Жаңа сабақтар

Тыңдау әдебі

ШҚО Аягөз ауданы Сарыарқа ауылы

«Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна

Қазақ тілі 10с Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Тыңдау әдебі
Мақсаты Білімділік: Тақырып бойынша өз ойларын жүйелей отырып, өз бетімен мәтін құрып, ойларын жеткізе білуге, тыңдап түсінуге үйренеді.
Дамытушылық:
Ағылшын тілінде әдептілік туралы мақалдар айту арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу мәденитетін арттырады.
Тәрбиелілік:
Шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып ойлау, таным белсендіктерін арттырып, эстеттикалық көзқарасқа тәрбиелейді.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Деңгейлік тапсырма жұмысы,сұрақ-жауап, проблемалық жағдай туғызу, аударма жасау, сөздікпен жұмыс.

Көрнекілігі Қазақ тілінің оқу әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Менің балалық жайлы толғанысым» деген тақырыпта ойларын жазу.
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Тыңдау әдебі ( Жағдаят туғызу, көрініс «Әдеп»)

— Балалар бұл жағдаяттан не байқалды?

(Оқушылар пікірлері)

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам қатарына қосылмайды. (М. Әуезов)

Осыдан барып, жаңа тақырыбымызды ашайық.

Сөйлеуші сөзін бөлмей,мұқият тыңдау-әдептіліктің белгісі.

Іскерлік өмірде сөйлеушінің сөзі тыңдай ойдың, мәніне талдау жасап отырған дұрыс.

Анықтау. Сөйлеушінің айтқан ойын анықтап алу мақсатында «түсінбей қалдым», «қайталап айтыңызшы» деген сөз орамдарын қолдануға болады.

Қайталап сұрау. Сөйлеуші айтқан сөздерінің дәлдігін тексеру мақсатында оның өз сөздерін қайталау арқылы сұрау. Бұл орайда мына сөз орамдарын қолданыңыз. «Менің түсінігімше сіз…», «сіздің ойыңызша бұл…».

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мағынаны тану (әзіл сұрақтар арқылы мақалмен жауап қайыру)

1. Қар жана ма?( Қалауын тапса,қар жанар. )

2. Адамда арқау бола ма? (Ас адамның арқауы)

3. Қандай бас аяққа тыным бермейді? (Ақымақ бас екі аяққа тыным бермейді)

4. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді ).

Оқулықта берілген жаттығуларды топтарда бөліп орындау

1.«Басқаны тыңдай білу де өнер» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Әдептілік тыңдау білумен ғана шектеледі ме?

Н.Назарбаев сөзі «Қазақстан – дамыған,өркениетті,мәдениетті ел» — дегендей, әдептіліктің өзі елбасы айтқандай өркениетті, мәдениетті ел қатарына қосылу үшін өте қажет – деп сабағымды аяқтаймын.

Ой толғаныс Екі жақты күнделік

Менің ойым
Кітапта жазылған
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.