.
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз

жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар
Басы Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

І. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Топқа бөлу. «Бағдаршам түстері» арқылы

«Біз бәріміз біргеміз!»

Біз білімді, алғырмыз,

Тәртіпті де ұйымшыл

Шапшаң дағы ойшылмыз,

Біз жұппыз,

Біз топпыз,

Біз бәріміз, біргеміз!

суреттер
Ынталандыру. Мұғалім күнделікті өмірде тиімді жəне тез есептеудің қажеттілігі туралы əңгімелейді.

– Тиімді есептеу дегеніміз не? (Шапшаң, қысқа жолмен, тез есептеу). Қосудың қасиеттері қолданылады.

Көп нəрселерді топтап есептеуге болады.

Ортасы

Білу

Тыңдалым

Түсіну

Оқылым, жазылым қатар жүреді

Қолдану.

Сәйкестендіру

Сергіту сәті:

Талдау

Жинақтау

Жазылым

Жаңа сабақ: Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

1 тапсырма: Қосылғыштардың орнын ауыстырып көр ( сұрақ-жауап арқылы түсіндіру)

– Егер қосу кезінде амалдардың орындалу ретін ауыстырса, нәтижесі өзгере ме, өзгермей ме?

4+3=7 3+4=7

2+7=9 7+2=9

Жұптық жұмыс

Суретті пайдаланып өрнек құрастыр, олардың мәнін тап.

Қорытынды жаса.

Санға қосындыны қосу үшін осы санға қосылғыштардың біреуін, содан соң басқасын қосу керек.

Бірнеше санды қосу кезінде оларды топқа біріктіруге және орнын ауыстыруға болады.

2 тапсырма: Топтық жұмыс

Есепте және жауабын тап.

Дескриптор:

– ауызша есептейді

– жылдам есептеуге дағдыланады

– өрнектің мәнін тауып, сәйкестендіреді

«Көңілді күн» музыка әуеніне билеу

Мен тағы неше моншақ салдым ?

Жұптық жұмыс «Ойлан, тап!»

Өрнектер жазып, олардың мәнін табады.

Мысалы:

( 2 + 6 ) + 8 =

10 + ( 12 – 6) =

3 тапсырма Топтық жұмыс

Суретті пайдалан. Сызба бойынша есептер құрастыр. Кері есеп құрастырып, оларды шығар.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Дескриптор:

– топта бірігіп жұмыс жасай алады

– сызба бойынша есептер құрастырады

– есептің шартын, шешуін, жауабын жазады

Оқулық, дәптер, суреттер

Суретпен жұмыс

Оқулықпен

жұмыс

Оқулықтағысуретпен жұмыс

Оқулықтағысуретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Бағалау Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалап, түсіндіреді.

Соңы Кері байланыс жасау

Оқушылар аяқталмаған смайлик арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Қосымша мәліметтер
Бағалау критерийі Дескриптор:
Қосу амлының орындалу тәртібін анықтайды;

Есептін шартын құрып, шығара алады;

– амалдардың орындалу ретін анықтап, түсіндіре алады;
– тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдануды үйренеді;
– сызба бойынша есеп құрастырып, оларды шығарады;
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

• қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады;

• жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəнін табады; амалдардың орындалу тəртібін біледі.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жеке жұмыс кезінде

Топтық жұмыс кезінде : топтар бір-бірін бас бармақ арқылық бағалайды

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. тапсырмаларды, сергіту сәтін бейнероликте көру.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Көркем еңбек, дүниетану пәнімен байланысты.

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.

Оқушының аты-жөні: _______________________________________________

1-тапсырма

Жеке жұмыс

Дескриптор
-сурет бойынша сандардың орнын тауып орналастыра алдым;
-тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдануды үйрендім;
2-тапсырма

Топтық жұмыс

-сурет бойынша берілген өрнектердегі амалдарды ретімен орындадық;
-ауызша жылдам есептедік;
-өрнектерді жауабымен сәйкестендірдік;
3- тапсырма

Жұптық жұмыс

-көршім қобдишаға салған моншақтар санын анықтай алдым;
-моншақтар реті бойынша өрнектер құрастырып, мәнін таптым;
4-тапсырма

Топтық жұмыс

-Сызба бойынша есеп құрастырдық;
-Есептің шартын, шешуін, жауабын жаздық;
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды . Бүгін оқушылар тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдануды үйренді.

Бүгінгі сабағым өз көңілімнен шықты.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты.

Уақытты тиімді пайдаландым деп ойлаймын.

Жоспарыма «Ойлан, тап!»логикалып тапсырманы қосып алдым. Бұл ойын оқушылардың ой ұшқырлығын дамытады;

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдануы,; ауызша, жылдам есептеуі)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше