Бата беру – ұлттық дәстүр

Атырау облысы Атырау қаласы

Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Оралбаева Эльмира Куанышевна

Тақырыбы: Бата беру – ұлттық дәстүр

Пәні: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3- бөлім. Мерекелер және отбасылық дәстүрлер.

Мектеп: Облыстық дарынды балалар мектеп- интернаты

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Оралбаева Эльмира Қуанышевна

Сынып: 5 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:0

Сабақ тақырыбы: Бата беру – ұлттық дәстүр
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламысына сілтеме) О5. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: «Бата беру» мәтінінің мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескереді, орфографиялық нормаға сай жаза алады

Оқушылардың көбісі: Мәтін мазмұнын нақты сұрақтар арқылы анықтайды, талқылайды, ашып көрсетеді.

Дыбыстардың үндесу жолдарын дәлелдеп, емлелік ерекшелігін көрсетеді

Кейбір оқушылар: Мәтіндегі ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстыра дәлеледер келтіреді, сыни пікір білдіре алады, ұсыныс айтады.

Бата-тілектер шығарып, орфографиялық нормаға сай жаза алады

Бағалау критерийі 1. Н.Өсерұлының мәтініндегі нақты ақпаратты анықтайды

2.Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады

3.Сөздер мен сөз тіркестеріндегі сингормонизм заңдылықтарын ауызша мәтін құрауда қолданады

Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Бата, сенім , ұлттық дәстүр, ақсақалдар,билер, дыбыс үндестігі

Түсіндірме сөздік. Аузы дуалы – 1) сөзі өтімді (адам); 2) көріпкел, айтқаны келгіш

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Аузы дуалы , көпті көрген ақсақалдар, жол ашып, бәле-жаладан қорғайды

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

1. Елді, ұл- қызды тәрбиелікке, адагершілікке, ынтымаққа баулитын далалық мектептің үлгісі іспеттес болған – Қазақ батасы қазір қаншалықты дәрежеде қолданылуда?

2. Бата түрлері мен қазіргі қолданысы неге, қалай ықпал етеді ?

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік елдің» жалпыұлттық идеясының 6- қағидаты.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Оқушы бойына рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді ұғындыру, дамыту.

Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті-бата-тілек жырлары,Ғ.Мүсірепов,М.Әуезов,Ф.Оңғарсынова шығармашылығы;

Тарихпен байланысты– Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Бейнелеу өнері– «Наурыз мейрамы», «Дастархан басында»

Тақырып бойынша алдыңғы білім Асыл әже.Үндестікке қатысты шарттылықтар.Буын үндестігі.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен) Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

5 минут

Ширату жаттығуы «Қазына іздеу жолында» тақырып ашылады.

Төле би:
– Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол. – Халқыңа әділ бол,
Жауыңа катал бол! Досыңа адал бол! –

Қазыбек би:

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа.

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!

Әйтеке би:

Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

-Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек

Сөз қуған бәлеге жолығады

Жол қуған олжаға жолығады.

Мұғалімнің әрекеті: Қазақтың ғұлама, қара қылды қақ жарған билері, шашасына шаң жұқпайтын шешендері, данагөй ақсақалдары, қадірлі қариялары бата берген. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Қазақ халқы батаға ерекше мән беріп, құрметпен қараған халық.

Бүгін Бата маңызы, батаны кімдер берген, қазіргі қолданысы туралы өтетін боламыз.Үндестік заңымен жалпы таныспыз.

Оқушылар сабақ мақсатымен таныстырылады.

Билер суреті

Билердің бата –тілектері

http://alashainasy.kz/kaz

Сабақтың ортасы

25 минут

7 минут

5 минут

4 минут

5 минут

4 минут

Сабақтың соңы

10 минут

5 минут

1-тапсырма. «Үш кезең» әдісі бойынша кесте толтыру .Барлық топқа берілген тапсырмаларды орындап,оқылым стратегиясына сәйкес кестені толтырады.Дыбыс үндестігіне сай оқылуын қадағалап отырады.

Оқыр алдында Оқу кезінде Оқығаннан кейін
Бата, аталар, қариялар, дастарқан, тілек. Бата беру

Ақсақалдар

Жол ашады

Бәле-жаладан қорғайды

Ақ тілек

Бата-қазақ халқында жақсы тілек білдірудің бір түрі…

Қазіргі кезде басқа бата-тілектер айтылады

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той иесіне арнап қол жайып, бата беріледі. Батаны, көбінесе, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де аузы дуалы билер берген. Бата қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Н.Өсерұлы

1.«Осы мәтінде кездестіремін деп ойлайтын бес сөзді атаңыз». «Тақырыпты оқығанда не туралы ойладыңыз».

2. «Тірек сөздерді бөліп көрсетіңіз»

«Мәтінді бес сөзбен қорытындылаңыз»

3. «Бата туралы мәтін бойынша ойыңызды білдіріңіз»

«Басқа көзқараста әңгімелеп көріңіз»

Дыбыс үндестігіне сай оқылуына мән беру:

1.Бата беру, адал ниет, кемеңгер…

2. Ұлттық , аруақтарға, қуаныштар…

3. Батамен, жаңбырмен, текке, айтпаған…

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау- ұсыныс айту

2- тапсырма «6 Неліктен?» әдісі бойынша

1.Мәтіндегі сөйлемдер желісінен негізгі ақпаратты анықтауға оқушылар жұптасып, бір- біріне сұрақтар қояды

2.Әрбір сұрақ алдыңғы жауаптан туындап отырады. 3.Жауап ішіндегідыбыстардың үндесу жолдарын дәлелдеп, емлелік ерекшелігін көрсетеді

1.Ұлттық дәстүрімізде маңыздылығымен ерекшеленетін қандай дәстүр? Бата беру– (а-б)

2.Бата қандай жағдайларда беріледі?Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той иесіне беріледі. (басында, ірілі-ұсақты, тойиесіне)

3.Той иесіне кімдер бата береді?

Батаны, көбінесе, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де аузы дуалы билер берген(ақсақалдар,кемеңгер, берген )

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтап,сұрақ дайындайды

– Бата туралы өз ойын айқындап, көзқарасын білдіре алады

-Дыбыс үндестігіне тоқталып, талдайды.

3- тапсырма «Үш үн, үш түйін» әдісі

1. Қазақ әдебиетіндегі ұлы жазушылардың баталарын оқып,түсінеді

2.Кімдер,қандай жағдайда бергенін анықтайды. 3.Батаның қандай түрлері болатынына,дыбыс үндестігі-сөздер қандай дауыссызға аяқталып тұр- талдау жасайды.

1.Балаңның басы үлкен болса, милы болсын,

Алыс-жақын елдерге сыйлы болсын.

Есенейдей болмасын,

Іздегені дау болмасын, өнер болсын.

Ойынан өлеңі,

Қолынан өнері төгілген шебер болсын

Аллаһу акбар! (жақын,төгілген) (Ғ.Мүсірепов)

2.Адалдан бер, ақтан бер,

Бәлекетін жатқа бер,

Ер маңдайын баққа бер!(ақтан,баққа)

(М.Әуезов)

3.Пейілдерің тарылмасын,

Есіктерің жабылмасын,

Шаршап- шалдыққандар

Төрлерінде дамылдасын! (есіктерің, төрлеріңде)

(Ф.Оңғарсынова)

4-тапсырма. «Суреттер. Не болды?» «Бейнелеу өнері » пәнімен байланысады

-Суреттерге байланысты бата түрін табады

-Оқушылар бата шығарады

-Орфографиялық нормаға сай жазады

5-тапсырма «Ақпаратты сүзу»

1.Берілген ақпаратпен танысып, өзге пікірдің қажеттісін, қажетті емесін сүлгіден өткізеді.

Өз пікірлерін білдіреді

Сұлтан САРТАЕВ, қайраткер:

– Үлкен ұстаз, ақсақал ретінде сізден бата сұрап келушілер көп болатын шығар?

– Көп болатыны рас. Кейбір жастар: «Аға, мен осындай жерде оқып жатыр едім, сізді сыртыңыздан жақсы білуші едім, батаңызды беріңізші», – деп келіп жатады. Ондайларға көбіне: «Көреалмаушылық деген теріс қасиеттен аулақ жүріңдер, шыншыл болыңдар, ілім-білім алып, үлкен азамат атаныңдар», – деп тілегімді айтамын.

– Бата бере алмайтын қарттарымыз да бар. Жастарымыздың теріс қылықтарға бой алдыруы батаның жоғалып бара жатқандығынан емес пе?

– Рас айтасың. Қазіргі баталар бұрынғыдай емес. Ертеде бата берушілер халықтың ойынан, көңілінен шығатын оралымды жақсы сөздер айтып отыратын. Қазіргілер «бақытты болыңдар» дегеннен аса алмайды. Егер біз сияқты қариялар ұл-қыздарымызға жақсы батамызды беріп отырсақ, ұрпағымыздың дұрыс жолмен жүруіне мол септігін тигізетін еді. Батаны тыңдайтын адам болса, ол оны жаңа ойға жетелеп, жаңа белестерге көтереді

Дескриптор Білім алушы

-Батаның қандай жағдайда берілетінін анықтайды- Ақпараттарды саралап,өз пікірлерін білдіре алады

-Бата шығарып, орфографиялық нормаға сай жаза алады

Қалыптастырушы бағалау

Кесте,тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар

Жалпы білім беретін мектептің

5-сыныбына арналған оқулық

Б. Қапалбек М. Жолшаева

Т. Мадиева

Алматы “Мектеп” 2017

Ғ.Мүсірепов,

М.Әуезов, Ф.Оңғарсынованың портреті

Суреттер «Наурыз» «Дастарқан »

Сүзгі суреті

Нұрмұхаммед Мамырбек «Халық сөзі» мақаласы

,

Кері байланыс

5 минут

1.Бас бармаққа – сабақтағы маңызды нәрсені жазады.

2.Балалы үйрекке- бірлесу- топта кімге көмектестім.

3.Ортан терекке- ойлану -жаңа не нәрсе үйрендім.

4.Шылдыр шүмек- шынайылық- Ұнады ма сабақ?

5.Кішкене бөбек- көңіл-күй- Сабақта өзімді қалай сезіндім?

«Бес бармақ »

суреті

Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

-Елді, ұл- қызды тәрбиелікке, адагершілікке, ынтымаққа баулитын далалық мектептің үлгісі іспеттес болған – Қазақ батасы қазір қаншалықты дәрежеде қолданылуда?

1-тапсырмада «Бата туралы мәтін бойынша ойыңызды білдіріңіз»

«Басқа көзқараста әңгімелеп көріңіз»

4-тапсырма. «Суреттер. Не болды?»

Оқушылар бата шығарып айтады.

-Ұйқасты тіркестер айта білуге баулу.

5-тапсырма «Ақпаратты сүзу»

Берілген ақпаратпен танысып, өзге пікірдің қажеттісін, қажетті емесін сүлгіден өткізеді.

Өз пікірлерін білдіреді

-Сыни көзқарастарын айтуға бағыттау.

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Қалыптастырушы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» «Мадақтау- ұсыныс айту»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше