Киелі жеті саны

Мамирканова Ақсауле Нурислямқызы,

Астана қаласы № 53 мектеп-лицей

бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу Уақыты:19.10.2018 Кабинет:208 Мұғалім:Мамирканова А.Н.
Сабақтың тақырыбы Киелі жеті саны
Мақсаты: Жеті саны туралы білімдерін толықтырып, ата тегінің тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді.
Деректер: Әдебиет оқулығының әдістемесі, интернет желісі, қосымша әдебиеттер
Сабақтың жабдығы: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер, тақта,аудио құрылғылар
Модульдері: АКТ , СТО, оқушылардың жас ерекшеліктері, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау, диалогтық оқыту
Бағалау: Өзін өзі бағалау
Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Жұптық әңгіме, Топтастыру стратегиясы
Оқыту нәтижесі Киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейтеді. Сөздік қорларын молайады. Өлеңді оқи отырып, өз сөздерімен баяндай біліп, идеясын ашуға дағдыланады.
Топқа бөлу Қатар бойынша топқа бөлінеді
Ынтымақтастық атмосферасы Сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Жұппен жұмыс.

Бағыттау сұрақтары:
– Шешендік сөздер туралы не білеміз?
-Ақиық сұңқар мәтінін өз желісінде әңгімелеу.
-Абылай хан заманындағы батырлардан кімдерді білесіңдер?
-Кітапта берілген кестені толтыру

Жаңа сабақ

Түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Киелі ұғымына тоқталу.

Киелі дегеніміз қастерлі, айрықша қадірленетін деген ұғымды білдіреді.

Киелі құстар, киелі кітап, киелі жануарлар сол сияқты киелі сандарды жатқыза аламыз.

Сұрақ – жауап.

– Кім нешеге дейін санау біледі?

– Санның шегі бар ма?

– Соның ішінде негізгі сандар қайсысы

– Соның ішінде негізгі сандар қайсысы?
– 1, 2, 3, 4, 5,6, 7, 8, 9.
Сандарды қайда қолданамыз?

Осы сандардың әрбіреуінің тәрбиелік мәні, саналы орны, қасиеті болған.

Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым – тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде ерекше қызмет атқарған.

Кітаппен жұмыс.Оқулықпен жұмыс
Жеті байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – еркіндік
Үшінші байлық – тіл байлық
Төртінші байлық – қайрат-күш
Бесінші байлық – ақ жаулық
Алтыншы байлық – балаңыз
Жетінші байлық – жүз саулық

Өзің талдап көр
Ауру−сырқаудан аман болу, есен−саулық.
Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік.
Ел тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді.
Қайрат−күш, батырлық, батылдық.
Ақ жаулық−ер азаматтың жары, әйелі.
Бала−өмірдің жалғасы.
Жүз саулық−адамның байлығы, қорадағы малы.

ІІ өлең “Жеті ата” өлеңін тізбектеп оқу.
Постер қорғау.

Жеті санына байланысты асыл сөздер:

Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу – қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.

Топтық жұмыс

1-топ

Байлық дегеніміз не? Сен үшін ең «қымбат»байлық қайсысы?

2-топ

Жеті ата кім? Жеті ата туралы не білесің?

3-топ

Киелі сандар туралы не білеміз?Әңгімелеу.

Математикамен байланыстыру

Сергіту сәті

«Ағаш» релаксация (өз өміріміздің мықты иесі болу, көз алдына елестету).

Әдемі әуен ойнап тұрады.

Ой толғаныс Шежіре – Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; Рулық, туыстық кесте.
Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп атайды.
Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Өйткені қазақта жеті атаға дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

  1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады:
    ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
    Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын

Енді, сендерге тапсырма

Мен… тұжырымдамасы бойынша төмендегі кесте толтырылады.
………………………..баламын.
……………………….немеремін.
……………………….шөберемін.
……………………….шөпшекпін.
……………………… неменемін.

Киелі ұғымына тоқталу.

7санына байланысты атауларды толықтыру.

Жеті қазына:Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті жұт:Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).

Қазақстанның жеті кереметі

Жеті атаны жаттау,

«Байлық деген не?» тақырыбына шағын эссе жазу.

Өз пікірлерін білдіреді.

«Екі жұлдыз , бір тілек» Оқушылар бүгінгі сабақтан ұнаған жұмысын, тілегін стикерге жазып, тақтаға іледі.

Балалар өз-өзін мадақтау. «От шашу» түрінде бағалайды

Бағалау
Кері байланыс

Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше