Жаңа сабақтар

Қазақтың ұлттық ойындары. Асық ойыны

Түркістан облысы Арыс қаласы Шағыр ауылы

А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі

Сегізбаев Галымжан Бердибекович

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5- бөлім .Ұлттық және зияткерлік ойындар. Мектеп:А.Тілеубердин.
Күні:02.03.2018ж Мұғалім аты-жөні: Сегізбаев Ғ .
Сынып: 7 — сынып . Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Асық ойыны.
Оқу мақсаты 7.2.3.1Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу.
Сабақ мақсаты Қазақтың ұлттық ойындарының орындалу реттілігін қолдану.

Асық ату ойындарының ережесін, ойнау тәсілін білу .

Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнауда шеберлік қабілеттерін көрсету.

Бағалау критерийі Білім алушы :Қазақтың ұлттық ойындарын ажырата алады .Асық ату ойындарының ережесін, ойнау тәсілін біледі .

Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнауда шеберлік қабілеттерін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу , түсіну жәнеқолдану.
Тілдік мақсаттары Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: Асық ойындары, сақа, кентай, бүк, шік ,тәйке, алшы т.б.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар: Асықтың түрлерін ата ,атаулары қандай ,ойын түрлері тәрбиелік мәні мен денсаулыққа пайдалы тұстары қандай? .т.б.

Құндылықтарды дарыту Сабақ кезінде бірі біріне әділдік жауапкершілігін арттыру . Ұлтжандылыққа тәрбиелеу . Топпен жұмыс жүргізуге баулу .
Пән аралық байланыстар Геометрия ,физика, тарих, әдебиет, математика .
АКТ пайдалану дағдысы Асық атауларын және құрлымдарын асық ойынының ережелерін бейне жазылым арқылы суреттеп көрсету .
Алдыңғы меңгерілген білім Ұлттық ойындарды ата , асық қайдан алынады ,асық ойыныны білемізбе ?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері Ресурстар
Сабақтың басы

— ұйымдастыру;

-топқа бөлу;

І.Қызығушылықты ояту.

Сабақтың ортасы.

Білу . *Білгенге маржан *

Сыныпты сапқа тұрғызу ,баянат қабылдау,сәлемдесу , оқушыларды түгелдеу сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіру қауіпсіздік ережелерімен таныстыру .

Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне жақсы тілектер айту .

  1. Топқа бөлу . Қағазға жазылған * Алшы*, *Тәйке* атаулары бар жасырын сөздер бойынша бөлінеді .

Топ басшысын сайлау . Топқа жұмыс парақшасын таратамын . Ережелерімен таныстырамын .

Қызығушылығын артыру мақсатында слайдтардан ұлттық суреттерді көрсету жабық сұрақтар арқылы жауаптарын жеке-жеке сұрап жұмыс парақшасында берілген балл санына, алған балдарын жазғызамын. Әр сұрақ 1 балмен есептеледі .

— Теңге алу — жамбы ату

— қазақша күрес -бүркіт салу

— арқан тартыс . — қол күрес

— көкпар — қыз қуу

— бәйге — Асық ойыны .

Дескриптор :

-Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ажырата біледі .

-қазақтың ұлттық ойын түрлерін атай алады .

Сонымен балалар бүгінгі сабьағымыздың тақырыбы асық ойыны .Оның ішінде *Омпы ату* ойыны .

Сабақтың мақсаты :Қазақтың ұлттық ойындарының орындалу реттілігін қолдану.

Асық ату ойындарының ережесін, ойнау тәсілін білу .

Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнауда шеберлік қабілеттерін көрсету.

Қауіпсіздік ережелері.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз өз бетінше іс әрекеттер жасамау .
  • Асық ату кезінеде ретпен қозғалу
  • Бірі біріне жол беру .
  • Асық ату ережелерін сақтау
  • Орындықта дұрыс отыру т.б
  1. Жаңа сабақ . слайт суреттер көрсету .

Жаңа сабақты түсіндіру асық ойынынынң тәрбиелік мәні құрылымы ,асықтың тұру қалпы және түрлері туралы мәлімет беріп өту .

Слайд,ведеоролик көрсету .

-Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой, -Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.

Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-асық ойыны.

Асық ойнау. С.М.Дудин экспедициясы Асық ойыны.

материалынан. Семей облысы, Кунсткамера. қорынан (1199-436)

Қарқаралы оязы, Талды өзені бойы. 1899 ж

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.

Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату. Асықтың құрылысы

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы төмен қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Видеоролик . 3,5 минут

Дескриптор : — ұлттық ойын асық ойыны туралы біледі

-Олардың түрлерін ажырата алады

-Асықтың тұрысының атауларын біледі .

Постер құру: Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда: Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жасы жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады. Кеней– көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар Шүкейт – жас малдыңасығы сығы. Қойлық – қойдың асығы. Ешкімек – ешкінің асығы

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық. Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады Қолқар – арқардың асығы

Постер құру: Асық ойын түрлері.

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.

Асық ойынының «тақталық» түріне:

«Хан» немесе «Ханталапай» , «Хан ату», «Құлжа ату», «Құмар», «Қақпақыл», «Қаржу» немесе «Қаржымақ», «Сасыр», «Төрт асық», «Бес тас», «Бес асық», «Иірмекіл» т.б. жатады.

Асық ойынының «алаңдағы» түріне:

«Арқаласпақ», «Алты атар», «Омпа», «Кетсін бір», «Шыр», «Бәйге», «Алшы», «Бес табан», «Көтеріспек » т.б. жатады. Отшашу . Кері байланыс

Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.

Әр жаттығулар үшін кең әрі бос кеңістік

Видеопраектор

Слайд , асықтар қоржын

Видеопраектор

Слайд , асықтар жұмыс парағы

Постер құру

Маркер пламастер , плапкат, стикер

Қолдану. Омпы ату ойыны Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін түрлі түске бояған. Балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады» . Сондай-ақ асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды.

Берілген сұрақтарды сәйкестендіру бойынша дұрыс жауаптарын сызықтармен қосыңыз немесе

сәйкесін теріп жазыңыз:

Асық тұрысының атаулары .

1.Алшы -1.асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

2.Тәйке — 2. асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

3.Бүге3.ұлттық ойын түрі .

4.Шіге — 4 Алты атар , Омпа, —

5.Омпы 5.асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

6.Шоңқай -6асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

7.Асық — 7. Ханталапай, Хан ату

8.Асық ойыны8.малдың асық жілігінен алынады .

9.Асық ойынының «тақталық» түріне: 9.асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

10. Асық ойынының «алаңдағы» түріне:-

10.Асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

в\ Асықтың түрлері:

1.Сақа –6.қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

2.Кеней 4.қойдың асығы.

3.Шүкейт 8. ірі асықты айтады

4.Қойлық 10.құлжаның асығы

5.Ешкімек — 2.көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар 6.Көктабан — 5. Ешкінің асығы

7.Топай – 9. арқардың

8.Жабай 7.сиырдың асығы.

9.Қолқар – 3. жас малдың асығы.

10.Құлжа1.асықтың үлкен әрі шымыр түрі.

Асық ойыны омпы ату туралы оның ережелері туралы ведеороли көрсетемін және ереже бойынша ойын ұйымдастырып баларарға үйретемін.

Ведеоролик . Асық ойыны: Асықпен омпы ойынының ойналу техникасы мен асықты ату тактикасын түсіндіріп. Барлық оқушыға 5 асықтан беріп омпы ойынын ойнату. Ортаға 5 оқушы бір шеңбер сызып шеңберге өз асықтарын тігеді ,бір асықты омпы қылып құрады . Сақаларын иіру арқылы ойын бастауды анықтап бір бірден кезекпен қай жерге сақасын иіріп тастайды сол жерден омпы тұрған асықты сақасымен көздеп атады сақасы шеңбердегі омпы асыққа тисе сол ойыншы асықты түгел ұтып алады .Қай топ көп асық жинаса жеңіске жетеді. Көндегі асық таусылса қайта тігіп ойын жалғаса береді .

