Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»
Астана қаласы «№ 22 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нуртазаева Базаргуль Ахметсадыковна
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»
Тілдер апталығына арналған сабақтан тыс сабақ жоспары
Сынып: 4 «Ж» Пән мұғалімі: Нуртазаева Б.А. Күні, айы 20.09.2018
20.09.2018 жылы сағ 9:35-10:15 аралығында Астана қаласы «№ 22 мектеп-гимназиясы» КММ -нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуртазаева Базаргуль АхметсадыковнаТілдер апталығына арналған және Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай 4 «Ж» сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалы тақырыбында жаңа кітапханада сыныптан тыс ашық сабағын өткізді.
Ашық сабаққа қонақ болған пән мұғалімдері – Айгүл Ғалымбекқызы, Нәйля Санатовна, Өрік мұхаммедқызы және кітапханашы Сәуле Айтқалиевна.
Сабақ барысында мұғалім «Джигсо» әдісімен оқушыларды 3 топқа бөліп, сабақ барысын СТО және АК технологияларымен қызықты өткізді. Сабақта көрнекілік, сұрақ-жауап, топтастыру,сөздік, аялдата оқыту, салыстыру, талдау, топпен жұмыс, сахналау әдістері арқылы әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатылып, оқушылар сабаққа қызыға белсенді қатысып отырды. Мұғалім белсенді оқушыларды сары, жасыл және қызыл түсті смайл-жетондармен бағалап отырды.
Автордың айтпақ ойын мақал әрі нақыл сөз «Әлін білмеген әлек» екенін жеткізе алды. Сабақ өте әсерлі болды, әсіресе оқушылардың рөлге кіріп, сахналағаны көрермендерге өте ұнады. Сабақ өз мақсатына жетті.
| Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік: | 1.Оқушыларға Ахмет Байтұрсынов туралы қысқаша мәлімет беру; 2. Оқушылардың өз бетінше салыстыра білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту; ой-өрісін, сөздік қорларын арттыру. 3. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге, мақтаншақтық пен көрсеқызарлықтан бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу. |
|
| Жаңа сөздер: | Әлін, білмеген, әлек | |
| Сабақтақолданыла- тынтехнологиялар мен оқыту әдістері: | АКТ (Ақпараттық-Компьютерлік Технология), «Джигсо» әдісі, СТО (Сын Тұрғысынан Ойлау), көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік, аялдата оқыту, топтастыру, салыстыру, талдау, топпен жұмыс, сахналау | |
| Сабақтың көрнекілігі: | интерактивті тақта арқылы көрсетілетін презентация, А.Байтұрсыновтың портреті, Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» мысалдар жинағы, жаңа сөздер сөздікшесі, ВЕНН диаграммасы, сахналауға арналған көрнекіліктер – өгіз бен бақаның маскасы, шар және А3 форматына салынған көлдің суреті | |
| Пәнаралық байланысы: | Математика, бейнелеу өнері, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті және өмірмен байланыс | |
| Тапсырмалар | ||
| Сабақбарысындағымұғалімменоқушыныңіс-әрекеті: | ||
| Тапсырма | Мұғалімніңіс-әрекеті | Оқушыныңіс-әрекеті |
| Оқушылармен сәлемдесу және «Джигсо» әдісімен топқа бөлу | Мұғалім оқушылармен және қонақтармен сәлемдеседі. Мұғалім ортаға келіп, оқушыларға түрлі түсті қарындаштар ұсынады.
1-топ сары түсті 2-топ қызыл түсті 3-топ жасыл түсті |
Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі.
Мұғалімнің жанына келіп, қалаған түсті қарындаштың біреуін алып, өзімен қарындашы түстес оқушылармен бір топқа жиналып отырады. |
| I.Қызығушылықтыояту | Бағдарлау- мотивациялық кезең..
– Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа». Бүгін біз әйгілі тұлғамен, оның мысалымен танысамыз. Ой қозғау. Сұрақтар арқылы жаңа сабаққа шығу
|
Мұғалім слайд көрсетеді, сабақтың мақсатымен таныстырады.
Ахмет Байтұрсынұлының кім екенін әр оқушы бір-бірлеп жауап беріп, баяндап отырады. Әр жауаптың артынан ілесе слайдта шығып отырған дұрыс жауап нұсқасына қарап отырып, өз жауабын тексеріп отырады. Ауызша топтастырады. |
| Айтылым: нәтижесінде толық дұрыс жауаптар көрсетіп, ауызша дұрыс айтқызып, қайталатады: | ||
| ІI.Мағынанытану | Айтылым және жазылым: жаңа сөздерді түсіндіріп, сөздік дәптерлеріне жаздырады.
Сөздікпен жұмыс: (сөздік слайд) |
Тыңдалым. Айтылым. Жазылым. Жаңа сөздермен танысады, аудармасын сөздік дәптерлеріне жазады Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| ІIМағынанытану | Оқылым. Мұғалім «Өгіз бен бақа» мысалының 2 шумағын мәнерлеп оқу үлгісін көрсетіп оқиды. | Оқылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады. |
| ІIМағынанытану | Тілдесім. Мұғалім оқылған мысал бойынша сұрақтар қояды. Дұрыс әрі жақсы қатысып отырған оқушыларға жасыл, сары, қызыл смайл-жетондар беру арқылы бағалап отырады.
Салыстыру. ВЕНН диаграммасында көрсетілгендей өгіз бен бақаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сұрайды. |
Қол көтеріп, жауап беріп отырады. Дұрыс жауап бергені үшін мұғалімнен жетондарды алып, дәптеріне жабыстырады.
Ауызша жауап береді. Тақтада шыққан дұрыс жауап нұсқасына қарап, өз жауабымен салыстырып, дұрыс нұсқасын есіне сақтайды. Белсенділігі үшін мұғалімнен жетон алып отырады. |
| ІІIОйтолғаныс | Жаттығулар орындау
Топтық жұмыс. 1-топ «Ыстық орындық»/ «Автор орындығы» 2-топ Сахналық көрініс «Өгіз бен бақа» 3-топ мысалды қалай түсінгенін сурет салып, ортаға шығып қорғау арқылы жеткізеді. |
1-топтың оқушылары ортадағы орындыққа кезектесіп отырып, Ахмет Байтұрсынов туралы не білгенін, кім екенін қазақша қысқаша баяндайды.
2-топтағылар ортаға шығып, «Өгіз бен бақа» мысалын сахналайды. 3-топтың оқушылары А3 қағазына мысалдың мазмұнын бейнелейді және ортаға шығып, әңгімелейді. |
| IVБекіту | Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалімтестке ауызша жауап бергізеді. Дұрыс жауап бергенге жетон сыйлайды. | Сабақтан не білгені бойынша тесттегі сұрақтарға бір-бірлеп ауызша жауап беріп отырады. |
| VБағалау | Мұғалім қорытынды сөз айтады, оқушылардың қатысуына қарай жинаған жетон санымен бағалайды. | Оқушылар өзара бір-бірін қол шапалақтаумен бағалайды. |
| VIIРефлексия | Оқушылар сабақтан алған әсерін жестпен көрсетеді. | |
