Тіл тағдыр – ұлт тағдыры
11 сынып оқушысы Исахан Аружан Бекжанқызы
Түркістан облысы Арыс қаласы Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі: Шойбекова Нурипа Темирбековна
Тіл-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Менің ана тілім-қазақ тілі. Мен үшін өз тілімнен артық керемет те қастерлі тіл жоқ.Осындай бейбітшілік заманда, бейбіт елде бақытты ғұмыр кешіп жатқан әрбір қазақ азаматтары мен азаматшалары ана тіліміздің қадір қасиетін түсіну керек. Қазіргі кезде елімізде үлкен мәселеге айналып отыр десек те болады. Есітіп те, көріп те жүрміз, жастар жағы бұрыс жағына еліктейді. Қаланың кез келген жеріне барсақ, өзіміздің қазақ балалары ана тілдерін емес, өзге ұлттың тілінде сөйлеп, басқа ұлттарға еліктеуін айдан-анық көруге болады. Міне осының барлығы баланың кішкентай кезінен бойына сіңіретін тәрбиесінен байқалады. Осылай жалғаса беретін болса, ана тіліміз мүлде жойылып кетеді деуге болмайды. Болашақ жастардың бойына патриоттық сезімді ояту керек. Сонда ғана отанын, елін, жерін, тарихын , ана тілін білетін патриот жастар өседі. Тіліміз мәңгі жасасын. Тіл болса, ұлт та болады.
