Сөз тіркесі
Астана қаласы №53 мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Серикова Шолпан Жетеновна
Сынып : 4 «Д»
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып , сөз тіркесімен таныстыру, сөз тіркесін құрастыра отырып, сөйлем құрауға дағдыландыру.
Дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы өй өрісін дамытып , өз ойын толық жеткізе білуге баулу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларлы сауаттылыққа , дұрыс мәдениетті сөйлей білуге , жылдамдыққа , ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын тапсырмалар.
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер , үлестірмелі парақтар, оқулық.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару. Әр гүлдің үлгісі таратылады. Әр кезеңде орындалған тапсырма бойынша әр бөлігі боялып отырады. Сабақ соңына дейін боялған гүл бойынша оқушылар бағаланады.
II «Қайталау-білім анасы»
Сөз тіркесі ережесін сұрау.
III.Жаңа сабақты дамыту(10 мин)
Топпен жұмыс. 1 қатар. 1- жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөз тіркесінің байланысын сызбамен көрсет. Тақтамен жұмыс.
Түнде суға бармайды. Күлді баспайды, үй жанына төкпейді. Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атпайды. Табалдырықты баспайды.
2- қатар. 3-жаттығу. Оқы, сөз тіркестерін теріп жаз.
Үлкендерден есіткен,
Сөзді ұмытпай жүргейсің.
Кіргеніңде есіктен ,
Оң аяқпен кіргейсің.
Малды теппе,
Ақты төкпе.
3-қатар.3-жаттығу Екі бағанды салыстыр. Қандай айырмашылық байқадың? Қай бағандағы сөз тіркестері сөйлем бола алады?
Күн шықты. Ертегіні оқыды
Су ақты Ауылдың айналасы
Жел соқты Ғарышқа ұшты
Балалар ойнады Күректі саптады
IV.Сергіту сәті (2 мин) «Үш тіл»
V.«Білгенге маржан» жаттығу.
Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, мақалдарды толықтыр. 2-жаттығубойынша
1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
6.Ел іші-алтын бесік
- Бірді жығады, мыңды жығады.
- Туған елдей, туған жердей.
- Білім бұлағы, өмір шырағы.
- Өнер алды
- Жау алмайды, дау алмайды.
- Білегі ауырса…
VI. Кім жылдам? Жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып, сөз тіркестерін тап. Басыңқы , бағыныңқы бөліктерін тап. Ауызша.
Ақан бала кезінен домбыра тартып, әнге құмар болды. Ол жастайынан жиын тойға жиі барды. Әнші Ақанды барған жерінде құрметпен қарсы алды. Ол жүйрік ат, қыран құс, алғып таза ұстауды армандады. Ақанға ағайындарды Құлагер деген жүйрік атты сыйға тартты.
Ақан деген кім? Ол туралы не білесіңдер?
VII.Қорытынды: «Иә , жоқ» әдісі.Мәлімет оқылады, балалар келіссе иә, келіспесе жоқ деп жауап береді.
- Екі немесе бірнеше сөздің байланысы сөз тіркесі деп аталды. «Иә»
- Сөз тіркесінде алдыңғы сөз басыңқы деп аталады. «Жоқ»
- «Аппақ парақ» сөз тіркесі. «Иә»
- «Көшеде қыдыру» сөз тіркесі «Иә»
- «Қар жауды» сөз тіркесі. «Жоқ»
VIII. Үйге тапсырма:6-жаттығу.
IX. Бағалау. Оқушылар боялған гүл бойынша бағаланады.
