Жаңа сабақтар

Шығармашылық жұмыстар

Жамбыл облысы, Меркі ауданы № 4 Тілеміс батыр атындағы ЖББМ КММ

Жетекшісі: Амангельдіқызы Жаңыл

1 сынып оқушылары

  1. Жылыс Айару
  2. Елеусінова Нұрай
  3. Нұртай Нұрхан
  4. Алтынбек Мұхамедмағди

Менің отбасым.

Менің отбасымда сегіз адам бар. Олар- әжем, әкем, анам, әпкем, ағам, сіңілім,інім және мен. Әжем жақсы адам,ол бізді жақсы көреді,көп еркелетеді. Әкем және анам да бізді жақсы көреді,көп еркелетеді. Әкем және анам да бізді жақсы көріп, тәрбиелеп келеді. Әпкем,ағам және мен Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебінде оқимыз. Біз бәріміз жақсы оқимыз.Біз тату тұрамыз. Мен отбасымды жақсы көремін.

1 «Г» сынып Жылыс Айару

Менің ұстазым.

Мен биыл 1 сыныпқа бардым. Қолымда гүлім,иығыма сөмкемді асындырып анам жетектеп апарды. Қатты қуандым. Мені мектеп алдынан Жаңыл амангельдіқызы әпкей күтіп алды. Әпкейім әдемі,сұлу екен. Жүзі күліп тұрады. Мені ыстық ықыласымен қуанып қарсы алды. Менің маңдайымнан сипап партаға отырғызғанда қатты қуандым. Мен оқушы атанғаныма қуандым.

1 «Г» сынып Елеусінбаева Нұрай

Менің отбасым!

Біздің отбасымыз үлкен!

Менің атам,әжем,әкем,анам, Сұлтан ағам, Дархан ағам және Сымбат әпкем бар.Үйдің ең кішісімін, бәрі мені жиі еркелетеді. Мектепке барып сабақ оқып, жазу үйренгеніме ата-анам қуанады. Атам мен әжем үнемі мейірімді бол,үлкенді тыңда,кішіге қамқор бол,ата-анаңды тыңда кішіге деп ақыл айтып отырады. Мен өз отбасымды жақсы көремін.

1 «Г» сынып Нұртай Нұрхан

Алтын күз

Міне күз айы келді. Күн қысқарып,түн ұзарды.Құстар жылы жаққа ұша бастады.Диханшылар астығын жинап жатыр.Күзде дала түрлі түсті кілемдей әдемі болып жайқалып жатады.Ағаштардың жапырақтары сары-қызыл бояу жаққандай.Сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр.Ауа-райы құбылмалыболып тұрады.

1 «Г» сыныбы Алтынбек Мұхамедмағди

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.