Жаңа сабақтар

«Қызықты ойындар»

Атырау облысы Атырау қаласы
29 «Нұрсая» бөбекжайбалабақша тәрбиешісі
Бағыт Мейрамгүл Аманжолқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты ойындар»

Тақырыбы: «Қызықты ойындар».

Мақсаты:

Тапсырмалар барысында балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Ойынға, тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтарын арттыру.Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:Қайылы күн балалар!Бүгін бізде ерекше күн!

Тосын сәт: Сәлеметсіңдер ме балалар?-деп Сайқымазақ кіріп келеді.

Балалар мені танып тұрсыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар мен қайда келдім ?

Балалар бүгін мен «Қызықты ойындар» цирк ұйымдастырмақшымын. Цирк әлемінен келдім!

-Балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық. Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Жоқ, мен тек қонаққа келгем жоқ, балалардың білімді, ақылды, тәртіпті екендеріне көз жеткізуге келдім. Сонымен қатар қызықты ойындарымды да ала келдім. Өйткені осында өте ақылды балалар тәрбиеленіп жатыр екен.

-Ой, ой, ой

Сайқымазақ калтасынан доп шығарып сұрайды, бұл не балалар? Доптың пішіні қандай? Ал енді осы доппен ойын ойнағым келіп тұр.

Сайқымазақ: Балалар «Түстерін тап» ойынын ойнасақ қалай қарайсыңдар? Мен сендерге 2 шелек берем. Бірі қызыл ал екіншісі жасыл

осы шелекке доптардың түсіне қарай ажыратып шелекке саламыз (қызыл, жасыл).

Сайқымазақ доптарды шашып жібереді.

Сол кезде балалар допты алып түсіне ажыратып, арнайы шелекке доптарды салады.

Сайқымазақ: Балалар менің досым құтжолды ұмытып кетіппін маған ренжіп жатыр. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Менің досым құтжолға көңілді пішіндерден үйшік құрастырып беріңдерші. Ойын «Көңілді пішіндер».

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, ойнадыңдар, сендер жақсы тапқыр балалар екенсіңдер!

Сайқымазақ: Ой, менің досым Шимұрын келе жатқан сияқты!

Қарсы алайық.

-Сәлеметсіздерме балалар! Мен шимұрынмын, мені циркке шақырып еді, кешігіп келдім кешіріңдерші!

Шимұрын: Балалар, шаршаған шығарсыңдар, кәне бір серпіліп алайық, Менімен «Көпіршіктерді жару» ойынын ойнайық .

Сайқымазақ: Балалар, енді менің сиқырымды тамашалаңдар!

Ши мұрын мадақтап бәріне дәрумен береді.

Сайқымазақ пен сергіту сәтін орындайды.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақай

Кәне қайсы алақай?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнап

Көңіл күйлерің қалай ?

Енді балалар кететін уақытымыз таяп қалды. Сендермен қызықты ойын болды. Бірақ біз тағы басқа балаларға цирк көрсетіуіміз.

Сендерге цирк қонақтарының ойыны ұнады ма? Ал сау болыңдар қонақтар! Балалар жарайсыңдар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.