Жаңа сабақтар

«Атадан қалған асыл сөз» — тиым сөздердің мағынас ы

Атырау облысы Атырау қаласы

29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы тәрбиеленушісі

Есенкелдіұлы Нұралы

Жетекшісі: Есмұханова Бибігүл Мұхитқызы

«Ақылды қария-ағып жатқан дария» жобасы бойынша

Тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз» — тиым сөздердің мағынасы

Мақсаты: Ата-бабалардан ұрпаққа аманат етіп қалдырған мағынасы терең нақыл сөздер мен ырым-тиым сөздерді балаларға ұғындыру.

білімділігі: балаларға арналған тиым сөздердің мағынасын біліп, түсіну.

дамытушылығы: тиым сөздер арқылы болады, болмайды деген ұғымдарды өз қажеттіліктеріне жаратып отыру.

тәрбиелілігі: нақыл,тиым сөздерді ұғынып,құрметпен қарау, және ұлттық құндылықтарды сақтап жүру

Көрнекілігі: «Атадан қалған асыл сөз» видео, «Атадан ақыл сөз» альбом, «Үлкеннің ісі өнеге» фотоальбом, «Тиым сөздер» — слайд

Жүру барысы: 1) Жобаға түсінік және тиым сөздердің қажеттілігі

2) Тиым сөздердің мағынасын қаншалықты түсінеміз?

3) «Атадан ақыл сөз» слайд

4) «Үлкеннің ісі өнеге» фотоальбом

5) «Атадан қалған асыл сөз» видеоролик

6) Қорытынды

1) «Ақылды қария- ағып жатқан дария» жобасы аясында қысқа мерзімде болса да балалармен біршама жұмыстар жүргізілді. Ата-бабаларымыздың ұрпаққа өсиет етіп қалдырған жәдігерлері өте көп. Бұл ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіне өте жақсы қарайтындығын білдіреді. Бұл жоба арқылы балалар үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, бір-біріне дос,бауыр , елін,жерін сүю,қорғау туралы түсініктері қалыптасып жатыр.Әсіресе, тиым сөздердің мағынасы мен балаларға пайдасы орасан.

Тиым сөздер- бабаларымыздың тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге, ақыл-кеңес,берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда үлкен қызмет атқарады. Халық арасында кең тараған тиым сөздерді зерттей отырып, мен олардың жас балаларға арналғандарын тобымның балаларына түсіндірдім және жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Ата-бабаларымыздың дана лығы сол –қанша ғасырдан бері тиым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп екенін білдім. Азғантай уақыт болса да балаларға даналық сөздер, мақал-мәтелдер,тиым сөздер, ұлы адамдардың айтқан сөздері жинақталды. Ашық оқу қызметі, жасы үлкен атамен кездесу болды,бата алдық. Енді тәрбиеленушім Есенкелді ұлы Нұралы осы жобадан не түйгенін айтып берсін.

2) «Ақылды қария – ағып жатқан дария» жобасымен «Жұлдыз» тобы балалары ата-бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған нақыл сөздерін, ырымдарын , тиым сөздерін ұғып, түсініп жатырмыз. Халқымыздың тәрбиесі бойынша үлкен адамды қадірлеп, кішілерге қамқор болу керектігін үйреніп келеміз. Бұл жоба арқылы мен және менің достарым ұлағатты сөздердің өмірімізге қажет екендігін білдім. Әсіресе, өзіме ұнағаны тиым сөздер болды. Осы тиым сөздердің мағынасын және не себепті айтылатынын түсінуге тырыстым. Сол үшін отбасымыздың қадірлісі- атамның тәрбиелік сөздерін көп тыңдаймын. Қазір мен сіздерге тиым сөздердің балаларға арналған түрінен түсінгенімді айтып берем.

«Үйге қарай жүгірме» — себебі жамандық болғанда ғана үйге қарай жүгіреді. Бұл біріншіден, балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екінші ден, елді шошытпа деген сөз.

«Қыз бала шашын жаймайды» — ата-баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Қазіргі кезде қыздардың шаштарын жайып жүргені дұрыс емес, әдептілікке жатпайды. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі ыңғайлы.

«Бас киімді жерге тастауға болмайды» — жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді таза ұстап, төрге іліп қояды.

3-4) Осы айтылған тиым сөздерді , ырымдарды ұмытпай бір-бірімізге айтып жүрейік және орындайық. Өйткені бұл сөздер ақылды аталардың бізге айтқан аманаты. Мен апайммен бірге осы жобаға байланысты үлкен кісілердің фотосуреттерін жинап, альбом жасадым және қазақтың ұлы адамдарының нақыл сөздерін жинадым.

5) Видеоролик қарау арқылы ақыл сөздерді ойымызға тоқып, содан нәтиже алу керектігін тағы да біле түстік деп ойлаймын. Сонда біртұтас ел болып, бірлігіміз нығая түседі.

6) Қорыта келгенде менің ұққаным, ата сөзін санамызда ұстасақ мықты адам, мықты ел боламыз екен. Ақыл берер қариялар көп болсын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.