«Сыйлық алдым»

Астана қаласындағы

«№22 мектеп-гимназиясы» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ыбырайым Гүлпадиша Нұрманқызы

Пән аты: қазақ тілі

Сынып: 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сыйлық алдым»

Сабақтың мақсаты: сөздікті сауатты меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: оқушыларға мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, сауатты жаза білуге үйрету.

ә) дамытушылық: әр сөзді сөз құрамына талдай алу, сөз тіркесін, жай сөйлем құрай алу дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелік: орындалатын жұмыстар арқылы қазақ тілінде көркем, сауатты әрі еркін сөйлей алуға тәрбиелеу.

Сабақтың құндылығы: сүйіспеншілік

Сабақтыңсапалары: оқушыларды өзара досшыл, мейірімді, сыйлас болуға, көпшіл болуға, татулыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың пәнаралық байланысы: өзін-өзі тану, орыс тілі

Сабақта қолданылатын технология: АКТ (Ақпараттық-Компьютерлік Технология), СТО (Сыни Тұрғыдан Ойлау) технологиясының элементтері

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау», индукция мен дедукция, топтастыру (кластер),көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін презентация, «Алдар Көсе» мультхикаятының «Тегін сыйлық» мультфильмінен үзінді, «Ұшты-ұшты» дидактикалық ойыны, сыйлықтардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу:

– Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

2. Оқушылармен сұхбат:

– Қазір қай жыл мезгілі? (көктем)

  • Көктемнің қай айы? (наурыз айы)
  • Бүгін наурыздың нешесі? (екісі)

  • Аптаның қай күні? (бейсенбі)

№1 жұмыс дәптерін ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар!

ІІ. Өткенді еске түсірейік! Оқушылар сый-сұрақ таңдап, жауап береді. Нөміріне сай ұпай жинайды.

№1. «Поздравляю!» сөзін қазақ тіліне аудар.

№2. «Гость», «сосед» сөздерін аудар.

№3. Арнайы сұрақ.

1.Досыңның аты кім?

  1. Досыңның туылған күні қашан?
  • Досыңа сен не сыйлайсың?

  • №4. «Мне», «тебе», «Вам», «ему/ей» сөздерінің аудармасын айт.

    №5.Қазақшаға аудар:

    «Поздравляю с днём рождения!»

    ІІ. Жаңа сабақ: Сыйлық алдым

    А. «Ой қозғау». «Алдар Көсе» мультфильмінен үзінді көрсетіледі де, жаңа сабақ тақырыбына енемін.

    – Бай Алдар Көсеге сыйлық сыйлады ма?

    • Алдар Көсе сыйлық алды ма?
  • Иә, сыйлық алды.

  • Жарайсыңдар! Ендеше, бүгін жаңа тақырыбымыз – «Сыйлық алдым».

  • Б. Мағынаны тану.

    В. Тақтамен әрі дәптермен жұмыс.

    Г. «Ұшты-ұшты» дидактикалық ойыны. Шарты: ұшпайтын зат атауларына шапшаң отырып, ұшса, шапшаң тұруы қажет.

    Мәтінмен ауызша жұмыс:

    Жұптық жұмыс ауызша орындалады:

    ІҮ. Сабақты бекіту. Тақтамен әрі дәптермен жұмыс. Сұрақ-жауап әдісі арқылы топтастыру.

    Ү. Үйге тапсырма:

    1. Сөздікті жатта;
    2. 129-бет 2-тапсырма. Мәтінді әңгімеле.
    3. 129-бет 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.

    ҮІ. Рефлексия

    ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше