Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

Ұстаз-ұлт ұлағаты
Ұстазым менің алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан пайда болды. Мен сол күннен бастап ұстаз кім,не істейді,бізге не үйретеді соның бәрін білдім. Ұстазым менің асыл жан еді мейірімді, ақ көңіл. Ұстазым маған әріптен бастап үйретіп мені ақылды адам қылып шығаруда. Мен апайым берген білімді өзімнен кейінгі інілеріме үйретемін. Мен ұстаздарымды жерге қаратпаймын. Бәрімізді өз баласындай көріп үйреткен ұстазымның жүрегімнен алатын орны ерекше.Ұстазым мен үшін асыл жан.

Орындаған 5 Ә сынып оқушысы: Асхан Альбина
Сынып жетекшісі:Боранбаева Адеми


Ұстаз-ұлт ұлағаттысы
Ұстаз деген ақылды бір ғана,
Оқушыға қарайтын пана ғана.
Ұстаз деген кім ден сұраса,
Мен айтамын ұстаз деген ана ғана.

Ұстазым менің ақылшым,
Бізге сыйлаған жүрегін.
Ұстазыма мың тағзым,
Дейді барлық оқушың.

Ұстазым,менің ұстазым,
Аяулыда ұстазым.
Үйреткен барлық әріпті,
Есте қалар әр сөзің.

5 «Ә» сынып оқушысы: Урбесин Ақниет
Сынып жетекші: Боранбаева Адеми


Арайлы алтын күз
Біздің Қазақстанымызға алтын күз келді. Күз мезгілінде егістік піседі. Жеміс жидектерді жинай бастаймыз.Жаз бойы жасаған еңбегіміздің жеңісі мен жемісін көреміз. Ал ағаштардың жапырағы сарғайып жерге самал желмен баяу түседі. Ал біз сабаққа барамыз білім нәрімен сусындаймыз. Күзде ұстаздар мерекесі болады. Біз әрқайсымыз ұстаздарымызды құттықтаймыз. Бастауышта төрт жыл оқытып үлкен қадамға аяқ бастырған апайларға мың алғыс. Біздің алтын күзіміз қызыққа толы. Әр мезгілдің адамға берер көз қуанышы,адамға берер байлығы зор.

Орындаған 5 Ә сынып оқушысы: Садық Нұрсая
Сынып жетекшісі:Боранбаева Адеми


Қол өнер
Менің атым Назерке. Мен 5-ші сыныпта оқимын. Мен бос уақытымда колөнермен айналыысамын.Қол өнерді үйрену үшін үйірмелерге қатысамын. Мен онда түрлі нәрселер жасаймын. Мысалы: көйлек тігу,қағаздан түрлі нәрселер жасаймын. Мен әсіресе өз қолымнан туған туыстарыма,достарыма ж сыйлықтар жасап сыйлаймын. Осы жылы мен әртүрлі бұйымдар жасап сайысқа қатысып марапаттауларға ие болдым .Міне достар сендер де, мен сияқты үйірмеге қатысып, түрлі орындар ұтып алыңдар. Мен сендерге тілектеспін және әртүрлі заттарды жасауды үйретемін. Менің болашақтағы арманым тігінші болу. Қазақтың ұлттық дәстүрлі киімдерін тігу.Ол арманыма жету үшін көп еңбектенуім керек.

Орындаған 5 Ә сынып оқушысы: Азамат Назерке
Сынып жетекшісі:Боранбаева Адеми


Арайлы алтын күз

Сары далам өзіңсің,
Арайлы атқан күзімсің.
Мектепке жол бастап,
Апарасын сен өзің.

Әрқашан қуантып,
Жүресің алтын күзім.
Сап-сары болсанда,
Жарқынсың сен өзің.

Күзде жауған ақ жауыннан,
Ойнап жүрғой жапырақтар,
Алтын күзді жақсы көреді,
Ағаштар мен бұталар.

5 «ә» сынып оқушысы: Алиқызы Ардақ
Сынып жетекшісі: Боранбаева Адеми


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.