Өсімдіктер бөлімі бойынша қайталау

БҚО, Зеленов ауданы, Рубежин ауылы

Рубежин ЖОББ мектеп-балабақша кешені

Сарсенова Жамал Ибрагимовна Биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер бөлімі бойынша қайталау

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушылардың өсімдіктер бөлімі бойынша алған білімдерін тиянақтап, жинақтау. Өсімдіктің құрылысы мен атқаратын қызметі жөнінде білімдерін нығайту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерінің маңызын ашу; зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, макет, тәжірбиелік ыдыстар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа деген ытасын аудару.

  1. Ой қозғау бөлімі

Не білеміз?– деген сұраққа жауап береді және сызба нұсқаларды толтырады.

  1. Электронды оқулыққа саяхат

Бұл бөлімде оқушылар элекронды оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.

  1. Ой толғаныс бөлімі

Не білдім? – деген сұраққа тәжірибе жасау арқылы жауап беру.

Оқушылар жапырақтың суды буландыратынын тәжірибе жасай отырып, көз жеткізеді.

Тамырдың жүйесін анықтайды, мұнда электронды оқулықтағы №3 зертханалық жұмысты жасайды.

Тест тапсырмаларымен жұмыс

1. Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?

А. 2 В.3 С.4

2.Өсімдіктің қай мүшесі суды буландырады?

А. Тамыр В. Жапырақ С. Сабақ

3. Ұрықтан пайда болған тамыр қалай аталады?

А. Қосалқы В. Жанама С. Негізгі

4. Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі қалай аталады?

А. Жасуша В. Ұлпа С. Мүше

5. Генеративті мүшені тап?

А. Гүл В. Тамыр С. Сабақ

Қорытындылау:

Сонымен, балалар біз бүгін өсімдіктер бөлімін аяқтадық. Өсімдіктердің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін және маңызын білдік. Осы алған білімдеріңді өмірде пайдаланып, әсем табиғатымыз бен керемет өсімдіктерімізді қорғап, аялай білейік.

ҚАЙДА СҰЛУ ТАБИҒАТ , ТІРШІЛІКТІҢ АНАСЫ
ҚОРҒАЙ БІЛ-ЕЙ АДАМЗАТ, ТАБИҒАТ ЕЛДІҢ АНАСЫ –деп біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма:

Өсімдіктер бөлімін қайталау

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Рубежин жобб мектеп-балабақша кешені Пән мұғалімі: Сарсенова Жамал Ибрагимовна биология пәнінің мұғалімі

6-сынып


Сабақтың тақырыбы:Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сыни ойлау арқылы мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшеліктерін ұғындыру. Олардың тіршілік формаларын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады;
Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;
Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;
Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;
Ақпараттық білімдері сараланады;

КЕЗЕҢДЕРІ :Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа «Ормандағы жануарлар» биінің ұимылдарын қайталау ұсынылады.

Қызығушылықты ояту:«Биолог анықтамалығы» журналы

Оқытушы мәтіннен 4-5 басты сөздерді таңдайды және тақтаға жазады.

«а» нұсқасы: Жұптарға миға шабуыл әдісімен осы терминдерге жалпы түсініктеме беруге және олар келесі мәтінде қалай қатысатынын болжауға 5 минут беріледі.

«б» нұсқасы: Оқушыларға топта немесе жеке түрде берілген басты терминдерді қолданып баяндаманың өз нұсқасын құру және жазу ұсынылады.

Жекеленген оқушыларға көмек
Үш шапалақ
Өзара бағалау
Мағынаны тану:Интернет желісі материалдары
1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын жазу ұсынылады;
2 саты: Ақпаратпен алмасу.
Тиімді пайдалануға ұсыныстар:1. 1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит;

  1. Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады;
  • Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы.

  • Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады

    Өзін өзі бағалау
    Рефлексия

    «Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекіту

    Дарынды оқушыларды анықтау :2-жұлдыз,1-тілек.

    Қорытындылау

    Үйге тапсырма: Ұлпалардың ашылу тарихы туралы мәлімет жинақтау. Тақырып соңындағы сұрақтарды жазбаша дәптерге орындау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше