«Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
«Арай-1» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі
Калилаева Сарыгуль Абсаттыровна
Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру Өлеідер, мақалдар , билер арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып,ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге , қадірлеуге , бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта,слайд шоу,шарлар, музыкалық аспаптар.
Жүру барысы:
Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма,құрметті көрермендер!
«Мемлекеттік тіл – ел ертеңі»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде»
деген болатын.Мемлекеттік тілді үйрету, білу, дамыту,-баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю,мәдениеті мен тілін білу, және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет.
Жүргізуші:
-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
-
Біздің қаламыз қалай аталады?
-
Қай балабақшаға барамыз?
-
Нешінші топқа барамыз?
Жүргізуші: -Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Жүргізуші: -Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әр түрлі ұлттар тұрады.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Жүргізуші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Жүргізуші:
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Жүргізуші: -Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Ислам:
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Әділ:
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран
Отан – туым
Отан – мәңгі гүлденеді.
Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар тұрады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүруде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.
Өлең: « Біздің балабақшада» Орындаушы топ бүлдіршіндері
Гүлбану:
Отан – сенің ата-ананаң,
Отан – досың бауырың.
Отан – өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Гүлсана:
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Хантал апай».
Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. тақпақтарын қабыл алыңдар
Сабина:
Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.
Самғат:
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Сезім:
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Ақнұр:
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Әділ:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.
Талаптыға нұр жауар
Ақыл – азбайды, білім – тозбайды.
Оқу білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
Туған жер – алтын бесік
Жүргізуші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!
Қыздар тобы. Қазақ биі
Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Анамның тілі» деген бір өлең айтады.
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!