Ойын соңында әр топтың қанша асық ұтты есептейді ,оған бастапқыда берілген 5 асық және сақа есептелмейді . Топ қанша асық ұтса сонша балл жұмыс парағындағы балл санынан жазылады .

Қай топтың асығы көп сол топ белсенділік танытты болып есептеледі .

Дескриптор :

-омпы ойынының ережелерін біледі

-Ережемен ойнай алады .

Слайд видеопраетор

Видеоролик

Слайд

Асықтар

Видеоролик

Слайд

Асықтар

Түсіну Сәйкестендіру әдісі .

Сабақтың соңы

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма:

Рефлекция.

1.Көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар-кеней

Асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.- Шоңқай

Қойдың асығы.- Қойлық 4. Асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.- Шіге

5.Ешкінің асығы.- Ешкімек

6. Ірі асықты айтады — Жабай7. Арқардың асығы — Қолқар

8. Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса……. ақағой, 9.Асық ойынын нешеге бөлдік – «үй ішілік» және «далалық»

10.Асықтың үлкен әрі шымыр түрі- Сақа.

1. Асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы тұруы.- Алшы

2. Қорғасын құйылған салмақты сақа асық.-Көктабан

3. Сиырдың асығы — Топай

4. Асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. — Тәйке

5. Асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі- Бүге

6. Асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. — Омпы

7. Жас малдың асығы. — Шүкейт

8.Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай

9. «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берген Бауыржан Момышұлы

10. «Арқаласпақ», «Алты атар», «Омпа» қандай ойынға жатады ? Асық ойыныны

Топ басшысы берілген бағалау парақшасы арқылы өз топтарын бағалайды .

Дескриптор

— Қазақтың ұлттық ойындарының орындалу реттілігін қолдана біледі .

Асық ату ойындарының ережесін, ойнау тәсілін біледі .

Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнауда шеберлік қабілеттерін көрсете алады .

Тақырыпқа байланысты оқушылырдың оқуға деген белсенділігін арттыру мақсатында бүгінгі сабағымда «Қызығушылығын тап» , «Сәйкестендір»«Жабық сұрақтар» әдістерін қолдандым. Бұндай сабақ барысында оқушыларға бірқатар сұрақтар қойылып, олардың ол сұрақтарға жауап беруі арқылы жаңа материал түсіндіріледі.

Топ басшыларына берілген *Бағалау парақшасы* арқылы әр бөлімде жинаға асықтар санымен *Омпы аут* ойынында жинаға асықтар санымен қорытынды бағалау жасалады . Қай топтың жиған асығы көп блса сол топ белсенді топ болып саналады .

Асық ойыны . Басбармақ арқылы.

Бағалау парақшасы, стикер, асықтар
Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау
Тапсырмаларды беру барысында нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін ,оқушының жеке қабілетін ескере отырып тапсырмаларды іріктеймін Уақытты үнемі пайдалана отырып сабақ тапсырмалары кезінде оқушы мүмкіндігін ескеріп қабілетті және әлсіз оқушыларға түрлі деңгейде ауызша сұрақтар қоямын . Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын . Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын және оқуға уәждеймін. Басбармақ әдісін қолданамын Денсаулық пен қауіпсіздік туралы түсініктерін ұғымын қалыптастырамын . Салауатты өмір салтын сақтауға насихаттаймын .
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары, оқыту мақсаттары шынай болды ма?

Оқушылырдың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер жоқ болса неліктен?

Сабақта саралау дұрыс өткізілген бе?

Сабақтың уақыты ұтымды пайдаланылды ма?

Сабақ жоспарына қандай өзгерістер енгізілді және неліктен?

Қорытынды.

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.