РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ “ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ! ”

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

Бала тәрбиесі М.Жұмабаевтың айтуынша, сонша жеңіл нәрсе емес,бала тәрбиесі ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Балаға дұрыс тәрбиені әрбір мұғалім, ата-ана тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, еш тәрбиені оқып білмей-ақ, өз бетімен бере алмайтынын М.Жұмабаев дәлелдеген.

“Отбасы. Мектеп. Қоғам” — бірігуші күштер болып табылады. Үш одақ: отбасы құндылығынан, мектеп құндылығынан, қоғам құндылығынан тұрады.

Ата-аналармен түсінісу, келісу, кездесу, кең отырып пікірлесу, бірігу, қарым-қатынас орнату мақсатында қыркүйек айында Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда “ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол!” тақырыбында баланың жас ерекшеліктеріне қарай 3 рет Республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті.
8 қыркүйек күні 1-сыныптар, 9қыркүйек күні 10-11 сыныптар, 22қыркүйек күні 5-6-7 сыныптар ата-аналарының қатысуымен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы Акт залында болып өтті. Конференция тәртібі бойынша мектеп басшысы Жаңыл Анишқызы Орынбаева ашылу салтанатымен құттықтап, мектепке жолданған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын ата-аналарға зерделеп оқып жеткізді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.М.Муратова, Г.А.Михайлина, Г.Т.Халилова, Г.О.Божбанбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Наурызбаевалар конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасап ат салысты. Мектеп әкімшілігі мен психологтар А.К.Алехина, Ж.Куббосыновалардың шебер ұйымдастыруының нәтижесінде ата-аналар “бала тәрбиесі” жөнінде мол мағлұматтар алып, бейнебаяндарды тамашалап, ортаға ой тастап талқылады. “Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар”, “Жасөспірімнің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу”, “Отбасылық құндылықтарды нығайту”, “Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын-алу шаралары”, “Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыптарында 1сыныптар бойынша Толбасиева М.С., Валиева М., Мукашева Р., Қалқабекова С., 5-6-7 сыныптар бойынша Чеганова И., Аллашова О.С, Ахметова Г., АлтынбековаА.,Шахманова М.,Шимпулатова Н.Р., Бейсекова А.Т., 10-11 сыныптар бойынша Раджапова М.И., Матвиенко О.В., Қалқабекова С., Рахматуллаева Б.Б., ЕрназароваА.А. сынды сынып жетекшілері баяндама оқыды. Ботақараев Ә., Курбаналиева Б, Исраилова М. т.б. ата-аналар өз ой-пікірлерін ортаға салып, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп конференцияның маңыздылығына мән берді. Берері мол конференция мазмұны ата-аналар жадында ұзақ сақталары хақ.

Несіпкүл Өтебаева, Түркістан қаласы.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.