Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев баяндамасының тезистері
16.10.2018 жыл. Ақпарат: http://www.edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=3186
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Елбасының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылы қосымша 20 мың грант бөлінді. Осылайша, гранттар-дың жалпы саны 2 жылдың ішінде 39 мыңнан екі есеге өсіп 69 мыңға жетіп отыр. Оның ішінде биыл 20 мыңнан бөлінген гранттары.
Қазіргі уақытта олардың барлығы бөлінді. Грантқа ие болған балалар оқуға кірісті. Яғни, 51 мың студент – бакалавриатта, 13 мыңы – магистратурада, 2 мыңнан астамы PhD программалар бойынша білім алуда.
Грантқа ие болғандар-дың жартысы, яғни 34 мыңнан астам студент техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Олардың көпшілігі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіп-сіздік, радиотехника және электроника бағытында оқиды.
5 мыңнан астам грант (2017 жылы – 3769) Серпін программасы бойынша ауыл жастары үшін қарастырылған.
Гранттардың 20%-ға жуығы мұғалімдерді, оның ішінде күшейтілген тіл-дік бағыттар бойынша, даярлауға арналған.
Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттардың құны ұлттық ВУЗ-дардың деңгейіне жетіп, 6 жүз 35 мың теңгені құрады.
Сонымен, Президенттің гранттар санын көбейтуге және техникалық, ауыл шаруашылығы гранттарының деңгейін көтеруге қатысты тапсырмасы орындалды.
Гранттар санын көбейтумен қатар, жоғары білім алуға қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылдануда:
1) Келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде, қаңтар айынан басталып, бірнеше рет өткізіледі
2) Мектеп түлектеріне шартты түрде (условное зачисление) қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі
3) Жоғары оқу орындарына шетел азаматтарын оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған
4) Шетел азаматтары үшін стипендиалды программаларды енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына қазақстандық вуздарда оқуға мүмкіндік беру
5) Магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде, оның негізі – бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас гранттар енді студенттерге беріледі және олардың жоғарғы оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады.
Бақытжан Әбдірұлы, осы тапсырманың нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Мысалы, тек қана Шығыс Қазақстан облысында шетелге оқуға кететін балалардың саны былтырғы жылғы 1 800-ден биылғы жылғы 630-ге дейін 3 есе азайып отыр. Сізге ол туралы облыста сапарда болғанда баяндады. Қазіргі кезде облыс-облыс бойынша осы ақпаратты жинап, жариялайтын боламыз.
Елбасының студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы да орындалуда.
Ол үшін барлық қажетті нормативтік актілер қабылданды, қаржыландыру сұрақтары шешілді. Кеше Министрліктің ақпарат коммуникациялық қызметінде журналисттерді жинап, ең алғашқы 7 жоғарғы оқу орындарымен және 2 жеке-меншік компанияларымен төрт мыңға жуық жататын орынға арналған шарттарға қол қойылды. Жатақхананы салу жұмыстары басталып кетті.
Енді, Бақытжан Әбдірұлы, осы шарттарды біріншіден, Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде тіркеу, және осы шарттарды Ұлттық экономика министрлігіне Бизнестің жол картасына (Дорожная карта бизнеса) енгізу керек болып тұр. Қаржы және ұлттық экономика министрлік-теріне тиісті тапсырма беруді сұраймыз.
Республика бюджетінің жобасында алдағы үш жылдық кезеңге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жалпы 15 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Жалпы он жылдың ішінде 153 млрд. теңге, 75 мың орынға көзделген.
Осы қажет-тілік-ті шешу үшін барлық тиісті шаралар қабылданды.
Алдағы 5 жылда іске асатын барлық бірінші кезектегі жобалар жер учаскелерімен қамтамасыз етілді.
Жалпы 166 жер учаскесі қарастырылған, олардың 115-і білім беру ұйымдарына берілген, 50 жер учаскесін акиматтар бөлді.
24 жер учаскесінің жобалық-сметалық документі дайын. 47 учаскенің жобалық-сметалық документі дайындалуда.
Барлық жер учаскелері, жоғары оқу орындарының жататын орындары қажеттілігі бойынша интерактивті карта дайындалды және ашық ресурстарға орнатылды. Сонымен қатар жатақханалар құрылысын бақылайтын карта дайындалуда.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүріп жатыр.
Назарларыңызға рахмет.
