Жаңа сабақтар

«Дұрыс тамақтана біл»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Мусилтаева Салтанат Базарбаевна

Сабақ тақырыбы: «Дұрыс тамақтана біл»

Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 «Е»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың –жаны сау

Мектеп: Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 18.01.2018ж Мұғалімі:Мусилтаева С.
Сынып: 2 «Е» Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: Пайдалы тағам түрлерін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады.

Кейбір оқушылар:Тағамдардың пайдалы және зиянды жақтары туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсат Дәрумендер , тамақтану пирамидасы
Бағалау критерийлері Пайдалы тағамдарды біледі.

Пайдалы, зиянды тағамдардың айырмашылығын анықтайды.

Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер барын анықтай алады.

Құндылықтарды дарыту Жан мен тәннің саулығы және рух тазалығы
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі,музыка.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, оқулық, жұмыс дәптері, түсті қарындаштар.
Алдыңғы білім Пайдалы тағамдарды біледі
Сабақтың барысы
Сабақты жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ұйымдастыру

2 мин

2 мин

– Балалар, бір-бірімізге күлімдейік. Ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар.

Баяу әуенді қосамын.

– Соңымнан қайталаңдар:

– Мен мектепте сабақтамын.

– Мен қазір оқи бастаймын.

– Мен оған қуаныштымын.

– Менің зейінім өсуде.

– Есте сақтау қабілетім жақсы.

– Ақыл-есім дұрыс.

– Мен оқығым келеді.

– Мен білім алғым келеді.

– Мен жұмысқа дайынмын.

Интербелсенді тақтадан түрлі жеміс-жидектер мен дәрумендердің суреттерін көрсету. Балаларға сабақтың мақсатын ашу үшін өз ойларын айтуды сұрау.

Дескриптор.Білім алушы:

  • пайдалы тағамдарды атайды.
  • зиянды тағамдарды атайды.
  • олардың зардаптары туралы әңгімелейді.

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Қосымша №1
Бейне ролик көрсету

2 мин

5 мин

6 мин

Сергіту сәті

2 мин

Топқа бірігу

8 мин

8 мин

Интербелсенді тақтадан «Денсаулық» атты ролик көрсету

Бейнероликті көріп болған соң оқушыларға ашық микрафон арқылы тақырыптың мазмұнын тиянақтау.

-Адам неге тамақтануы қажет?

– Адам тамақтанбай жүре ала ма?

Денсаулықты қалай күтуге болады?

Деніміз сау болу үшін не қажет?

Дәрумендер қайда болады?

Дәрумендер адамдарға не себепті қажет?

Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?

Дәрумендер қандай аурулардан қорғайды?

Дескриптор. Білім алушы:

  • тамақтанудың не үшін қажет екенін біледі.
  • дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты күтуді түсінеді.
  • дәрумендердің пайдалы тағамдарда көп болатынын анықтайды.
  • алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Смайликтер арқылы бағалау.

Тамақтану пирамидасын құрайық.

Дескриптор. Білім алушы:

  • ас мәзірінде тағамның қай түрі көп болу керектігін біледі.
  • жеміс жидектердің денсаулыққа пайдасы мол екенін біледі.
  • ет, сүт өнімдерінің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендердің мол екенін біледі.
  • майлы және тәтті тағамдарды мөлшерінен асырмай жеуді түсінеді.
  • «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

«Пайдалы» немесе «Зиянды» ойыны.

Дәрумендер жеу.

Тісті тазалау.

Тәттіні көп жеу.

Қолорамал пайдалану.

Темекі шегу.

Жемістерді көп жеу.

Жаттығулар жасау.

Көкеністер көп жеу.

Топ ішінде жұмысты ұйымдастырады.

Әр топ өздеріне берілген жемістерді жоспар бойынша жарнамалау.

1 топ Жеміс

2 топ Дақыл

3 топ Көкөніс

Жоспары:

1. Жемістің аты.

2. Құрамындағы дәрумен.

3. Адам ағзасына пайдасы.

4. Пайдалану түрлері.

Дескриптор.Білім алушы:

— құрамындағы дәрумен таба алады;

— пайдасын дәлелдеп келтіре алады.

«Қол шапалақтау» арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Смайликтер арқылы бағалау

http://imektep.kz/

Қосымша №2

микрафон

Кеспе қағаз

Қосымша №3

Оқушылар «пайдалы» болса қызыл түсті, «зиянды» болса көк түсті көтереді.

Жеміс, дақыл, көкеніс суреттері.

Қосымша №4

Қосымша №5

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Кері байланыс

3 мин

Бағалау

1 мин

Үйге тапсырма

1 мин

«Белгілер» әдісі

Алма түрлерімен бағалау

50-51бет оқу.Д\ж 41бет 4 тап

Сұрақтарға жауап береді.

Алма суреттерін беру

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бас бармақ, смайликтер,жетістік баспалдағы, қалыптастырушы тапсырмалар арқылы Құндылықтарды дарыту: Жан мен тәннің саулығы және рух тазалығы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,музыка.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды.

Дұрыс тамақтанудың ережесін.

Балалар белсенді,көңілді болды.

Қабілетті балдармен жеке жұмыс жасалды.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.Топтық ойын балаларға ұнады

2. Өзіндік жұмыс арқылы балалар сабақты жақсы меңгереді

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1. Деңгейлік тапсырмалар

2. Ролдік ойындар

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Дәулетбек Нұргүл. Нұрлан Аякөз сияқты оқушыларыма көбірек көңіл бөлуім керек.

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

1 топ Жеміс

2 топ Дақыл

3 топ Көкөніс

Қосымша №5

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.