Оқушылар шығармашылығы
Ұстаз – ұлт ұлағаттысы
Ұстаз дегеніміз – анамыздан кейінгі қадірлі жан. Егер де ұстаз болмаса бізге білімді кім беретін еді? Ұстаздарды көп адам бағаламайды. Жоғары оқу орнына түскен оқушылар ұстаздарына алғыс айтулары керек. Себебі, неше түрлі тілді меңгеруге, қаншама пәндерді оқуға баулыған ұстаз емес пе?
Менің ойымша, ұстаздар тіпті психологтар. Біздің мінез-құлқымызды, әдетте не істейтінімізді біліп алатындай. Үйде бізді ата-анамыз асырап, бағады. Ал қалған уақытты біз мектептегі аналарымыздың қасында өткіземіз. Балалар мұғалімді тым қатал деп ойлайды. Бірақ, шындығында ұстаздар бізді жақсы болсын деп, бізді оқытуы үшін қатал болып кетеді деп ойлаймын. Мұғалім саған шабыт, талпыныс сыйлайды, сен де мұғалімге сыйластық таныт.
«Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап»-деп, Ыбырай атамыз айтқан сөзін өзімізге өсиет қып, мәңгі жадымызда ұстауымыз керек.
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп
Жетпісбай Айару Алыбекқызы, 6 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Рахметова Нурзия Тургамбековна
Отан – оттан да ыстық
Отан – сенің туып-өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адам рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен, Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің ойымша, біз осы елде туғанымызға мақтануымыз керек. Себебі, бізде ғана көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді.
Менің ойымша, әрбір мектеп оқушысының соққан жүрек дүрсілі, Отанға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік деп соғуы керек. Бізде ғана әдемі таулар, өзендер, тарихи жерлер мен пайдалы қазбалар бар. Сол пайдалы қазбалардың бірі, қара алтын-мұнай өндіру жөнінен алдыңғы қатарда тұратын алып мемлекет болып тұрғанымыз, болашақ біз үшін құнды дүние болмақ.Өз ойымды қорытындылайтын болсам, Қазақстанда тұрғаным мен үшін бақыт. Мен де өз елімнің гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін.
Ендеше, ата-ана, ұстаздарымның айтқанын жадымызға ұстап, пайдамызды келтіретіндей азамат болып өсуім керек.
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп
Мырзабек Динара Қайратқызы, 6 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Рахметова Нурзия Тургамбековна
