«Білім күні»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
«Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Ермұханова Бибігүл Құмарқызы
Тақырыбы: «Білім күні»
Оқу қызметінің тақырыбы: «Білім күні»
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Барысы:
І. Кіріспебөлім.
Мемлекеттікәнұрандыорындау.
Тәрбиеші: Осы тұңғыш қоңыраудан бастап оқу басталады. Балалар , жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқып , білім алу керек.Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп , тәрбие алу керексіңдер.
Балалар,есіммізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз?
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, бізқай Республикада тұрамыз?
Балалар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар:Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші:Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші:Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы
Тәрбиеші:Өтежақсыбалалар. СендерөздерінніңРеспубликаларын, рәміздержайында, елордажайындабарлығынбілесіңдер.
ІІ. Негізгібөлім.
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Гүлсана: Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен, қарайды жұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын
Күліп атқан таңдайсың, жарқыңсың сен, мұғалім.
Әліби: Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.
Сезім: Сәлем саған балабақшам, алтын ұям сүйікті
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.
Тәрбиеші: Кәне, кім Отан, ел халық туралы тақпақ жаттап келді?
Сабина: Отан оттан да ыстық.
Әділ: Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.
Гүлбану:Отан- отбасынан басталады.
Хақназар : Опасызда отан жоқ.Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.
Ойын: «Менің сүйікті балабақшам».
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін.
