Жаңа сабақтар

«Балалардың қорқынышын жеңуге көмектесу жолдар ы»

Атырау облысы, Атырау қаласы

29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы

педагог-психологы

Карабасова Гульбаршын Алиповна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Балалардың қорқынышын жеңуге көмектесу жолдары»

Мақсаты: Балалардың бойындағы қорқыныш, үрейлерін әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы арылуына көмектесу. Бала бойындағы ішкі сезімдерді шығара білу. Кез келген қиын жағдайда қорқынышқа бой алдырмай, мәселені жеңе білу. Баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Міндеттері:

-Балаға өз ойын, қорқынышын айтуға толық мүмкіндік беру;

-Қорқытатын ситуацияның суретін салып көрсетуіне және одан арылуына мүмкіндік беру;

-Ата-аналарын тыныштандыру;

-Олармен баланың жағдайы, оның үрейі туралы ақпаратпен бөлісу;

-Баланың батылдануына, белсенділігіне жол беру;

Жүру барысы:

Шаттық шеңбері

Тақырыбы: «Сүйкімді ат»

Мақсаты: Балалардың бір-бірімен танысып, еркін араласуына көмектесу.

Ойын барысы. Жүргізуші естеріңе түсіріңдерші сендерді үйде ата-аналарың қалай еркелетіп айтады. Қазір біз допты бір-бірімізге лақтырамыз, допты қағып алған бала өзінің үйде еркелетіп айтатын атын айтады. Қалғандарымыз есте сақтап қаламыз. Барлық балалар өздерінің еркелеткендегі атын айтып болған соң, допты кері лақтырамыз. Сонда балалар бір-бірінің еркелетіп атайтын есімдерін айтады.

Әңгімелеу

Ойын «Кім шапшаң?»

Мақсаты: баламен диолог құра отырып, баланың неден қорқатынын анықтау

Ойын терапиясы:

Тақырыбы: «Тышқан мен қақпан»

Мақсаты: Балалардың қорқынышын бәсеңсіту, қиындықтан жол тауып шығуына көмектесу.

Жүру барысы: Ойынға 5-6 бала немесе одан да көп балалар қатысады. Балалар бір-біріне иығымен, аяғымен тақалып, бір-бірінің белдерінен қапсыра құшақтап ұстап тұрады, бұлар қақпан. Шеңбер ортасында бір бала жүреді, ол тышқан. Ол тышқанның мақсаты қандай жағдай болмасын ос қақпаннан бір айласын тауып, шығу, тышқан тесікті іздеу керек, яғни ол сыртқа щығудың амалын табады.

Ертегі терапия

Тақырыбы: «Қорқақ қоян»

Мақсаты: Баланың бойындағы үрейді басып, белсенділігін арттыру, көңіл-күйін көтеру.

Слайд арқылы бейнебаян көрсету

Сурет терапиясы

Тақырыбы: «Қорқынышыңның суретін салда оны жең»

Мақсаты: балалардың неден қорқатынын анықтау, оларға өз қорқыныштарын сыртқа шығарып, жеңе білуге мүмкіндік беру.

Ойын басталмас бұрын балалар өз қорқынышы туралы айтады.

Балалар қағаз бетіне өз қорқыныштарының суретін салады да оны жыртып тастайды.

Би терапиясы «Аралар мен шарлар»

Мақсаты: ойын кезінде кез-келген қобалжулары мен қорқыныштарын сейілтіп оларды жеңе білу, өзіне деген сенімділіктерін арттыру.

Ойын барысы. Ойыншылар ортаға шығып, аралар кейпіне енеді. Гүлден гүлге қонып, ұшып жүреді. Түн болады.Қараңғы түсті аралар орындықта отырады. Көздерін жұмады, сен неден қорқасыз, көз алдыңа өз қорқынышыңды елестетіңіз. Аралардың алдына қара түсті шарлар мен қарандаштар таратылады. Міне біз қорқынышымызды жібермей ұстап отырмыз, ал енді біз осы қорқыныштан құтылайық. Қарандашпен шарды жарамыз. Қорқыныштан құтылдық., енді өзімізге сенімді болайық.

Қорытынды:

«Қорқынышты қуамыз»

Мақсаты: Өзіне жағымсыз жайдан, уайымнан құтылуға көмектесу, өзіне сенімді болуға баулу.

Жүру барысы: Балалар сөз жолдарын тыңдап және оны қайталайды.

Қорқыныш- күннің көзінен қорқады.

Қорқыныш ұшақтан қорқады.

Қорқыныш- адамның жылы сөзінен қорқады.

Қорқыныш- көңілді адамнан қорқады мен күлсем қорқыныш жогалады.

Оны ешкім, ешқашан табалмайды.

Қорқыныш қорқып дірілдейді

Енді ешқашан маған ол келмейді

Балалар қайталап болған соң, көңілді қолдарын соғады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.