Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

10 сынып оқушысы Күленов Серікболсын Сейілханұлы
Түркістан облысы Арыс қаласы Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі: Шойбекова Нурипа Темирбековна

Өз ойым: тіліміз Түркі тілдес ұлттардың ішіндегі ең асыл, ең көркем, ең дана тіл. Тіліміздің байлығы сондай, өзге тілде қолданбайтын, мүлде аудармасы жоқ сөздерді қолданамыз. Осыған дәлел кейбір қазақ ұлтына тұрмысқа шыққан, қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт апаларымыздан: «Сіз неге қазақ тілін, қазақ ұлтын таңдадыңыз»- деп сұрақ қойсаң, олар айтады: «Қазақ тіліндегі аудармасы жоқ керемет, жанға жайлы тиетін «айналайын», «қарағым», «шырағым», «ботам» деген сөздерді естігенде, қалай қазақ болмайсың» – дейді. Орыс ұлтының өкілі, ақын Надежда Лучникова, әзірбайжан ұлтының өкілі Асылы апаларымыз қазақ ұлты, қазақ тілі туралы айтқанда көзіне жас алып, мақтанышпен айтатыны бәрімізге мәлім. Өзге ұлт осынша бағалағанда, біз неге өз тілімізді құрметтеп көкке көтере мақтанбасқа.

Бірақ бір қынжылтып, көңіліме қаяу түсіретіні Қазақстанның тұрғыны, қазақ ұлты бола тұра өз тілін, өзінің ана тілін білмейтіндер. Кез келген ұлтты алып қарасаң өз ұлтының тілін білмейді деген нәрсе мүлдем жоқ. Ал бізде ондайлар өте көп …

Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», өзге тіл үйренгеніміз дұрыс, бірақ өз ана тілімізді ұмытқанымыз, білмегеніміз өте ұят деп түсінемін. Тілімізді айқындап, қай ортада болса да қастерлеп сөйлесек, өзге елдің: «Мынау қай тіл, қай ұлт» -деп қызығушылық сезімін тудыратыны анық.

Қазақ елі көп ұлтты ел болғандықтан, тіліміз танымал. Сонда да арамызға бір орыс келсе, бәріміз соған орысша сөйлеуге таласатын елміз ғой. Ендеше сол еліктеушілікті қойып, арамызға келген өзге ұлт өкіліне қазақша сөйлеуді үйретіп, тілімізді көпке танытуға атсалысайық . Тілі жойылмаған елдің , ұлты жойылмас. Қазақ елінің, қазақ ұлтының, қазақ тілінің ғұмыры мәңгі жасасын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше